Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата28.01.2017
өлшемі2,59 Mb.
#2869
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

        Көбенов  І.   Қарусызданудың  қазақстандық  үлгісі:  [Семей  ядролық 
сынақ полигонының қасіреті туралы] / І. Көбенов // Егемен Қазақстан. - 2012. 
- 28 тамыз. 
       Күйіков  К.   Адамдар  ядролық  сынақтың  ақиқаты  туралы  білуі  шарт: 
[Кәріпбек  Күйіков,  Атом  жобасының  Құрметті  елшісі,  Семей  ядролық 
полигонының  зардаптары  туралы  әңгімелейді]  /дайындаған  Еркін  Қалдан       
/ К. Күйіков // Айқын. - 2014. - 27 тамыз. 
          Құланбай 
Ә.   Қарусызданудың  жаһандық  жаңа  кезеңі  Семей 
полигонын жабудан басталды. / Ә. Құланбай // Егемен Қазақстан. - 2012. - 30 
тамыз. 
        
Сисенбаева  А.Т.   «Ұрпаққа  ұран  болған  Ұлы  Жеңіс!»:  [Ұлы  Отан 
соғысының  жеңісіне  арналған  тәрбие  сағат:  3  сыныпқа]  /  А.  Т.  Сисенбаева    
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2013. - № 10. 
- 34-35 б. 
       Сыздықова  Б.  Елімнің  ертеңі  еңселі:  [тарихи-танымдық  ойын] 
/Б.Сыздықова //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 8. – 8-10 б. 
         Табылды  Ә.  Жаса,  Қазақстаным!:[поэзиялық  құрылым]  /Ә.Табылды 
//Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 11. – 3-5 б. 
     
 
 
27 қыркүйек -Дүниежүзілік 
туризм күні 
         Дүниежүзілік туристік ұйым  — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми 
туристік  ұйымдардың  үкіметаралық  одағы  ретінде  құрылды.  Дүниежүзілік 
туристік  ұйым  мүшелері:  толық,  қауымдасқан  және  біріккен  мүшелерге 
бөлінеді.  Туристік  ұйымның  мақсаты  —  экономика  дамуға,  халықаралық 

144 
 
өзара  қарым-қатынасқа,  бейбітшілікке,  гүлденуге,  адам  құқыларын  жаппай 
құрметтеп,  сақтауға  үлес  қосу  үшін  туризмді  дамытуға  жәрдемдесу. 
Басқарушы  органы  -  Бас  Ассамблея.  Секретариатының  тұрған  жері  — 
Мадрид  қаласы (Испания). Дүниежүзілік  Туристік  Ұйым    -  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының мекемесі болып табылады.       
        1980  ж. бастап,  Дүниежүзілік  Туристік  Ұйым мүшелері  жыл  сайын  27 
қыркүйек  күні  Дүниежүзілік  туризм  күнін  атап  өтеді.  Мерекені  атап  өтуге 
қатысты іс-шараларға: сан қилы шерулер, концерттер, туристік жәрмеңкелер, 
семинарлар,  мерекелік  астар,  би  кештері  және  мұражайларға  тегін  кіру  , 
сонымен  қатар,  туризмнің  маңыздылығын  атап  көрсететін  шараларға 
халықты тартатын орындарды көрсету кіреді. 
27  қыркүйек  күні    «Халықаралық  туризм  күніне»  орай  «Жас  турист» 
байқауын  өткізуге  болады.  Аталған  байқаудың  аясында  балалар  келесі 
тапсырмалар  орындайды:  командалардың  сап  түзеуі,  онда  сыртқы  түрлері, 
біріңғай  формалары,  таныстыру  есепке  алынады;  палаткаларды  құрастыру 
және  жинастырудан,  уақытқа  от  жағудан  сайыс;  «Өткел»,  «Тұрған 
орындарын  бағдарлай  білу»  спортық  сайыстары,  туристік  әндерді  үздік 
орындау конкурсы. Байқаудың мақсаты  - өңірде балалар мен жасөспірімдер 
туризмін  дамыту,  дені  сау  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу.  Жүлдегерлер 
дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы  
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011 
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы: Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсан № 1208 қаулысы / Қазақстан Республикасы. 
Үкімет. Қаулы //Егемен Қазақстан. - 2009. - 31 қаңтар. 
*      *     * 
      Асубаев 
Б.   Алакөлдегі 
туризмді 
дамытудың 
қазіргі 
жағдайы                      
/ Б. Асубаев, Ж. Тоғызбаева // География және табиғат. - 2012. - №3. - 12-16 б. 
      Бекбаева  Г.Н.   Қазақстан  Республикасының  туризмі  және  туристік 
нысандары  /  Г.  Н.  Бекбаева  //Қазақстан  географиясы  және  экология  = 
География Казахстана и экология . - 2011. - №5. - 7-9 б. 
     Бекбаева  Г.Н. Қазақстан  Республикасының  туризмі  және  туристік 
нысандары  /Г.  Н.  Бекбаева  //Қазақстан  Географиясы  және  экология  = 
География Казахстана и экология . - 2011. - №5. - 7-9 б. 
        Карменова  Н.  Қазақстандағы  туризмді  дамыту:  [экологиялық  туризм] 
/Н.Карменова, Ұ.Ходжаева  //География және табиғат. – 2014. - № 3. – 3-6 б. 
       Қасымова  Қ.  Қазақстанның  туризмдегі  үлесі:  [халықаралық  туризм  түрі 
туралы] /Қ.Қасымова  //География және табиғат. – 2014. - № 3. – 38-39 б. 
         
Қинаятова 
Ж.М.   Қазақстандағы 
емдік-сауықтыру 
туризмі                     
/ Ж. М. Қинаятова // Бастауыш мектеп. - 2012. - №2. - 12-14 б. 
        Молдахметұлы  Ж.   Қазақстанда  туризм  қашан  дамытылмақ?:  [қазіргі 
Қазақстандағы туризмнің мәселелері туралы] / Ж. Молдахметұлы //Айқын. - 
2014. - 17 шілде. 

145 
 
         Нарбулова  Н.К.   Туристік-өлкетану,  экологиялық  қызметті  халықтық 
педагогикамен  байланыстыру  арқылы  оқушыларды  патриотизмге  тәрбиелеу   
/ Н. К. Нарбулова //Білім берудегі менеджмент=Менджмент в образовании. - 
2012. - № 4. - 112-115 б. 
      
Рахимова  Ә.  Туризмнің  дамуындағы  топонимикалық  зерттеудің  рөлі          
/Ә.Рахимова  //География және табиғат. - 2011. - №2. - 7-11 б. 
          
Сатыбалдиева  А.   Қазақстан  туризмі:  жетістіктері  мен  болашағы          
/ А. Сатыбалдиева, А. Қасен //География және табиғат. - 2012. - №2. - 22-25 б. 
         Смайыл  А.   Мектеп  туризмін  қалыптастыруды  жүзеге  асырайық             
/ А. Смайыл // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 қыркүйек. 
 
 
 
Қыркүйек айының үшінші жексенбісі -  
Қазақстан  халықтарының  тілдері күні 
      
Осыдан  тура  17  жыл  бұрын  -  1989  жылы  қыркүйектің  22-күні 
Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда, сол кездегі 
Қазақ  КСР-нің  мемлекеттік  тілі  қазақ  тілі,  ал  орыс  тілі  -  ұлтаралық  тіл  деп 
бекітілді.  
«Қазақстан  халықтары  тілдерінің  күні»  жалпы  халықтық  мереке 
ретінде  азаматтарды  татулық  пен  бірлік  идеялары  төңірегінде  топтастыруға 
өскелең  ұрпақты  Қазақстандық  патриотизм  мен  жалпы  адамзаттық 
ынтымақтастыққа  тәрбиелеуге  қызмет  етуі  тиіс.  Бұл  мейрам    қыркүйектің 
үшінші жексенбісі күні аталып өтеді. 
      
Әр  халықтың  өз  тілі  өздері  үшін  қасиетті.  Ана  сүтімен  ұрпақтан  – 
ұрпаққа даритын да тіл. Бүгінгі күні біздің елімізде 100 – ден аса ұлт өкілдері 
бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бір  шаңырақтың  астында  тату-
тәтті өмір сүруде. 
     
Аталған  мерекеде  мектеп  қабырғасында  «Халықаралық  тілдер 
достастығы»  атты  мерекелік  кеш  өткізуге  болады.  Оқушылар  қазақ,  түрік, 
орыс,  жапон,  кәріс,  неміс,  татар    тағы  басқа  халықтарының  әндерін  айтып, 
өлеңдерін  оқып,  салт  –  дәстүрлерін  көрсетеді.  Сонымен  қатар  ұлттық  киім 
үлгілерін  көрсетеді.  Бұл  мерекеге  байланысты  мектептің  залы  әсем 
безендіріліп, әр сынып өз қалауы бойынша әр ұлтқа арналған қабырға газетін 
шығарады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
           Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Назарбаев). Жарлық              
Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2012-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы:  Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2011 ж. 29 маусым №110 Жарлығы /Қазақстан 
Республикасы.  Президент  (1991-;  Н.Назарбаев).  Жарлық  //Қазақстан 
Республикасы  Президенті  мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  актілер 
жинағы. - 2011. - № 43. - 555-қ. 
    
Назарбаев  Н.   Дүниеде  қазақ  деген  ел  барда  қазақ  тілі  мәңгі  жасай 
береді!!!:  [Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Ұлт  көшбасшысы 

146 
 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына 
арналған  салтанатты  жиналыста  сөйлеген  сөзі]  /Н.  Назарбаев  //Ана  тілі.  - 
2011. - 22 желтоқсан. 
        Айтуллина 
Б.А.   Білім 
беру 
саласында 
«Үштұғырлы 
тіл» 
тұжырымдамасын  қолдану  /  Б.  А.  Айтуллина,  В.  И.  Бурматов  // 12  жылдық 
білім беру=12-летнее образование. - 2014. - № 1. - 12-13 б. 
       Алимова  Қ.У.   Қастерлейік  Қазақтың  ана  тілін...:[тілдер  мерекесі  күні 
орыс  тілді  оқитын  оқушылардың  арасындағы  байқаудың  сценарийі]  /  Қ.  У. 
Алимова// Алматы ұстазы=Учитель Алматы. - 2014. - № 1. - 61-64 б. 
          Арыстанғалиева 
Ж.Ж.    Ана  тілім  –  ардағым:  [Қазақстан 
халықтарының 
тілдері 
күніне 
«Тіл 
білгірі» 
танымдық 
ойыны] 
/Ж.Ж.Арыстанғалиева  //Мектептегі  мерекелер:  Тәрбие  жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013.  № 9. 32-33 б. 
        Ахметова  С.  Қазағымның  тілін  біл:  [балалардың  ана  тіліне  деген 
сүйіспеншілігін  арттыру,  өзге  тілдерді  білуге  тәрбиелеу]  /  С.Ахметова 
//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 1. – 15-19 б. 
        Баяхметова  Қ.   Тілдің  мерейі  -  елдің  мерейі[  сынып  оқушыларына 
арналған  тәрбие  сағаты]  /  Қ.  Баяхметова//  Мектептегі  сыныптан  тыс 
жұмыстар. - 2014. - № 7. - 38-40 б.  
Жакакова А. Өз тіліңді құрметте: [қазақ тілінің қадір-қасиетін  түсініп, 
еліміздегі  басқа  ұлт  өкілдері  арасындағы  достық  пен  ынтымақты  дәріптеу] 
/А.Жакакова,  С.Бегманова  //Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар.  –  2014.  -   
№ 1. – 20-23 б. 
         Зейнулина  А.Ф.   Көптілдікті  дамыту  жолындағы  мемлекеттік  тіл 
мәртебесі / А. Ф. Зейнулина //12 жылдық білім беру=12-летнее образование. - 
2014. - № 1. - 40-44 б. 
        Ибраева  Н.  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына 
және  Тілдер  мерекесіне  орай  өткізілген  «Тілі  бірдің  -  тілегі  бір»  атты 
салтанатты  жиынның  сценарийі  /Н.Ибраева,  Ә.Дарменова  //Қазақ  тілі: 
мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту = Казахский язык: преподавание в 
школе, колледже и ВУЗ-е. - 2011. - №5-6. - 26-28 б.  
       Исмагулова  М.М.   «Елім  менің»  сайысы:  [Тілдер  мерекесі  декадасында 
өткізіліп  отырған  сайысы]  /  М.  М.  Исмагулова  //Мұғалім  шеберханасы  = 
Мастерская учителя. - 2014. - № 3. - 39-40 б. 
        Құсайынова  Н.  Үш  тілдің  бірлігі:  [тілге  деген  қызығушылықты  оята 
отырып,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілін  байланыстыра  сөздік  қорды  кеңейту] 
/Н.Құсайынова  //Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар.  –  2014.  -  №  6.               
– 51-53 б. 
      Мухамеджанова  З.   «1001  мақал,  101  жұмбақ»:  [Тілдер  күніне  арналған 
«1001 мақал 101 жұмбақ» атты үш тілде өткізілген ойын] / З. Мухамеджанова 
// Мұғалім.kz. Шет тілі=Иностранный язык. - 2014. - № 2. - 40-444 б. 
      Турганова  Г.   «Бір  шаңырақ  астында»  атты  Қазақстан  Республикасы 
халықтарының  тілдері  күніне  арналған  фестиваль  /  Г.  Турганова 
// Кәсіптік мектеп=Профессиональная школа. - 2014. - № 1. - 36-37 б. 

147 
 
        Федорова 
В.Г.   Интернационализмді 
тәрбиелейміз 
(Қазақстан 
халықтарының  тілдері  күніне  орай)  /  В.  Г.  Федорова  //Сынып  жетекшісінің 
анықтамалығы=Справочник классного руководителя. - 2012. - № 9. - 23-29 б 
         Шетеева  Л.   Үш  тілдің  патшалығы:  [тілдер  күніне  арналған  сайыс]       
/ Л. Шетеева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - № 8. - 57-58 б. 
 
1 қазан – халықаралық 
музыка күні 
        Халықаралық музыка күні 1975 жылы 1 қазанда ЮНЕСКО шешімімен 
бекітілді.  Халықаралық  музыка  күнін  бекіту  бастамашыларының  бірі 
композитор  Дмитрий  Шостакович  болып  табылады.  Мереке  бүкіл  әлемде 
жыл  сайын  үздік  артистер  мен  көркем  ұжымның  қатысуымен 
ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен мерекеленеді. Бұл күні әлем 
мәдениетінің  құндылығына  енген  туындылар  шырқалады.  Адам  музыкамен 
ертеден  таныс.  Африка  үңгірлерінде  жер  бетінен  жоғалып  кеткен 
тайпалардың  жартастардағы  суреттері  сақталған.  Суреттерде  музыка 
құралдары бар адамдар бейнеленген. Біз енді ешқашан ол музыканы тыңдай 
алмаймыз,  алайда  олар  бір  кездері  адамдардың  өміріне  сән  берді,  оларды 
қуантты  немесе  қайғыға  салды.  Музыканың  әсері  күшті.  Музыканы  жаны 
сүймейтіндер  әлемде  аз.  Көптеген  композиторлар  музыка  арқылы  адамның 
сезімін  беруге  тырысты.  Олардың  аттары  ұрпағымыздың  жадында  мәңгі 
сақталған.  Музыка  ескірмейді,  адамзат  жер  бетінде  өмір  сүргенше  ол  да 
тіршілік етеді. 
     
Музыкалық  білімді  оқушылар  музыка  сабағында  және  сыныптан  тыс 
шараларды  өткізу  барысыныда  алады.    Музыка  арқылы  оқушылар  әсемдік 
пен  әрсіздікті,  жақсы  мен  жаманды,  мейірімділік  пен  зұлымдықты,  қуаныш 
пен  қайғыны,  т.б.  түсініп,  ажырата  біліп,  эстетикалық  мәдениетті 
қалыптастырады. 
Эстетикалық 
мәдениет 
оқушылардың 
қатынасын 
анықтаумен қатар, олардың өміріне қуатты рухани күш ретінде көрінеді.  
     
Бүгінгі  таңда  қазақ музыкасының қайнар  көзі  –  Ақан  сері  мен  Біржан 
салдың,  Құрманғазы  мен  Дина  және  т.б.  өнері  үлгілері  –  дәстүрлі  ән  мен 
күйлерін  ұрпаққа  жеткізу  мұғалімнен  көп  шеберлікті  талап  етеді.  Осыған 
орай мектептерде музыка күнін өткізу, музыка арқылы тәлім  -тәрбие беру – 
ұстаздың  міндеті.  Осындай  мерекеде  қазіргі  тәрбиеге  сай  етіп  «Музыка 
адамзаттың  әмбебап  тілі»  атты  концерттік  сабақ,  «Музыка  әлемі  -  тәрбие 
айдыны»  атты  ән  байқауы  және  ұлттық  музыканы  дамыту  мақсатында 
«Домбыра – қазақ халқының киелі аспабы» атты тәрбие сағаттарын өткізуге 
болады.   
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      
 Ажибекова  Н.Б.   Абай  және  оның  әндері  /  Н.  Б.  Ажибекова 
// Мектептегі өнер. - 2013. - № 4.- 25-27 б. 
      
 Ахметова  А.   Ұлттық  музыканың  рөлі:[  ұрпақ  тәрбиелеудегі  ұлттық 
музыканың  рөлі  туралы,  қазақ  кәсіби  мәдениеті  өкілдерінің  әуез-әндеріне 
сипаттама беріледі] / А. Ахметова //Қазақстан мектебі. - 2013. - № 3. - 4-5 б. 

148 
 
          Базарова  И.Н.   Музыка  сабағы  -  мектептегі  эстетикалық  тәрбие 
жүйесінің негізгі түрі / И. Н. Базарова// Мектептегі өнер. - 2013. - № 1. - 20-б. 
      
 Башеева  А.  Мектептегі  эстетикалық  тәрбие  жүйесінің  негізгі  түрі  - 
музыка сабағы /А.Ә. Башеева  //Мектептегі өнер. - 2012. - №1. - 15-16 б. 
    
 Бұрханова А.Ж.    Қазақ халық музыкасын дамыту жолдары мен әдіс-
тәсілдері /А.Ж.Бұрханова  //Педагог. - 2011. - №6. - 19-22 б. 
      
Дүкембаева  С.Қ.  Қазақтың  дәстүрлі  ән  айту  өнері:  [оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  жетілдіру,  ән  айту  шеберлігін  дамыту]                          
/С.Қ.Дүкембаева  //Ашық  сабақ.  Факультативті  сабақтар  =  Открытый  урок. 
Факультативные работы. - 2012. - №2. - 59 б. 
        Жәрдемова  А.   Музыка  -  эстетикалық  тәрбие  берудің  негізі:[жас 
жеткіншектерді  тәрбиелеуде  музыканың  рөлі  жайында]  /  А.  Жәрдемова 
// Қазақстан мектебі. - 2014. - № 1. - 30-32 б. 
         Зәкіржанқызы С.   Музыка пәні ұлттық сананы қалыптастыра ала ма?    
/ С. Зәкіржанқызы // Айқын. - 2014. - 17 мамыр. 
        Құлманова  Ш.Б.   Музыка  пәнін  оқыту  барысында  шығармашылық 
тапсырмаларды  қолдану  мәселелері  /  Ш.  Б.  Құлманова,  Б.  М.  Хидирова 
// Бастауыш мектеп. - 2014. - № 3-4. - 15-18-7 б. 
      
 Момынов П.  Жастарға музыка-эстетикалық тәрбие мен білім берудің 
кешегісі  мен,  бүгіні  һәм  ертеңі:[музыкалық  білім  беру]  /  П.  Момынов                
//Мәдениет . - 2011. - №12. - 22-26 б. 
         Мусаелян  А.С.   Музыкалық  ритмика  сабағындағы  интербелесенді 
әдістер  /  А.  С.  Мусаелян  //Білім  беру  мекемесі  басшыларының 
анықтамалығы=Справочник  руководителя  образовательного  учреждения.  - 
2014. - № 4. - 49-52 б. 
        Нарымбетов 
Ғ.М.   Музыкалық 
тәрбиенің 
негізгі 
бағыттары                     
/ Ғ. М. Нарымбетов// Мектептегі өнер. - 2013. - № 4.- 20-24 б. 
         
Нұрқали 
Ж.Д.   Қасиетті 
қара 
домбыра 

ұрпаққа 
аманат                               
/ Ж. Д. Нұрқали //Жанұя мен мектептегі тәрбие=Воспитание в семье и школе. 
- 2013. - № 1. - 18-19 б. 
         Өмірзақова 
Л.   Музыка  пәні  -  талғамды  дамытудың  негізі                     
/Л. Өмірзақова  // Қазақстан мектебі. - 2013. - № 12. - 28-31 б. 
         Рыбакова  Е.А.   Халық  педагогика  негізінде  қазақ  музыка  өнерімен 
танысу әдістері / Е. А. Рыбакова  // Мектептегі өнер. - 2013. - № 2. - 25-26 б. 
      
Сақпанбаева  Л.Н.  Балалар  хор  ұжымдары,  үйірмелері,  түрлері: 
[музыка пәнінен] /Л.Н.Сақпанбаева //Ашық сабақ. Факультативті сабақтар = 
Открытый урок. Факультативные работы. - 2012. - №2. - 57-58 б. 
      
Семейбаева  Л.Т.  Музыка  сабағындағы  инновацияны  қолданудың 
психо-педагогикалық  ерекшеліктері:  [музыканы  оқыту]  /Л.Т.Семейбаева                         
//Мектептегі өнер. - 2012. - №1. - 22-23 б. 
        Тәткенова 
С.Қ.  Мектептегі  музыка  пәнінің  тәрбиелік  мәні                              
/С.Қ.Тәткенова //Педагогика және өнер =  Педагогика и искусство .  - 2012. - 
№2. - 36-38 б. 
 

149 
 
 
5 қазан –  Мұғалімдер күні 
      
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылы  20 
қаңтардағы  Жарлығына  сәйкес  жыл  сайын  қазанның  бірінші  жексенбісінде 
мұғалімдер  күні  атап  өтілетін.  2003-інші  жылғы  қарашаның    15-інде 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен  Қазақстанда  кәсіби 
және  басқа  да  мерекелердің  жаңа  тізімі  бекітілді.  Осы  Жарлыққа  сәйкес 
мұғалімдер күні - қазан айының бірінші жексенбісі деп белгіленген еді. 
1994 жылы ЮНЕСКО 5 қазанда аталып өтетін - Дүниежүзілік Мұғалім 
күнін    бекіткен.  Осыған  байланысты  Қазақстанда  2012  жылдан  бастап 
мұғалімдер күні жыл сайын 5 қазанда аталып өтілетін болды   
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  білім  беру  жүйесінің  дамуына, 
қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесін көтеруге  көп көңіл бөліп келеді.  
2012  жылдың  30  наурызында  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін 
белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту 
туралы  №393  Қаулысы  және  «Үздік  педагог»  атағын  беру  қағидаларын 
бекіту туралы №394 Қаулысы шықты.  
Конкурс  тиімді  педагогикалық  және  басқару  тәжірибесін  анықтау, 
қорыту  және  тарату,  педагогтар  мен  орта  білім  беру  ұйымдары 
басшыларының  кәсіби  және  жеке  тұлғалық  өсуін  ынталандыру,  Қазақстан 
Республикасының  орта  білім  беру  жүйесінің  даму  үрдісін  анықтау 
мақсатында өткізіледі.  
«Үздік  педагог  атағы»  меншік  нысандарына  және  ведомстволық 
бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері 
бар  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  бастауыш,  негізгі  және  жалпы 
орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру 
ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне беріледі. 
     
Қазақстанда білім беру және ғылым қызметкерлерінің 3 съезі өткізілді. 
     
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  қызметкерлерінің  І  Съезі    1998 
жылы  3-5  желтоқсан  күндері  Алматы  қаласында  өткізілді.  Съезд    ұлттық 
және  жалпыадамзаттық  құндылық  және  елде  өтіп  жатқан  білім  беру 
реформасы  жағдайында  ғылым  мен  тәжірибенің  жетістіктері  негізінде  жеке 
тұлғаның  қалыптасу,  даму  және  кәсіби  шыңдалуының  көкейкесті 
мәселелерін талдауға арналды.     
 
 Қазақстан  Республикасы  білім  беру  және  ғылым  қызметкерлерінің  ІІ 
Съезі    2001  жылы  2-3  ақпан  күндері  Алматы  қаласында  Қазақстан 
Республикасы  Тәуелсіздігінің  10-жылдығына,  сонымен  қатар  еңбек  нарқы 
жағдайында  кәсіби  бәсекелестікке  қабілетті  мамандар  даярлау  мақсатында 
білім  сапасын  көтеру,  жеке  тұлғаның  қызығушылығына,  қабілетіне  және 
білім  алу  қажетіне  және  мемлекеттік  тілді  игеруіне  сәйкес  білім  беруді 
дифференциялау мәселелеріне арналып өткізілді.     
 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  және  ғылым  қызметкерлерінің  ІІІ 
Съезі    2004  жылы  12  қазан  күні  Астана  қаласында  өтті.  Съезд  білім  беруді 

150 
 
дамытудың  2010  жылға  дейінгі  Мемлекеттік  бағдарламасын  талқылауға 
арналды.    
 
Съездің  негізгі  мақсаты  –  қоғамдық-саяси  өмірдегі  ғылыми-
педагогикалық  зиялы  қауым  рөлінің  артуын,  оның  білім  беру  және  ғылым 
саласында өскелең ұрпақты белсенді азаматтық ұстаным және Қазақстандық 
патриотизм  рухында  тәрбиелеудегі  ел  Президентінің  Қазақстан  халқына 
Жолдауын орындауға белсенді қатысуын жүзеге асыру.  
2011 жылдан бері жыл сайын пән мұғалімдері съездері өткізіліп келеді. 
 
2011  жылдың  11-12  мамыр  күндері  Астана  қаласында  Л.Н.Гумилев 
атындағы  Еуразия  Ұлттық  университеті  базасында  математика  пәні 
мұғалімдерінің І Съезі болып өтті.  
2012  жылдың  27-28  маусым  күндері  Өскемен  қаласында  Д.Серікбаев 
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті базасында 
химия және биология пәні мұғалімдерінің I Съезі болып өтті.  
2013  ж.  16-17  мамырда  Білім  және  ғылым  министрлігі  Астанада 
филологтар съезін өткізді. Осы үрдіс келешекте де жалғасын табады. 
Мұғалім - тек ғылымдарға үйретуші  емес, сондай-ақ рухани игіліктер 
мен  адамгершілік  ізгі  ниеттерді  оқушылар  бойына  сіңіруші  де.  Ұстаздар 
айрықша  азаматтық  парыз  -  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  міндетін  атқарады. 
Олардың білімі мен  тәжірибесі,  дәстүрлер  сабақтастығы  мен  жаңашылдығы 
әрбір мектептің негізі боп қаланған.  
Мектеп  қабырғасынан  әлдеқашан  алыстап  кетсе  де,  бойында  жылуы 
бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары 
мен  балалық  шағының  талай  қызықты  күндеріне  куә  болған  алтын  ұя  – 
мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. 
     
Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде  тойланатын 
ерекше мереке - ұстаздар күні. Осы күні төменгі сынып оқушылырына арнап 
«Ұстазым менің» атты ертеңгілік, «Ұстаздық – ұлы іс», «Ұлағатты ұстазым» 
атты  тәрбие  сағаты,  «Ұстаз  –  ұлы  тұлға»  атты  кітап  көрмесін  өткізуге 
болады.  Оқушылардың  күшімен  мұғалімдерге  арналған  әдеби-сазды, 
концерттік бағдарламалар, «Мұғалімдер балы» ұйымдастырылады
.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет