Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет61/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102

Түйін сөздер: дуальды оқыту жүйесі, кадрларды даярлау, кәсіпорын, жұмыскерлер, мамандар, кәсіптік оқыту, білім 

беру, мемлекеттік стандарттар, кәсіптік-техникалық білім, колледждер.

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  кәсіби  мамандандырылған  қызметкерлер  мен  жұмысшы 

кадрларының  жетіспеушілігі  байқалады.  Қазақстандық  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  қос  бағытты  білім 

берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім 

берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуалды жүйені кәсіптік 

білім беру процесіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.

Кәсіптік  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарының  жаңа  буыны  құзыреттілік  қатынасқа  негізделген, 

соған  сәйкес  қазіргі  заманғы  маман  еңбек  нарығында  және  кәсіби  салада  икемділікті,  бейімделгіштікті, 

табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт 

талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана 

емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

338


қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман 

кадрларының  жетіспеушілігін  еңсеруге  мүмкіндік  беретін  заманауи  қолданбалы  біліктілік  орталықтары 

қажет», - деді. Мемлекет басшысы колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да 

жүктеді [1].

Дуальды жүйенің негізі-студенттерді оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды оқыту әдісі әлемнің 

көптеген  елдерінде,  мысалы,  Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды,  Швеция,  Англия,  Оңтүстік  Корея 

сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде. 

Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе біздің білім беру саламызға да еніп, 

оқытудың барлық кезеңінде кәсіпорында өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіріп 

отыр. 


Дуальды жүйе бойынша теориялық оқытудан гөрі тәжірибеге басымдық беріледі, яғни болашақ маманның 

өз кәсібін жетік меңгеруіне және де жас мамандардың жұмысқа қиындықсыз орналасуына толық мүмкіндігі 

пайда болып, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің 

талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.

Дуальды жүйені біздің елімізде іске асырудың мәні зор. Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттары 

бойынша  қазір  елімізде  жастарға  кәсіптік-техникалық  білім  беруге  маманданған  896  білім  ошағы  бар. 

Олардың  325  лицей  болса,  571  колледждер.  Бүгінде  аталған  білім  ошақтарында  600,7  мың  жас  түрлі 

мамандықтарды  игеруде.  Бүгінде  кәсіптік  техникалық  білім  ошақтарында  тәлім  алған  жастардың  басым 

бөлігі  алған  мамандықтары  бойынша  жұмысқа  тұра  алмай  жатады.  Сондықтан  кәсіптік-техникалық  білім 

беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа 

оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде [2]. 

Заманауи дуальды оқыту жүйесі білім саласында елімізге енді еніп, тәжірибие мен теория арасындағы 

байланыстарды қарастырып, сонымен қатар кәсіпорынмен жұмыс жүргізуді нығайта бастады.

Биылғы  жылы  Білім  және  Ғылым  министрлігі  және  «Самұрық-Қазына»  ынтымақтастық  туралы 

меморандумға қол қойды. Алғашқы қадам дуальды оқыту жүйесiн енгiзу бойынша Меморандумның кәсiби 

техникалық бiлiмінiң қорытындысы болды. Келесi қадам бұл бағытта кадр даярлаудың жүйесiн бiрлесе енгiзу. 

Бес кәсіпорын Фонды және сегіз техникалық және кәсіптік оқыту білім саласымен бірлесе отырып әлеуметтік 

әріптестікке  қол  қойып,  бұл  екі  жақты  келісім  болды.  Қазіргі  таңда  техникалық  және  кәсіптік  оқыту  оқу 

орындармен қосымша қарым-қатынас орнатуда және елдiң батыс пен шығыс аймағын қамтуы көзделуде [3].

Әлемдік  тәжірибеге  қарағанда,  білім  берудің  дуальды  жүйесі  мамандардың  кәсіби  дайындығын 

жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп-қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске 

жол берілмейді.

Оқу процесіне дуальды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

1 талапкерлердің кәсіби өзін-өзі билеуі;

2 оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

3  студенттердің  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  бағдарламалар,  элективті  (таңдау)  курстар 

бағдарламаларын әзірлеу;

4 мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін 

біліктіліктің дамуы;

5 дуальды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге 

ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6 бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7 бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8 бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9 білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара 

әрекеттесу аясын кеңейту;

10 білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Бұл  мақсатқа  жетудің  негізі  сапалы  білім  беріп,  дұрыс  жолға  бағыттаушы,  оның  кәсіби  жетілуі  үшін 

қажетті  жағдайларды  жасаушы  –  өз  пәнін  жетік  білетін,  кәсіби  дағдылары,  педагогикалық  дарыны  бар, 

жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері [4].

Нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс  берушілермен  тығыз  байланыста  ғана  колледж  өзінің  басты 

мақсатын  –  жоғары  кәсіби  даярлыққа  және  еңбек  нарығындағы  сұранысқа  ие,  бәсекеге  қабілетті  білікті 

маманды дайындау мақсатын орындай алады.

Дуальды  оқыту  жүйесінің  элементтерін  ендіру  –  әлеуметтік  серіктестікті  күшейтуші  фактор  болып 



№ 3 (112) 2016

339


табылады. Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін ендіру, кәсіби білікті кадрларды дайындауда әлеуметтік 

серіктестікті дамытып, одан әрі жандандыру талап етеді. Дуальды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде 

компанияда өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді.

Колледждің  әлеуметтік  серіктестіктері  экономика,  құқық,  маркетинг  және  ақпараттық  технологиялар 

саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Колледждің әлеуметтік серіктестіктері 

арасында тәжірибе өтуге және түлектерді жұмысқа алатын, колледж іс-шараларына қатысатын, халықаралық 

модульдік бағдарламамен оқыту тәжірибелік жобалар дайындауда белгілі кәсіпорындар бар.

Студент оқудың бастапқы кезеңінен бастап кәсіпорын қызметкері ретінде өндіріске кірісіп, лауазымдық 

жауапкершіліктер мен функционалдық міндеттерді орындап, кәсіби құзіреттіліктерді меңгеру үшін колледжде 

дуалды  оқыту  жүйесінің  элементтері  енгізілуде:  Қазақстан  Республикасының  Заңдарына  сәйкес  нақты  іс-

әрекет ететін «Студент» оқу-зертханалық орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы барысында студенттер 

тәжірибелік дағды мен икемділікке үйренеді.

Дуальды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік 

сапаларын,  коммуникативтілігін,  жұмысқа  бейімділігін,  рухани-адамгершілік  мәдениетін  және  болашақ 

мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуальды білім беру жүйесі оқу процесіне кәсіптік-техникалық 

колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет. 

Дуальды оқытудың жүйесінің элементтерін енгізу нәтижесінде колледждің педагогикалық ұжымы жұмыс 

оқу  бағдарламасының  мазмұнын  аймақ  нарығының  сұранысына  байланысты  әлеуметтік  серіктестермен 

келісуге, оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, тұтас алғанда оқу орнында маман даярлаудың сапасын 

көтеріп колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.

Дуальдық оқыту барысында білім алушылар теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы қазіргі заманғы 

талаптарға сай техника мен технологияларды меңгеріп, танымдық белсенділіктері артып, кәсіптік іскерлігі 

мен дағдылары оқу процесі кезінде және сабақтан тыс уақытта қалыптасады.

Егемен  еліміздің  әлем  кеңістігіне  ықпалдасуы  барлық  сала  бойынша  кәсіби  деңгейі  жоғары,  бәсекеге 

қабілетті  және  елдің  дамуына  үлес  қоса  алатын  білікті  мамандарды  даярлауды  талап  етеді.  Елбасы  Н.Ә. 

Назарбаев дамудың жаңа сатысына көтерілу үшін білікті мамандардың қажет екенін баса айтқан болатын. 

Оқытудың дуальды жүйесі осы талаптарға толық жауап береді. Бұл оқыту жүйесі еңбек нарығында сұранысқа 

ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына 

кепілдік беретіндігін атап айтуға болады.

Осы  оқыту  технологиясы  бойынша  өткен  жылы  900  түлек  оқу  бітірген  болса,  оның  90%-ы  жұмысқа 

орналастырылған.  Білім  берудің  дәстүрлі  әдісімен  оқытатын  колледж  түлектерінің  82%-ы  ғана  еңбекпен 

қамтылған.

Еліміздің  білім  беру  жүйесі  ғана  емес,  экономикасына  да  жаңа  леп  әкелді  бұл  жүйе.  Дуальды  оқыту 

жүйесі  негізінде  әлеуметтік  серіктестік  аясындағы  өзара  іс-қимыл  дамып  келеді.  Отандық  және  шетелдік 

бірқатар компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Соның нәтижесінде, 

студенттер облыстың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өтуге 

мүмкіндік алды .

Ерте бейіндеу негізінде үздіксіз кәсіптік білім беру моделі мектеп оқушыларына болашақ мамандығын 

дұрыс таңдауға көмектеседі, әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Бүгінгі күні Қарағанды қаласының 10 

колледжі мен 20 мектебінде аталмыш модель қолданылып келеді.

Қазіргі кезде металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химия өндірісі, ауыл шаруашылығы және басқа да 

салалар бойынша еліміздегі 100-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдарда дуальды оқыту жүйесін енгізген. 

Кәсіпорындарда 170,3 мың адам тәжірибеден өтті өткен жылы. Сондай-ақ, 5,1 мың маманға тапсырыс берілді. 

Оларды оқыту, жұмысқа орналастыру – жұмыс берушінің мойнында.

Дуальды  оқыту  жүйесін  енгізу  келешегі,  кәсіптік-техникалық  білім  беру  ұйымдарын  кәсіпкерлердің 

басқаруына  беру,  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  принциптеріне  негізделген  жаңа  оқыту  моделін 

құру және көптеген өзекті мәселелер форумда талқыланды. Білікті кадр даярлау алдағы уақытта да бизнес-

құрылымдары мен өндірістік салада қызмет көрсететін мекемелердің сұраныстарымен жүргізілетін болады.

Қарағанды қаласы бойынша мамандар даярлаудың дуальды жүйесін енгізуді облысымызда алғашқылардың 

қатарында тәжірибеге енгізбек. Дуальды жүйенің негізі - оқушыны оқу орны мен қоса өндірісте қатар оқыту. 

Қазіргі таңда қаламызда Қарағанды агротехникалық колледжі және Қарағанды политехникалық колледжін 

алуға болады. Соның ішінде агротехникалық колледжге тоқталсақ.

Қазақстанда  мемлекет  басшысы  тапсырмасымен  техникалық  және  кәсiби  бiлiм  беру  жүйесiнің 

жаңғыртуын,  одан  әрі  іске  асыруға  тапсырмасын  берді,  себебі  бұл  жүйе  тиімді  және  бәсекеге  қабілетті 

мамандарды даярлауға мүмкіншілігі зор. Мұндай мамандарды дайындау дадуальды оқыту жүйесiніңмаңызы 

ерекше. Елбасының Қазақстан халығына 2014 жылғы жолдауында «Жақын 2-3 жылда техникалық білім беру 

және дуальдық оқыту жүйесінің ұлттық ядросың құру»,-деп атап өтті.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

340


Колледжде кадр даярлаудың дуальды оқыту жүйесі екi мамандық бойынша еңгізіледі - «Дәнекерлеу iсі» 

(саралау «электргазпiсiрушi») және «Фермерлiк шаруашылық» (саралау «жемiс көкөнiс өндiрушi»).

Жоғарыда аталып өткен мамандықтар бойынша оқу жоспарлары құрастырылған, бұл жағдайда 60 % оқу 

уақытын өндірістік тәжірибиеде өткізілді [5].

Колледжде 2012 жылдың қыркүйегінен бастап дуальды оқыту жүйесі жүргізілуде. Бұл жүйеге бір жылдық 

мерзiмi бар экспериментальды топтар алынған болатын «Дәнекерлеу iсі» (саралау «электргазпiсiрушi») және 

«Фермерлiк шаруашылық» (саралау «жемiс көкөнiс өндiрушi»). Оқыту құрам саны - 15 адамнан тұрады.

Дуальды оқыту жүйесін үйрету толық базамен қамтылған кәсіпорындар таңдалды- құрылыс компаниясы 

ТОО «Atlant Building» (жетекшісі Нефедов В.Н.) үлкен дәнекерлегiш цехпен, жөндеу базасымен,автокөлікке 

техникалық  күтiм  станциясымен,  сонымен  бiрге  ауыр  трактор  техникасымен  толықтай  қамтылған.  2012 

жылдың 1 қыркүйегінде кәсiпорынмен әлеуметтiк әрiптестiк келісімшартқа қол қойылды.

Студенттердің өндірістік тәжірибесінде алғашқы дағдылары колледждің дәнекерлегіш цехында өткізілді. 

Оқу  шарттары  колледждегі  өндіріске  жақындату,  себебі  цех  қазіргі  жабдықтармен  қамтылған:  әмбебап 

газоэлектрдәнекерлегіш бекеттерімен, оқшау газ, электрдәнекерлегіш, контактілі дәнекерлеуші, дәнекерлеуші 

аппараттарының көмірқышқыл газ, ауыспалы дәнекерлегіш аппараттарымен.

Студенттердің өндiрiстiк тәжiрибесі кәсiпорында өттi: «Atlant Building» студенттерде жұмыс орындарын 

белгілеп, тәжiрибелi жұмыскерлермен бекiтен. Дәнекерлегiш жұмыстар кәсiпорындардағана емес, сонымен 

қатар қала объектiлерiнде де студенттер өз тәжірибесін орындады.

Осы  кәсіпорында  эксперименталды  топтарына  ғана  емес,  басқа  да  мамандықтың  студенттері  өз 

тәжірибиелерін  өтті,  атап  айтқанда:  автокөлiктерді  жөндеу  слесарьлары,  тракторшылар-автокөлікшілер. 

Тәжiрибе өткен студенттерге кәсiпорын еңбекақы төледi.

Студент оқу процесі кезінде нақты өндiрiс шарттарындағы жабдықтың әр түрлерiне, жұмысқа машықтанып, 

үлкен тәжiрибе алады. Бiрақ кәсiпорын «Atlant Building» 15 түлек ішінен тек қана 7 түлекті ғана жұмысқа 

қабылдады. Ал қалған түлектерге жұмыс табылмады, яғни жұмыс беруші өндіріс 100% түлектерді жұмысқа 

орналастыру бойынша толық келісімшартты орындай алмады.

1201000  -  «Техникалық  қызмет  көрсету,  жөндеу  және  көлік  эксплутациясы»  мамандығы  бойынша 

студенттер  ЖШС  «Темір-Арқа»,  «Қарағанды  металл  өңдеу  зауыт»  өндірістерінде  2009  жылдан  бастап 

тәжірибиелерін, сонымен қатар өндірістік тәжірибелерін дуальды оқыту жүйесі арқылы жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Ресейлік кәсіпорын ЖШС «NOVA - цинк» әлеуметтiк серiктестік жұмыстың оң нәтижесін 

берді. 2009 жылы коллледж кәсіпорынмен әлеуметтік серіктестікке келісімшартқа қол қойылды. Бұл дуальды 

оқыту жүйесінің бастамасы болып табылады‚ мамандықтар 0707000 - «Техникалық қызмет көрсету және тау-

кен электромеханикалық жабдықты жөндеу», 0707012 «Жер асты электрослесарь».

2009  -  2012  жж.  кәсiпорынның  тапсырысы  бойынша  үш  жақты  келісім  арқылы  кәсіпорын  -  студент  - 

ата–аналарымен‚  оқу  орнымен  «Жер  асты  электрослесарь»  мамандығы  бойыншa  14  түлекті  дайындап 

шығарды.  Кәсiпорын  толықтай  келiсiмшартты  орындады:  тәжiрибенiң  өндiрiстiк  оқытуы,  студенттердің 

жаңа технологиялармен жұмыс істеуі толығымен қамтылды, сонымен қатар студенттер кәсіпорынан 10000 

теңге көлемiнде шәкіртақы алып отырды. Колледж бітірген түлектер «NOVA - цинк»  өндірісіне жұмысқа 

қабылданып,  онда  олар  3  жыл  (келісім  шарт  бойынша)  жұмыс  iстеп  шығуы  керек  болатын,  мұндай 

ынтымақтастық нәтижесі - оң бағасын берді. 

2013  -  2014  оқу  жылында  дуальды  оқыту  бағдарламасы  бойынша  жаңа  мамандық  ашылды  «Көкөніс 

өндіруші»  мамандық  1504000  -  «Фермер  шаруашылығы»  кәсiпорын  «Green  Tehnology».  Мамандарды 

дайындау  үшін  осы  бiлiктiлiк  бойынша  2013  жылдың  сәуірінде  колледж  аумағында  жаңадан  заманауи 

жылыжай бой көтерді, тамшы арқылы суландыру технологиясы бойынша. Студент оқу жыл ағымында кесте 

бойынша оқиды: өндiрiс – сессия – өндiрiс – колледж – өндiрiс. 

Кәсiпорын колледжді аяқтаған түлектерге жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Бұл өте маңызды 

себебі 70 % түлектер балалар үйінен, яғни әлеуметтік жағдайы да ескерусіз қалмайды.

Әлеуметтiк  әрiптестiк  жүйе  Қарағанды  Агротехникалық  колледжiнде  2007  жылдан  бері  бүгiнгi  күнге 

дейін әлеуметтiк әрiптестiк туралы 32 шартқа қол қойылған. Шартта студенттер сәйкес өндiрiстiк тәжiрибенi 

өту  үшiн  колледждiң  зертханаларында  ұстамен  бірге  өнiмдi  өндеуге  кәсiпорындардың  тапсырыстарын 

орындайды. Колледждiң базасында кәсiпорындардың қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiгiн жетiлдiру‚ жоғарлату 

курстарының‚ кадрларды қайта даярлауы, өтуi iске асырылады. 

6-сәуір 2012 жылы Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы оқытудың дуальды жүйесімен Білім және 

ғылым экс-министрі Бақытжан Жұмағұлов Қарағандыға жұмыс сапарының барысында №2 кәсіптік лицейде 

(Агротехникалық колледж) болды. Бұл білім ошағында 5 мамандық бойынша 450-ден астам студент білім 

алуда. 

Экс  министр  жұмыс  сапарының  барысында  сондай-ақ  «Имсталькон»  АҚ-ның  металл  құрылғылары 



зауытында болып, ондағы оқытудың дуалды жүйесімен танысты. Зауыт директоры Нұр Нұрғалиев өз сөзінде, 

№ 3 (112) 2016

341


«Имсталькон» АҚ кәсіптік лицеймен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беру стандарттарын жасауға 

белсенді атсалысқанын атап көрсетті. Лицей мен зауыттың арасындағы келісімге сәйкес, студенттер сабақ 

уақытының 60 пайызын өндірістік тәжірибеде өткізсе, қалған 40 пайыз уақытын - теориялық дайындыққа 

арнайды екен [6].

Колледжде  23  оқу  кабинеті,  4  шеберхана  және  4  зертхана  бар.  Кабинеттер  мен  оқу  шеберханалары 

әр  оқытушылар  мен  оқыту  шеберлеріне  бекітіп  берілген,  олар  барлық  жабдықтарға,  рәсімделуіне  және 

санитарлық жағдайына жауапты. Кабинеттің жұмыс кестесі, пайдалану ережесі мен қауіпсіздік техникасының 

ережесі бар.

Ал,  0508000  «Тамақтануды  ұйымдастыру»  мамандығына  қабылдаудың  төмендеуі  колледждің  «Жол 

картасы»  бағдарламасы  бойынша  100  адамды  аспаз  етіп  даярлаумен  байланысты.  Жоғарыда  көрсетілген 

құрам  негізі  Пришахтинск  және  Жаңа  Тихоновка  тұрғындары,  оқуға  келушілердің  басым  көпшілігі  осы 

аудандарда тұрады. 

Енді Қарағанды политехникалық колледждіне тоқталсақ. Қарағанды политехникалық колледжі 1931 жылы 

қазан айында, сол жылдары кең ауқымда дамыған тау-кен өндірісін дамыту мақсатында мамандар даярлау 

үшін ашылған. Өзінің даму жолында бірнеше сатылардан өткен: тау-кен техникумы, тау-кен механикалық 

колледжі, политехникалық колледж. Бұл өзгерістер уақыт талабына сай өзгерген болатынды. 

Бүгінде, Қарағанды политехникалық колледжі Қарағанды облысында бай материалды – техникалық базасы 

бар, тәжірбиесі мол оқытушылық құрамды, көп жылдардан бері үлгі боларлық алдыңғы қатарлы, беделді оқу 

орындарының біріне айналғаны мәлім. Колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындайды, 

оны мамандықтардың өсу динамикасынан байқауға болады. Бүгінгі таңда 19 мамандық бойынша 4 мыңнан 

артық адам білім алуда, оның 15-і техникалық мамандар категориясына жатады. Колледж 80 жылдан артық 

уақытта 28 мыңнан артық мамандар даярлаған, олардың көпшілігі кәсіпорындарға басшылық етеді, кіші және 

орта бизнестің дамуына өз үлестерін қосып келеді. 

Колледж  қазіргі  талаптарға  сай  жабдықталған  оқу-өндірістік  кешені  100  оқу  кабинеті  бар  үш  оқу 

ғимаратымен, 34 лабораториялар, оқу шахтасы, үш слесарлық- механикалық шеберханаларымен, құрылыс 

және электромонтажды полигондармен, 176 мың данадан артық кітап қоры бар екі кітапхана және оқырмандар 

залымен, мультимедиялық залмен қамтамасыз етілген.

Оқу  кабинеттері  мен  лабораторияларды  жаңа  құралдармен  жабдықтау  теориялық  білім  беру  уақытын 

азайтып,  практикалық  білімге  көп  уақыт  бөлуге  мүмкіндік  берген,  оның  мамандарды  дайындауда 

сапаны  көтеретіндігі  талассыз.  Бүгінгі  таңда  колледжде  оқу-дидактикалық  кешенді  пайдалану  тәжірбие-

эксперименттік жұмыста Uni-Train-I мультимедиялық лабороторияны, көптеген стенд-тренажерлер, стенд-

макеттер,  бағдарлама-тренажерлер,  диагностикалық  кешендерді  белсенді  енгізу  мен  пайдалануға  септігін 

тигізді. 

Қазіргі кезеңде кәсіпорындар өндірістік бәсекелестік пайда болған жаңа экономикалық талаптарға сай 

жұмыс  атқарылып  жатқанда  жас  мамандарды  даярлау  сапасының  артуына  деген  сұраныс  күрт  артқан. 

Соған орай колледж өз жұмысын жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, серіктестікте еңбек етіп келеді: 

жиырмадан артық ірі кәсіпорындармен серіктестік келісімдер жасалған, солардың ішінде тоғыз мамандық 

бойынша «МитталСтилТеміртау» АҚ бар.

Колледж екі жылдан бері Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейінгі инновациялық даму бағдарламасына 

енген Қазақстан-Ресейлік автокөлік «Азия Авто» АҚ және «КазБелаз» кәсіпорындарымен серіктестік қарым-

қатынаста қызмет етіп келеді. 

«Оқу  техникасы  және  технология»  Оңтүстік-Орал  мемлекеттік  университеті  базасындағы  Ғылыми-

өндірістік  институтымен  серіктестік  «Автокөлікке  техникалық  қызмет  көрсету,  жөндеу  және  пайдалану» 

мамандығы  бойынша  тәжірибе-эксперименттік  алаңы  –  оқу-  көрсету,  курстық  және  дипломдық  жоба 

жұмыстарында стенділер әзірлеу, студенттік конструкторлық бюросының өзіндік құнының төмен болуына 

әсер етті. 

1306000  -  «Байланыс  және  радиоэлектроника»  мамандығы  бойынша  студенттер  АҚ  Қазақтелеком,  АҚ 

Транстелеком, ТОО OldiMax, ТОО Gartex компанияларында өндірістік тәжірибиелерін өтеді.

070511  -  «Пайдалы  қазба  қабаттарын  ашық  әдіспен  зерттеу»,  071209  -  «Пайдалы  қазбалар  қабатын 

жерасты зерттеу жұмыстары», 070719 - «Тау-кен электромеханикалық жабдықты жөндеу және техникалық 

камтамасыз  ету»  мамандықтары  бойынша  студенттер  «МитталСтилТеміртау»  акционерлік  қоғамында 

өндірістік тәжіриебиелерін өтуде. 

Сонымен қатар,090603 «Жылу-энергетикалық құрылғылар», «Қарағанды Жылу» ЖШС, 090104 - «Электр 

стансалар мен подстансалардың электр жабдықтары» «Қарағанды Жарық» ЖШС», 151703 - «Коммуникация 

жүйелері  мен  байланыс  желілері»,  «Водоканал»  ЖШС  мамандықтар  бойынша  өндірістік  тәжірибиелерін 

өтуде.


Студенттік  конструкторлық  бюросы  студенттер  білім  беру  орнында  жиырмадан  артық  оқу  стенділерін 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

342


дайындады, оның жетеуі гидравлика лабораториясына, төртеуі - электроқұрылғы лабораториясына, үшеуі - 

физика және электротехника лабораториясына арналды.

Студенттік  конструкторлық  бюросы  студенттер  шығармашылық  көрмелерге,  форумдарға  ат  салысып, 

ғылыми, кәсіби және техникалық білім деңгейінің жоғарылығын көрсетіп, жобалары жоғары бағаға ие болып 

келді. Инновациялық шығармашылық жобаларға деген сұраныс колледж оқытушылары тарапынан ғана емес, 

сондай-ақ басқа да оқу орындарынан да келіп түседі. 

Барлық мамандықтар бойынша мамандар даярлауда колледждің басты мақсатының бірі – жаңа ақпараттық 

және  инновациялық  ІТ-технологияларына  үйрету  болып  табылады.  Осыған  байланысты  колледжде 

бағдарламалар әзірлеу қызметі ұйымдастырылған. «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамсыз ету» 

мамандығы  бойынша  дарынды  білім  алушылар  потенциалы  негізінде  технологияларды  қолдау  және  оқу 

процесінде пайдалану үшін үйірмелік жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі. Мынадай MULTI-TOUH және 

3D-технологиялары интерактивті тақталарда ғана емес, сонымен қатар LCD-панельдерінде жұмыс істеуге 

мүмкіндік береді.Нақ осы критерийлер Қарағанды политехникалық колледжі базасында ІТ орталығын құруға, 

онда білім алушылардың өздерінің білімдерін ақпараттық технологияларда, эксперименттік және ғылыми-

зерттеу, ұжымдық шығармашылық жұмыстарда, ал оқытушылардың зерттеу ұжымдық шығармашылығы кең 

ауқымда пайдалануларына жол ашты. 

Студенттік IT орталық жұмысы мынадай бағыттарда жұмыс атқарады:

1 Виртуальді лабораториялар дайындау;

2 Робототехника;

3 3D модельдеу;

4 Мультипликация;

5 Оқу бейнефильмдері, электрондық оқулықтар, құралдар құру.

Колледждің барлық инновациялық қызметі – бұл басты мақсатқа қол жеткізу, яғни Қазақстандағы кадрлық 

потенциал дайындауда индустриалды – инновациялық өсімді тұрақты түрде дамыту. Білім беру ұйымында 

оқыту  мен  тәрбие  берудегі  қалыптасқан  дәстүрлі,  өмір  ағымына  сай  оқыту  технологиялары,  жоғары 

шығармашылық потенциал, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі, үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау, соның 

ішінде  кәсіптік  және  техникалық  білім  саласына  көп  көңіл  бөлу-  колледждің  ертеңгі  күнге  сеніммен  аяқ 

басуына септігін тигізіп отыр. 

Дуальды  оқыту  жүйесі  алдымен  жаңа  құрал-жабдықтар  мен  өндірістегі  технологиялық  процестерді 

қолдана отырып жұмыс істеуді меңгертуді көздейді. 

Осындай мақсаттар «Техникалық қызмет және электромеханикалық құралдар» мамандығы бойынша білім 

алушыларға «Шахтер» оқыту орталығында, сонымен қатар, Көмір Басқармасы қызметкерлерінің технология 

бойынша тау-кен пәндерінің оқытушылар семинарларында өндірістік сабақтарда іске асыруға септігін тигізді. 

Дуальды  оқыту  бойынша  жыл  сайын  семинарлар  өткізіледі.  Мысалы,070511  –  «Пайдалы  қазбалардың 

кен  орындарын  жер  асты  және  ашық  түрде  игеру»  мамандығы  бойынша  мынадай  тақырыбына  семинар 

ұйымдастырылды  «Көмір  бассейні  шахтасында  өндірудің  анкерлік  бекіткішінің  қажеттілігі  және  қолдану 

нәтижесі».

Осы орайда жасалып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң 

баға алып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығын дәлелдеп, дайындау мен енгізу 

жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде дуалды оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі артықшылықтарды 

айқындайды:

- дуальды жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін – теория мен тәжірибенің 

арасындағы алшақтықты жояды;

-  дуальды  жүйенің  механизмінде  маманның  жеке  тұлғасына  әсер  ету,  болашақ  маманның  жаңа 

психологиясын жасау жатыр. Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі 

олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;

-  жұмыс  берушімен  тығыз  байланыста  жұмыс  жасаушы  оқу  орны  болашақ  мамандарға  қойылатын 

талаптарды ескеріп отырады;

- жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді [7].

Қорыта  келгенде,  егер  дуальды  жүйемен  оқыту  әдістемесі  жетілдіріліп,  заңды  түрде  күшіне  енгізілсе, 

жақсы нәтиже береді деп есептейміз:

1  дуальды  жүйе  –  оқытудың  дәстүрлі  түрлері  мен  әдістерінің  негізгі  кемшілігін,  яғни  теория  мен 

тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;

2  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мекемелері  бітіруші  түлектерін  кәсіпорындарға  жұмысқа 

орналастыру үшін жұмыстанады;

3  жұмыс  берушімен  тығыз  байланыста  жұмыс  жасайтын  оқу  орны  болашақ  мамандарға  қойылатын 

талаптарды ескеріп отырады;


№ 3 (112) 2016

343


4  әлеуметтік  серіктестіктер  өндіріс  талабына  сай,  білім  алушыға  қойылатын  біліктілік  талаптарды 

дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальды оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, 

оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;

5  әлеуметтік  серіктестіктер  мамандар  дайындау  бойынша  мемлекеттік  тапсырманы  қалыптастыруға 

қатысады;

6  оқушының  кәсіби  дайындық  деңгейін  бағалау  және  біліктілікті  тағайындау  үшін  құзырлы  мамандар 

мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады;

7 білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі құзыреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие 

болады;

8 оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.



Дуальды  жүйе  бойынша  оқыту  білім  алушылардың  кәсіби  біліктер  мен  дағдыларды,  іскерліктерді 

тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына  мүмкіндік  беріп,  түрлі  жүйелердің  –  білім, 

ғылым, өндірістің өзара байланысын, өзара әсерін, өзара бірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру 

жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет