Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет66/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102

Әдебиеттер

1 Юшко Г.Н. Научно-дидактические основы организации самостоятельной работы студентов в условиях рейтинговой 

системы обучения: Автореф. дисс... канд. пед. наук: 13.00.08. 

2  Конышева  А.В.  Организация  самостоятельной  работы  студентов  по  иностранным  языкам.  -  Изд-во  Казанского 

университета, 1981. – 176 б.

3  Серова  Т.С.  Психологические  и  лингводидактические  аспекты  обучения  профессионально-ориентированному 

иноязычному чтению в вузе. Свердловск, 1988. – 232 б.

4  Voevodina  O.S.,  Nesterova  O.I.,  Sadykova A.R.  English  for  Biotechnologists  and  Biologists.  -Ижевск:  Издательство 

«Удмуртский университет», 2012. -375 б. 

 

References

1 Ushko G.N. Nauchno-didakticheskye osnovy organizatsi samostoyatelnoi rabotu studentov v usloviyah reitingovoi sistemy 

obuchenya: Avtoref. dis... cand. ped. nauk: 13.00.08 

2 Konisheva А.V. Organizatsya raboty samostoyatelnoy raboty studentov po inostrannom yazukam – Izdatelstvo Kazanskogo 

universitita, 1981. – 176 b.

3 Serova Т.S. Psihologicheskye I lingvodidacticheskye aspekty obuchenya professionalno-orietirovannomy inoyazuchnomy 

chtenyu v vuze. Sverdlovsk, 1988. – 232 b.

4 Voevodina O.S., Nesterova O.I., Sadykova A.R. English for Biotechnologists and Biologists. Izhevsk, Izdatelstvo «Ud-

murdsky universitet», 2012.-375 b. 



Сагимбаева Д.Е. - к.п.н., доцент; Касымбекова Н.С. - к.п.н., и.о. доцента; Тажитова Г.З. - магистр, старший 

преподаватель.  ЕНУ  им.  Л.Н.Гумилева.  Организация  самостоятельной  работы  при  обучении  информативному 

чтению профессиональных текстов на английском языке на неязыковых специальностях.

Статья  посвящена  организации  самостоятельной  работы  в  процессе  обучения  информативному  чтению  на 

неязыковых  специальностях  высших  учебных  заведений.  Чтение  профессиональных  текстов  по  специальностям  и 

выполнение заданий самостоятельно по полученной информации улучшают языковой уровень студентов и расширяют 

их знания по специальности.

Ключевые слова: английский язык, информативное чтение, неязыковые специальности, самостоятельная работа, 

тексты по специальности, эффективные способы.

Sagimbayeva  D.E.  -  Candidate  in  Pedagogical  Sciences;  Kassymbekova  N.S.  -  Candidate  in  Pedagogical  Sciences; 

Tazhitova G.Z. - Master in Pedagogy, senior Teacher. L.N.Gumilyov Eurasian National University. 

The organization of independent work in teaching informative reading of professional texts in english  in non- language 

specialties.             

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

370


This article is devoted to the issues of organization of individual work of students while reading professional texts in English in 

non - linguistic specialties of higher educational institutions. Reading professional texts and fulfilling the tasks improve students’ 

language skills and expand their knowledge in their specialties. 

Key words: English, informative reading, non - linguistic specialties, individual work, professional texts, effective methods.

Редакцияға 19.02.2016 қабылданды.

ӘОЖ 538.9:004.738.5

Т. САПАРБАЕВ

1

, Г. МАСЕН

2

п.ғ.к.,аға оқытушы

1

, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты

2

СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ОҚЫТУДА ВИРТУАЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСІ

Бұл  мақалада  физика  курсының  «Сұйықтар  динамикасы»  бөлімі  талқыланып,  оқытудың  кемшіліктері  мен 

жетістіктері  анықталған.  Сұйықтың  беттік  керілу  коэффициентін  анықтау  бойынша  виртуалды  зертханалық 

жұмыс жасалып, оны пайдалану сипаттамасы жазылған, тарауды оқыту әдісі жетілдірілген.

Түйін  сөздер:  сұйықтар  динамикасы,  виртуалды  зертханалық  жұмыс,  беттік  керілу  коэффициенті,  Интернет 

желісі.

Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңында «Бiлiм мен ғылымды 

интеграциялау, оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу 

және  енгiзу,  бiлiм  беру  ұйымдарында  және  тиiстi  инфрақұрылымда  педагог  қызметкерлердiң  бiлiктiлiгiн 

арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады» 

деп, атап көрсетілген [1].

Білім  берудің  жаңа  технологияларын  жаратуда,  яғни  орта  білім  мектептерінде,  ЖОО-да,  сондай-ақ, 

«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінің оқу үрдістерінде жалпы физика курсын 

компьютер көмегімен виртуалды-зертханалық және көрнекілік түрде оқыту, демонстрациялық анимация жасау, 

физикадан  виртуалды  зертханалық  жұмыстарын  орындау  мүмкіншіліктері  жаңа  әлеуметтік-экономикалық 

және саяси жағдайларға қарай бейімделіп келеді. Интернет желісін оқығанымызда жаңа технологиялар мен 

факторлары, ақпараттық қажеттіліктің қайшылықтары мен үйлесімділік жүйесін анықтайды. Осы бағыттағы 

зерттеулердің даму деңгейі ғылым мен практиканың қажеттіліктерін жоғары денгейде қанағаттандыра алмайды. 

Оның  ең  бастысы  –  оқу  үрдісін  ақпараттандыру.  Физика  саласынан,  соның  ішінде  сұйықтар  динамикасы 

бойынша  білім  беру,  зерттеулерді,  физиканы  оқыту  теориясын,  әдістемесі  мен  оқу-әдістемелік  жүйесінің 

жоғары  денгейде  жасалмағандығын  көрсетеді.  Мұнда  ақпараттық  телекоммуникациялық  технологиялар 

бойынша мультимедиалық және виртуалды зертханалық оқу құралдарын пайдалану заман талабына сай білім 

берудің  талабы.  Жаңа  электрондық  оқулықтары  мен  әдістемелерін,  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды 

жасап, оларды жүзеге асыруда білім алушылардың адамгершілік пен тұлғалық ұстанымдарына басымдық 

беруі,  оқу  үдерісін  жаңа  деңгейге  көтеру  болып  табылады.  Сондай-ақ,  физика  пәнінің  оқытушысының 

кәсіби  дайындығын  жетілдірудегі  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларын  пайдалануы 

оқушыларға терең білім беру, физиканы оқыту теориясы мен әдістемесін және тәрбиелеу жайын елеулі түрде 

өзгертуге, жаңартуға негіз салушы болып  табылады. Бірақ, қазақ тілінде дайындалған ғылыми еңбектерде 

электрондық  оқулықтарды,  мәселен,  мультимедианы,  анимация  сияқты  технологиялық  қондырғылар  мен 

виртуалды зертханалық жұмыстарды білім беру жүйесіне енгізу, жеткілікті дәрежеде қарастырылмаған.

Виртуалды  зертханалық  құралдарды  жасап  шығару  кәсіби  мамандармен  жасалуы  керек  болғанымен, 

кейбір құралдардың авторлары физика пәнінің мұғалімдері болып саналады. Жеке мұғалімдермен жасалған 

ақпараттандыру құралдарын талдау кезінде дұрыс сипатталуы, олардағы мазмұндық материалдың және оны 

оқыту  әдістемесіне  сай  келу  -  келмеу  мәселесі  толығымен  қарастырылмаған.  Осыған  орай,  мұғалімдерге 

арналған виртуалды зертханалық құралдарды жасайтын қолжетімді технологияны ойлап табу керек, және де 

сол бағдарламаны болашақ физика, информатика пәні мұғалімдерін даярлау курсына енгізу керек. Мұндай 

жаңашылық мұғалімдерді өз жұмыстарына қатыстырумен қатар магистранттармен студенттерге де виртуалды 

зертханалық құралдарды пайдалану, оларды жасай білу ерекшелігіне мүмкіндік береді.

Физика  пәні  бойынша  оқулықтар  мен  бағдарламаларға,  сонің  ішінде  сұйықтар  динамикасына  тиісті 



№ 3 (112) 2016

371


тақырыптарға талдау жасағанымызда, орта білім мектебіне арналған оқулықтың «Сұйықтар мен газдардың 

қасиеттері»  тарауында  «Булану  және  конденсация»,  «Будың  қасиеттері»,  «Қайнау»,  «Заттың  кризистик 

күйі»,  «Сұйықтың  беттік  қабатының  қасиеттері»  тақырыптарында  сұйықтың  беттік  қабатында  пайда 

болатын құбылыстар туралы бірінші мәліметтерді игереді. Сондай-ақ, осы оқулықта «Судың беттік керілу 

коэффициентін тамшының үзілу және сұйықтың капилляр бойымен көтерілу әдістерімен өлшеу» шынайы 

зертханалық  жұмысты  орындайды  [2,  б.168-174].  Сұйық  қозғалысының  заңдылықтары,  ламинарлы 

және  турбулентті  ағыстың  түрлері,  сондай-ақ,  сұйықтардағы  молекулалық  құбылыстар,  молекулалық 

қысым, беттік керілу күші, беттік керілу коэффициенті, капиллярлық құбылыстармен түтікшенің ішіндегі 

сұйықгың қозғалысы туралы анықтамаларды ЖОО-ның техникалық мамандықтары бойынша білім алушы 

студенттермен магистранттары терең түрде дәстүрлі әдістермен үйренеді [3; 4; 5].

Оқу үрдісінде пайдаланылатын техникалық қондырғылардың дамуы қазіргі таңда, «Сұйықтар динамикасы» 

бойынша  білімді  игеру  кезінде  оқытушы  әрбір  тақырыпқа  тиісті  анықтамалармен  заңдылықтарды  білім 

алушыға жеткізуде, жоғарыда баяндалған оқулықтардағы мәліметтермен шектеліп қоймай, тақырыпқа сай 

электронды оқулық, интернет ресурстары, әртүрлі бағдарламалар көмегімен дайындалған анимациялардан, 

виртуалды зертханалық жұмыстардан пайдалану маңызды болып саналады. Оқу үрдісі түсінікті, қызықты, 

маңызды  болу  үшін  оқу  материалдарын  таңдау,  жоспарлау,  дәріске  тиісті  болған  әр  түрлі  тапсырмаларды 

орындау үшін нұсқаулар беруі тиіс. Теориялық және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде жаңа әмбебап 

әдебиеттерден,  ғылыми-әдістемелік  оқулықтардан  және  оқу  құралдардан  пайдаланумен  бірге,  Интернет 

материалдары, электронды тасымалдауышылар мен анимациялардан пайдалану, физика дәрістерінің нәтижесін 

арттырады. Бұл жағдайда оқытушылардан өзі сабақ барысын жақсы меңгерген, жоғары білім, біліктілік және 

ұғымдарды жақсы игеруді талап етеді. Осы мәселені шешу үшін орта білім мектептері, лицей және кәсіптік-

техникалық колледждері оқушылармен ЖОО студенттерін физика пәнінің «Сұйықтар динамикасы» бөлімін 

оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолданудың  мүмкіндіктерін,  виртуалды  зертханалық  жұмыстар 

мен анимацияларды, электронды оқулықтарды талқылағанда, Интернет желісіндегі http://physics.5ballov.ru 

сайтының «Анимация» блогында «Газдардың өткізгіштігіне әсер етуші процесстер», «Термик ионизация», 

«Жарық  сәулесі  ионизациясы  (фотоионизация)»,  «Электрон  соқтығысу  ионизациясы»,  «Катодтың  екінші 

электрон  эмиссиясы»,  және  «Термоэлектрон  эмиссия»  тақырыптары  бойынша  анимацияларды  пайдалану 

мүмкіндігі бар. Орта білім мектеп оқыушуларымен және студенттерге арналған http://barsic.spbu.ru сайтта 

жалпы  физиканің  «Молекулалық  физика  және  термодинамика»,  «Кванттық  және  атом  физикасы»,  және 

т.б. блогтарынан физиканың әртүрлі тақырыптарына арналған виртуалды зертханалық және анимациялық 

жұмыстар  бар,  мұндағы  виртуалды  және  анимациялық  жұмыстар  BARSIC11.23  бағдарламасымен  жұмыс 

жасайды.  ҚР-нің  http://www.physic.kz  «Физиктерді  қолдау  сайты»,  «Физика  курсы»,  «Электростатика», 

«Теориялық  механика»,  «Физика  сабағында  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын 

пайдалану»,  «Ядро  және  элементар  бөлшектер  физикасы»  бойынша  электрондық  оқулықтар,  физикадан 

ғылыми эксперименттер мен видеолар, физика, химия, биология, математика, табиғаттану пәндерінен онлайн 

тегін  интерактивті  ресурстар  жинағы,  7-11  сыныптар  үшін  сабақ  жоспарлары  және  т.б.  физика  бойынша 

қызықты  материалдармен  физика  оқытушыларымен  оқушыларына  арналған,  физикалық  процесстерді 

түсінуге  көмек  бере  алатындай,  көруге  және  көшіріп  алуға  болатындай  материалдармен  жабдықталған. 

Жалпы  білім  мектептеріне  арнаған  виртуалды  зертханалық  жұмыс  www.ziyonet.uz  сайтында  «Сұйықтың 

беттік керілу коэффициентін анықтау» тақырыппен аталады, оны зертханалық жұмыс ретінде пайдаланудың 

және орындаудың мүмкіншіліктері бар және осы сайттағы басқада виртуалды жұмыстармен анимацияларды 

«Шығармашылық жұмысты қорғау» деп аталатын дәстүрлі емес дәріс үрдістерінде пайдалану мүмкін.

Қатты, газ және сұйық денелердің қасиеттеріне арналған «Ауа ылғалдығы», «Балқу және қатаю», «Жұғу. 

Капиллярлық  құбылыстар»,  «Сұйықтықтың  беттік  керілуі»  және  физиканың  т.б.  бөлімдеріне  арналған 

анимацияларді  http://bilimland.kz/kk/home  сайытта  көруге  болады,  олардан  орта  білім  мектептерінде, 

техникалық және кәсіптік білім беруде, сондай-ақ, ЖОО-да демонстрациялық көрнекілік түрде оқыту құрал 

сипатында пайдалану мүмкін, олардан виртуалды зертханалық жұмыс ретінде пайдалану және орындаудың 

мүмкіншіліктері жоқ.

Зерттеу жұмыстарында физика курсының «Сұйықтар динамикасы» тарауындағы «Сұйықтың беттік керілу 

коэффициентін анықтау» деп аталатын  зертханалық жұмыстың жаңа виртуалды нұсқасы арнайы «Delphi» 

дәстүр көмегімен жасалған болып, оның тәжірибелік моделі 1-суретте бейнеленген.

 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

372


1-сурет. «Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау» виртуалды зерханалық жұмыстың электронды моделі.

Мұнда, сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы үзілу және капилляр түтікте сұйықтың көтерілу 

әдісі бойынша анықталады. Осы виртуалды тәжірибелік қондырғы көмегімен беттік керілу коэффициенттері 

анықталатын су, керосин, спирт, сынап, глицерин, және кастор майларымен толтырылған сұйықтар экранның 

оң бетінде, штативке бекітілген конус тәрізді шүмегі бар ыдыс, электронды таразы, стакан және үстел үстіне 

қойылған әртүрлі диаметірдегі капилляр түтікшелер экран ортасында орналасқан, сондай-ақ, осы виртуалды 

зертханалық жұмысты орындауға арналған әртүрлі түймелермен тәжірибелік қондырғылар жабдықталған. 

Жұмысты орындау үшін электронды тақтаның сол бұрышында орналасқан мемлекттік тулар мен бейнеленген 

түймелерден курсор көмегімен басып жұмысты орындау алдында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірін 

таңдаймыз. Осы кезде электронды тақтаның бетіндегі сөздер таңдалған тілге өзгереді. Жұмыс сипаттамасы 

«Теория»  түймесін  басқанда  пайда  болады,  онда  тақырыптың  қысқаша  теориясы,  виртуалды  тәжірибелік 

қондырғы суреті, жұмысты орындау тәртібі, өлшеу нәтижелерін, есептеулермен қателіктерді жазуға арналған 

кестелер, бақылау сұрақтары және әдебиеттер жазылған.

Жұмысты  орындау  үшін  курсор  көмегімен  мемлекет  туымен  бейнеленген  түймені  басып  жұмысты 

орындау тілді таңдап беттік керілу коэффициенті анықталатын сұйықты таңдап штативке бекітілген конус 

тәрізді шүмегі бар ыдысқа құямыз, шумектің көк түймесін басып сұйықты бос стақанға 10-20 тамшы сұйықты 

тамшылатып (қызыл түймесін басқанда сұйық тамшылауы тоқтайды), жалпы тамшы массасын, тамшы санын 

анықтап кестеге жұмыс орындаушы жазып алады. Мұнда, сұйық түрі, тамшы саны, тамшы массасы және 

жалпы тамшы масссасының өлшенуі экранда, автомат түрде көрінеді. Осы жұмыста түтіктің ішкі диаметрі 

3 мм-ге тең. Оқушы тәжірибені әрбір сұйық үшін 5-8 рет кайталап, өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін 

сипаттамада  көрсетілген  кестеге  түсіріп,  таңдаған  сұйық  үшін  беттік  керілу  коэффициентін  тамшы  үзілу 

әдісімен анықтайды.

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін капиллярлық құбылыс әдісімен анықтау үшін оқушы шүмектің 

жасыл түймесін басып таңдалған сұйықты стақанға құяды, мұнда электрон таразы стақанмен қоса сұйық 

массасын  көрсетеді.  Курсор  көмегімен  сұйық  құйылған  стақанды  зертханалық  үстелдің  үстіне  қойып, 

үстелдегі капилляр түтіктерден бірін таңдап (диаметрлері D=3 мм, 2 мм, 1 мм), стақандағы сұйыққа батырып, 

көтерілу  биіктігін  сызғышпен  өлшеп,  сипаттамада  көрсетілген  сұйық  үшін  беттік  керілу  коэффициентін 

сұйықтың  капилляр  түтік  бойымен  көтерілу  әдісімен  анықтайды.  Тәжірибені  әрбір  сұйық  үшін  5-8  рет 

қайталап, өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін кестеге түсіріп бақылау сұрақтарына жауап береді.

Қорыта  келгенде,  зерттеуде  ҚР  және  ТМД  елдері  жалпы  білім  мектептері,  техникалық  бағыттағы 

колледждермен  ЖОО-ның  оқулықтары,  типтік  оқу  бағдарламалары,  Интернет  сайттарындағы  виртуалды 

зертханалық  жұмыстармен  анимацияларға  талдау  жасалып  физика  курсының  «Сұйықтар  динамикасы» 

бөліміне  «Сұйықтың  беттік  керілу  коэффициентін  анықтау»  атамадағы  виртуалды  зерханалық  жұмыс 

арнайы «Delphi» дәстүрі көмегімен жасалды, орындау сипаттамсы жазылды. Жұмысты орындауға арналған 

сипаттама  ағылшын  және  орыс  тілдеріне  аударма  жасалып,  электронды  қондырғыға  орнатылды.  Зерттеу 

үрдісінде шынайы зертханалық жұмыстар орнына оның виртуалды моделі көмегімен орындаған жағдайда, 



№ 3 (112) 2016

373


зертхана құрал-жабдықтарының кемшіліктері жоқ етіліп, оқушының өз беттерінше физик білімін арттыру 

үшін қосымша мәліметтерді үйренуге болған қызығушылығы қалыптасып баруы анықталды.



Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы. 2007 жылы 27 шілде. – №319 . Статя 29.1.

2 Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 

/Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшыбаев. – Алматы: Мектеп, 2006. – 352 б.

3 Қадыров Н., Қойшыбаев Н. Механика, молекулалық физика. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 271 б.

4 Темірқұлова Н.И., Тауасаров Қ.Ә., Изтлеуов Н.Т., Абдраймова Р.Қ. Механика және молекулалық физика курсының 

практикумы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 320 б.

5 Детлаф А.А. и др. Курс физики. Изд. 4-е, перераб. Учебное пособие для вузов. – Москва: Высшая школа, 1973. – 384 

с.

References

1 Qazaqstan Respwblikasy Bіlіm twraly zanhy. 2007 zhyly 27 shіlde. – № 319. Statya 29.1.

2 Fizika: Zhalpy bіlіm beretіn mekteptіnh zharatylystanu-matematika baghytyndaghy 10-synybyna arnalghan oqwlyq. /B.Kro-

ngart, V.Kem, N.Kojshy’baev. – Almaty: Mektep, 2006. – 352 b.

3 Qadyrov N., Qojshybaev N. Mexanika, molekwlalyq fizika. – Almaty: Qazaq universitetі, 2001. – 271 b.

4 Temіrqulova N.I., Tawasarov Q.A., Iztlewov N.T., Abdrajmova R.Q. Mexanika zhane molekwlalyq fizika kwrsynynh prak-

tikwmy. – Almaty: Qazaq universitetі, 2004. – 320 b.

5 Detlaf A.A. i dr. Kwrs fiziki. Izd. 4-e, pererab. Wchebnoe posobie dlya vwzov. – Moskva: Vysshaya shkola, 1973. – 384 s.



В этой статье был рассмотрен раздел «Динамика жидкости» курса физики, определены достижения и недостатки 

обучения.  Была  разработана  виртуальная  лабораторная  работа  по  определению  коэффициента  поверхностного 

натяжения жидкости, написано описание ее использования, совершенствована методика преподавания главы.

Ключевые  слова:  динамика  жидкостей,  виртуальные  лабораторные  работы,  коэффициент  поверхностного 

натяжения, сети Интернет.

The section of physics course “Liquids Dynamics” achievements and shortcomings of teaching are identified and are consid-

ered in this work. A virtual laboratory work is developed to define the coefficient of the liquid surface tension, description of using 

is written, and the teaching methodology chapter is improved.

Keywords: The liquids dynamics, virtual labs, the surface tension coefficient, the Internet.

Редакцияға 21.01.2016 қабылданды.

ӘОЖ  37.026.9:37.036.5:372.862

К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ, М. КАМИЛАЕВА  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.

kulbaram43@mail.ru

ТТШТ-ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

Мақалада сабақтан тыс іс-әрекетте  креативті ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Авторлар 

ғылыми  шығармашылықтың  бейімделген  әдістерін  сипаттайды,  тапқыр  тапсырмаларды  шешу  теориясы 

қарастырылады.  Мектептегі  ТТШТ-ның  басты  мақсаты  ақиқатты  түрлендіруге  бағытталған  шығармашылықпен 

жүйелі  түрде    ойлауды    дамытудан  тұрады.  Шығармашылық  қабілеттілік  -  материалдық  және  рухани  мәдениет 

пәндерін  құру,  жаңа  идеялар  тудыру,  жаңа  ашылулар  жасау,  жаңалықтар  өндірісі,  бір  сөзбен  айтқанда  адам  іс-

әрекетінің әртүрлі саладағы жеке шығармашылығы. Егер баланың әрекетінде шығармашылық сипат болса, онда ол 

баланы үнемі ойлануға мәжбүрлейді және қабілеттілікті бақылау мен дамыту құралы ретінде өз бетінше сүйікті ісі 

болады.  Шығармашылық  іс-әрекет  әрқашанда  қандай  да  бір  жаңаны  жасаумен,  өзің  үшін  жаңа  білімді  ашумен,  өз 

бойыңдағы жаңа мүмкіндіктерді айқындаумен байланысты.         

Түйін  сөздер:  шығармашыл  жүйелі  ойлау,  ТТШТ-технологиясы,  миға  шабуыл  әдісі,  фокальды  нысандар  әдісі, 

синектика. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

374


Қазіргі білім беру жүйесі жас ұрпақты шынайы өмірге дайындауға бағдарланған. Еңбек нарығында мектеп 

пен жоғары оқу орындарының түлектері ізденімпаз болу үшін шығармашылық қабілетке, өз бетінше ойлау 

мен біртума қасиетке ие болу керек және де шығармашылық іс-әрекет барысында өз бетінше білім алып, оны 

талдай білуі керек.   

Баланың  осындай  жан-жақты  дамуына  тек  қана  сыныптық  жұмыстар  ғана  ұйымдастырылып  қоймай, 

сонымен бірге оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары да әртүрлі формада (үйірмелер, ғылыми қоғам және 

тағы басқалар) жүзеге асырылатын  білім ұйымдары – ең алдымен жалпы білім беру мектептері әсер етеді. 

Мұндай білім беру жүйесі тек тереңдетілген білімді алып қана қоймай, сонымен қатар ойлауды дамытудың 

ең жоғарғы шығармашылық деңгейіне жетуге әсер етеді. 

Педагогтің  міндеті  –  балаларға  қызықты  және  қолжетімді  іс-әрекетте  оларды  айқындау  және  дамыту. 

Көптеген жағдайда нәтижелер керемет, өйткені біздің жағдайда жұмысты негізінен кәдімгі қарапайым балалар 

және барлығы орындайды. Қабілеттілікті дамыту – демек, бұл баланы іс-әрекет тәсілдерімен қаруландыру, 

оның қолына кілтті, жұмысты орындау принциптерін беру, оның дарындылығын көрсету мен айқындау үшін 

жағдай жасау. 

А.  Холодная  мен  Л.С.  Выготскийдің  пікірінше  «Қабілеттілік  жай  ғана  еңбекте  көрінбейді,  ол  еңбекте 

қалыптасады, дамиды, өркендейді және іс-әрекет жоқ жерде жоғалады»,-десе, Л.С. Рубинштейн  «Адамның 

дамуы – бұл оның қабілеттерінің дамуы»,- деген пікірді ұстанады.

Осы  тұрғыдан  Л.С.  Выготский    «Қабілеттілік  мұра  болып  қалмайды,  тек  олардың  даму  мүмкіндіктері 

–  бастамасы»,  ал  А.Н.  Леонтьев  «Қабілет  пен  қызығушылық  қалыптасады  және  іс-әрекет  кезінде  ғана 

көрінеді» деп қабілеттілік ұғымын тереңдетеді. Ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі сан мен сапаға 

тәуелді болатын шығармашыл дамыған ақыл-ойдың, олардың қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғылымның, 

техниканың, өндірістің тез дамуы, сондықтан да оны қазір халықтың интеллектуалдық потенциалын көтеру 

деп атайды. 

Демек, бәрі жаңа нәрсені жасап шығарушы болу керек па? Иә! Біреулері азғантай болса да, кейбіреулері 

үлкен, бірақ міндетті түрде барлығыда жаңа. Бірақ сонша таланттыларды қайдан аламыз және сирек ... Кез-

келген бастапқы бар нәрсе, қабілеттілікке айналмас бұрын, үлкен даму жолынан өтуі керек.  Бала өмірінің 

алғашқы жылдары – бұл шығармашылық қабілеттің дамуына деген алғашқы серпіні.

Мұны  ми  жасушаларының  арасындағы  байланыстың  қандай  мөлшері  әрекет  еткенімен  түсіндіруге 

болады. Әрбір бала туғаннан ми жасушаларын байланыстырып тұратын бай талшықты торға ие, бірақ бұл 

тек потенциалды, ықтималды байланыстар. Тек белгілі бір жүйке құрылымдары іске қосылғанда, сол және 

басқа да қабілеттер қызметін бастағанда және «байланыс сызықтары» арқылы биоток жүре бастағанда ғана 

олар шынайы, әрекетшіл бола алады. Бала кішкентай болған сайын, байланыстардың түзілуі оңай жүреді, ал 

жас өскен сайын ол қиындай береді.

Қызықты, баланы сөйлеуге үйреткен кезде ешкімде де сұрақтар туындамайды. Ешкім де олармен сөйлесуді 

бастау керек па, жоқ па деп ойланбайды. Бала туылғанға дейін, олар әлі ештеңені қабылдамайтын кезде жай 

ғана сөйлеседі. Бес, он ай өтеді, алғашқы сөз айтылған сәті басталады!

Осы сәт болуы үшін жағдай алдын ала қамтамасыз етілді, олар тілдің дамуын басып озды, оны үздіксіз 

ынталандырды және мидың сәйкес бөлімдерінің жетілуі ойдағыдай өтті.

Ал, егер басқа қабілеттердің дамуында солай жасасақ ше: баланы ертерек оның алуан түрлі шығрмашылық 

әрекетін  ынталандыратын,  сондай  ортамен  және  сондай  қарым-қатынас  жүйесімен  қоршасақ?  Міне, 

шығармашылық қабілетіліктің ең тиімді дамуының маңызды шарты осыдан тұрады. Қабілеттілік деп сол және 

басқа да әрекеттің жетістігі мен өнімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиетін айтады. Маңыздылығына 

қарай, әрбір қажеттілікке өзінің қабілеті сәйкес келеді. Адамның өзінің қабілеті белгілі бір оң тәжірибенің 

барлығы  олардың  қолданылуы  сонымен  қатар,  көп  жағдайда  оның  мінез-құлқы  мен  өмірлік  әрекетін 

анықтайды  [1].  Шығармашылық  қабілеттілік  -    материалдық  және  рухани  мәдениет  пәндерін  құру,  жаңа 

идеялар, жаңа ашылулар, жаңалықтар өндірісі, бір сөзбен айтқанда адам іс-әрекетінің әртүрлі саладағы жеке 

шығармашылығы. Егер баланың бойында шығармашылық қасиет болса, онда ол үнемі ойландырады және 

қабілеттілікті бақылау мен дамыту құралы ретінде өз бетінше сүйікті ісі болады. Шығармашылық іс-әрекет 

әрқашанда қандай да бір жаңаны жасаумен, өзің үшін жаңа білімді ашумен, өз бойыңдағы жаңа мүмкіндіктерді 

айқындаумен байланысты. Бұл өздігінен білімге, қосымша жігерге деген күшті және іс-әрекеттік ұмтылыс 

(стимул) болады. Мұндай іс-әрекет өзін-өзі бағалауды нығайтады, талап ету деңгейін жоғарылатады, өзіне 

деген сенімділікті және жеткен жетістікке қанағаттану сезімін тудырады.

Отандық  педагогикада  шығармашылық  және  шығармашылық  қабілет  өте  кең  түрде  қарастырылады. 

Тек шығармашылық ойлау тұлғаның шығармашылық бағыттылығының барлық аспектілерін бейнелемейді.  

Шығармашылықта қабылдау да, елестету де, тіпті- қиял да маңызды. Шығармашылық ойлау заңдылықтарын 

түсінудегі алғашқы қадамды атақты ғалымдар жасады – ежелгі философтар Архимед, Гераклит, кейінірек 



№ 3 (112) 2016

375


Д.Бекон, Р.Декарт және басқалар. Олар шығармашылықпен аналитикалық ойлауға деген  шығармашылық 

қабілеттілікке  ие  арнайы  дайындалған  тұлғалар  айналысуға  қабілетті  деп  білді.  Олар  «құдайдың  сыйы» 

ретінде (дарындылық) арнайы дайындықты (техникалық шығармашылыққа жаттыққандық) айтты және бұл 

дарындылықты өте шектеулі, кейде тіпті дәулеті ортағы тұлғаға қосып жазды. 

Шығармашыл  адамдар  туралы  қазіргі  көзқарастар  олардың  тек  туа  бітті  бәрін  байқау  және 

айналасындағының барлығын өзгерту қабілеттерінде емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікте немесе жан-

жақты  білімде  негізделеді.  Кәсіби  шеберлікті  оқу  үдерісі  алдағы  уақыттағы  шығармашылық  іс-әрекеттің 

бірден бір факторы болып табылады. Қандай да бір іс-әрекет саласында азды-көпті маңызды жаңалық жасау 

мүмкін емес екені белгілі, егер сол іс-әрекет жөнінде жақсы және кәсіби көзқарас, елес, ой-пікір болмаса. 

Шындығында,  кейде  ерекшеліктер  болып  жатады,  бірақ  та  олар  сол  көзқарастарды  заңдылық  ретінде 

қабылдауға болатынын дәлелдейді [2].

Біз  қай  уақытта  шығармашыл  түрде  ойлай  бастайтынымызды  анықтау  өте  қиын.  Ойлау  адамның 

қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар және олардың арасындағы байланысты тануды, өмірлік маңызды 

міндеттерді шешуді, белгісізді іздеуді, болашақты болжауды көрсетеді. Ойлау – бұл ақыл-ой жұмысы, мидың 

онда сақталған білімді, келіп түскен ақпаратты қайта өңдеу және нәтижелерді алу үдерісі: басқарушылық 

шешімдері, шығармашылық өнім, жаңа білім [1]. Психологтар ойлаудың екі түрін ажыратады: конвергентті 

(жабық, шығармашылық емес) және дивергентті (ашық, шығармашылық). Конвергентті ойлауға ие тұлға типін 

«интеллектуалды», ал дивергенттіні – «креативті» деп атайды. Интеллектуал тіпті күрделі тапсырмаларды да 

шешуге дайын. Бірақ бұл «жабық тапсырмалар» деп аталатын, бұрын біреудің оған дейін қойылған, белгілі 

шешу технологиясы бар тапсырмалар. Ал, креатив тапсырманы өзі көріп және өзі қойып, берілген жағдайдың 

тар шеңберінен шығуға ұмтылады. Креативті (сыни) ойлаудың басты ерекшелігі репродуктивті ойлау мен іс-

әрекет тәжірибесінен бас тартуында болып табылады. Өйткені, ұқсастығы бойынша кез-келген іс-әрекет бұрын 

қолданылған жағдаймен сәйкес келіп отырады. Репродуктивті іс-әрекетті немесе ұқсастық бойынша іс-әрекет 

нәтижелерін қолдану әрқашанда төмен болады және ойдағыдай жетістікке жете алмауы мүмкін. Көптеген 

мақалаларда дәстүрлі мектепте білім алған бала көптеген жылдар бойы сыни ойлау қызметі жаттығуларынан 

құтылады делінген. Өйткені ондай мектептер репродуктивті ойлауды дамытуға негізделген. Оған оқулықтағы 

мәліметтерді есте сақтап және мұғалімнің алғашқы талаптарына сай сол білімді қайта еске түсіре білуі қажет. 

Бұл білімнің репродуктивті қайта өндірісі. Бірақ өмірде, кез-келген шығармашылық кәсіби іс-әрекетте сыни 

ойлау тәжірибесі ең маңызды болып табылады. Дәстүрлі сабақ пен ТТШТ элементтерімен (бұл үнемі өнімді 

оқыту) өткізілетін сабақтағы баланың интеллектуалдық белсенділігін салыстырғанда үлкен айырмашылық 

байқалады.  Дәстүрлі  сабақтарда  бала  проблемалық  жағдайда  мұғаліммен  тікелей  жұмыс  жасағанда  ғана 

интеллектуалды белсенді болады. Жалпы бұған аптасына 2 сағаттан аса сағат бөлінеді. Басқа уақытта бала 

сабақта болғандарды пассивті түрде қабылдайды. Мұғалім сыныппен жұмыс істей отырып, әрбір оқушыға 

көп уақыт бөле алмайды. Өнімді оқытуда оқушы өз бетінше жекелей немесе жұпта шығармашылықпен жұмыс 

жасайды.  Мұндай  жұмыс  оқу  күнінде  2-3сағатты  алады.  Мұндай  интеллектуалдық  үдерістер  жүктемесі 

кезінде сыни ойлау үнемі жаттығады. Мектепте репродуктивті оқытудан өнімдіге өтуі – сыни ойлау әрекетін 

қалыптастырудың алғашқы және маңызды жолы. 

Мектептегі ТТШТ-ның басты мақсаты шындықты өзгертуге бағытталған шығармашыл жүйелі ойлауды 

мақсатты дамытудан тұрады. ТТШТ-мен айналысатын балалар өте тез ойлауға үйренеді. 

ТТШТ-педагогикасының негізіне жатады:

1.  Психологиялық  инерция  шығару  тәсілдерін  меңгеруге  мүмкіндік  беретін  әдістеме  мен  технология 

(ШҚД – шығармашылық қиялды дамыту)

2.  Нақты  шығармашылық  тапсырмаларды  шешуге  деген  олардың  жалпы  ұстанымдарына,  жүйелердің 

даму заңдарына негізделген мәселелерді шешу әдіснамасы – қуатты ойлаудың жалпы теориясы (ҚОЖТ).

3. Шығармашыл тұлғаны дамыту теориясы негізінде құрылған тәрбиелік жүйе (ШТДТ).

ТТШТ-педагогикасында қолданылатын құралдар негізінде бастапқыда бұл технологияны дамытушылық 

оқытумен  жақындастыратын  проблемалық-іздеу  әдісі  жатады.  Сонымен,  ТТШТ-лық  оқыту  кезінде 

оқытушылардың алдына мәселе қойылады, бірақ оларды шешу үшін проблемалық тапсырмаларды шешуде 

жетістікке жетуге көмектесетін құралдар ұсынылады.

Оқыту кезінде шығармашылық үдерістердің бағыттылығы мен басқарушылығы басты болып табылады, 

әдістер ретінде ой-елесті белсендірудің алгоритмдік емес әдістері сияқты ТТШТ-да дайындалған қиялдаудың 

алгоритмделген әдістері де қолданылады. Ой-елесті, қиялды белсендірудің алгоритмдік емес әдістеріне миға 

шабуыл, морфологиялық талдау, фокальды нысандар әдісі, синектика жатады.

Жаңа идеяларды жандандырудың ең белгілі және кеңінен қолданылатын әдісі америка инженері А.Осборн 

ұсынған «миға шабуыл» әдісі болып табылады [1, 2].


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

376


Бұл қазір де өте кең таралған жаңа идеяларды ұжымдық іздеу кезінде  шығармашылық ойлауды белсендіру 

әдісі болып саналады.

Миға шабуыл шығармашылық бірлестікте жекелеген мүшелердің ұйымдасқан топтарының жаңа идеяларды 

іздеу және табу әдісін көрсетеді. Бұл атау қарастырылатын мәселені шығармашылық шешуде топтың бүтін 

бір  ми  ретінде  шабуыл  жасауымен  байланысты.  Жұмыс  бірнеше  кезеңде  жүреді:  дайындық,  шабуылды 

жүргізу, бағалау және идеяларды іріктеу, қайта өңдеу және өте құнды идеяларды дамыту. Дайындық кезеңінде 

тапсырма  дәл  тұжырымдалады  және  жазылып  отырады  (жалпы  мағынада).  Дайындыққа  сонымен  бірге 

нақты материалдардыіріктеу кіреді: ұқсастықтар; іс-әрекет принциптері туралы мәліметтер нысаны. Миға 

шабуылдың мәні – көбінесе идеялар сараптамасынан кейінгі интуиция негізіндегі мәселені шешу жолдарын 

бірлесіп іздеу. Әдіс іздеудің инерциялық бағыттылығынан құтылуға мүмкіндік береді, адамның ассоциативтік 

қабілеттерін белсендіреді. Миға шабуылдың модификациялар қатары белгілі: тапсырманы топтық орындау, 

идеялар  конференциясы,  жаппай  миға  шабуыл  және  т.с.с.  [3].  Миға  шабуыл  әдісімен  оқыту  нәтижесінде 

оқушыларда қандай да бір ой-пікірлерді басқалармен талқылауға ынта-жігері пайда болады, бұл кезде «Бірге 

ойланайық...», «Қалай жасауға болады...», «Не болады, егер...» деген сөйлем типтері белсенді қолданылады.

1. Отбасың бір айға демалысқа кетеді. Бөлмедегі гүлдерді суару керек. Не істеуге болады?

2. Сағат жоқ болса, уақытты қалай анықтауға болады?

3. Егер төбеге дейін фонарь шамының жарығы жетпесе, ал қабырғаға жармасу мүмкін емес болса, үңгірдің 

биіктігін қалай өлшеуге болады?

4. Ирек-ирек құбырдың ішін тазалау керек. Не істеуге болады?

5. Жаңа теңдессіз табиғи құбылысты ойлап табыңыз. Қиялдау үшін өзіңе қалай көмектесуге болады?

6.  Жердің  ірі  астероидтармен  соқтығысу  қауіптілігі  бар.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  іс-шаралар  жүйесін 

ұсыныңыз. 

Мұндай  кезде  балалар  алуан  түрлі  жауаптар  нұсқаларын  тыңдауға,  туындаған  мәселені  талқылауға, 

көптеген алуан түрлі идеяларды ұсынуға идеяларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және ең өнімдісін 

таңдауға үйренеді. Ұсыныстарды қайта қарауға мүмкіндік бермейтін идеяларды жаңғырту ретсіз, кездейсоқ 

жүреді.


Синектика әдісінің негізінде әртүрлі ұқсастықтарды қолдану жатыр: тікелей, жеке (эмпатия), символикалық, 

фантастикалық. Тікелей ұқсастықтарды қолданғанда білімнің басқа саласынан шешімдер тасымалы жүреді; 

эмпатияны қолдана отырып, адам өзгергіш нысан образында болып үйренуі керек және алынған сезімділік 

ассоциацияны  ұсыну  негізіндегі  мәселені  шешу;  символикалық  ұқсастықты  қолдану  барысында  өзгергіш 

нысан  метафора,  поэтикалық  бейне  көмегімен  сипатталады;  фантастикалық  ұқсастық  фантастикалық 

жағдайда нақты шектеулерсіз бәрі мүмкін жағдайда нысанның өзгеруін болжайды. 

 Синектика әдісі арқылы оқыту негізінен нысанды және жағдайды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарау 

білігін,  педагогтың  берген  шарттарының  көмегімен  қарапайым  нысандарға  көзқарасын  өзгерту  білігін 

дамытатын,  жанашырлық,  өзара  түсіністік  және  толеранттылық  сезімін  тәрбиелейтін  жеке  ұқсастықты 

пайдалануды көздейді.

Идеяларды  жаңғыртудың  алгоритмдік  емес  әдістердің  артықшылықтарына  игерудің  қолжетімдігін, 

қиялды  дамытуда  қолданылуы  мүмкін  жаңа  идеялардың  санының  өсуін,  күрделі  емес  тапсырмаларды 

шешу  мүмкіндігін  жатқызуға  болады.  Г.С.  Альтшуллер  ұқсастықтары  бойынша  ТТШТ-да  қолданылатын 

типтік әдістермен қарама-қайшылықтарды шешуді, қиялдаудың типтік әдістерін, шығармашылық үдерістің 

басқарушылық  деңгейіне  шығуға  мүмкіндік  беретін  оқытуды  әзірледі  [1].  Нысандардың  фантастикалық 

өзгеруі келесі тәсілдерге бөлінеді: өсу – кему, бөлшектену – бірігу, динамизация – статика, жылдамдату – 

баяулату,  арнайыландыру    –  әмбебаптандыру,  жандандыру  тәсілі,  уақыттың  өзгеру  тәсілі;  керісінше  тәсіл 

және басқалар. 

Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту оқыту кезінде шығармашылық өнімді құрідағы алгоритмдік 

іс-шараларды қолдануды көздейді: жұмбақ жаттау (А.А. Несеренко әдістемесі), әдеби шығармалар бойынша 

«Иә-Жоқ»    пікірсайысын  құрастыру  (Т.А.  Сидорчук  әдістемесі),  суретке  бойынша  әңгіме  құрастыру 

(Мурашковский әдістемесі), қозғалмалы ойындар синтезі (М.С. Гафитулин, С.В. Сычев әдістемесі).

А.А.  Нестеренконың  жұмбақ  жаттау  алгоритмі  өзінің  әмбебаптығының  арқасында  оқытудың  барлық 

кезеңдері бойы қолданыла алады [6]. Сыныптан тыс іс-шараларда ТТШТ-технологиясы жиі қолданылады: 

- Елестетуге арналған «Антиуақыт», «Күлкілі жаттығу» ойындары;  

- Логикалық және ассоциациялық ойлауды дамытуға арналған тесттер; 

- Логикалық тапсырмалар – «Шерлок Холмстың тапсырмалары», «Ойлан, тап»: 

- Түнде күн қайда кетеді? 

- Неге біз Айда скафандрсыз өмір сүре алмаймыз? 


№ 3 (112) 2016

377


- Кемпірқосақ қалай пайда болады? 

Интеллектуальды ойындарда шығармашылық тапсырма – стандартты емес жағдайда тез шешім қабылда. 

Бірінші  орынға  индукцияны,  дедукцияны  ұшқыр  қиялды  және  с.с.  талап  ететін  логикалық  операциялар 

шығады. 


Танымдық  ойындар  оқыту  мен  тәрбиелеу  бірқатар  міндеттерін  бірден  шешуге  мүмкіндік  береді.  Олар 

шығармашылық қабілеттің дамуының тамаша құралы болып табылады. Бұл ойындар баланың дүнетанымын 

кеңейтудегі қажеттілікті қалыптастырады, шығармашылық ойлауды дамытады. Оларға танымдық ойындардың 

барлығы – «Эрудиттер сайысы», «Не? Қайда? Қашан?», КТК (көңілді тапқырлар клубы) байқаулары, білгірлер 

сайысы, викториналар жатады. 

ТТШТ-технологияларын қолдана отырып, балалардың ұсынылған алгоритмдерді үлкен қызығушылықпен 

меңгеретінін байқауға болады және оларды өзіндік оқу және сыныптан тыс іс-әрекетте ойдағыдай қолданады. 

ТТШТ-технологиясын пайдалану нәтижесі - оқушылардың алған білімдерін шығармашылықта қолдануды 

қамтамасыз етеді, белсенділігі мен мотивациясын көтеруге әсер етеді, өз бетінше ұйымдастыру мен жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. Әмбебап шығармашылық қабілеттілік – бұл жеке ерекшеліктер, адамның әртүрлі 

шығармашылық іс-әрекеттегі жетістігін анықтайтын қасиеті. 

Балалық  шақ  шығармашылық  қабілеттің  дамуы  үшін  бай  мүмкіндіктерге  ие.  Өкінішке  орай,  бұл 

мүмкіндіктер уақыт өте келе қайтымсыз түрде жойылады, сондықтан да оларды мектептегі кішкентай кезінен 

бастап мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек. Шығармашылық қабілеттің дамуы тек олардың қалыптасуына 

қолайлы  болатын  жағдайды  орнатқанда,  белгілі  бір  шарттарды  құрғанда  ғана  ойдағыдай  болуы  мүмкін. 

Ондай шарттарға жатады:

1. Балалардың физикалық және интеллектуалдық ерте дамуы;

2. Баланың дамуын анықтайтын жағдайды жасау;

3. Бала өзінің мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейіне дейін жетуді талап ететін өз бетінше шеше алатын 

тапсырмалары;

4. Іс-әрекетті таңдауда балаға еркіндік беру, істің қайталануы, бір іспен айналысу уақытының ұзақтығы 

және т.с.с.

5. Үлкендердің достық көмегі.

6. Жайлы психологиялық жағдай, үлкендердің баланы шығармашылыққа ұмтылысын ынталандыруы.

Тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тиімді 

дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар қажет:

1. Мектептерде білім беру бағдарламаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы 

сабақтарды енгізу.

2. Бейнелеу, ән, еңбекке баулу сабақтарында балаларға шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды беру, 

ТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдануды ендіру.

3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын арнайы ойындарды қолдану.

4.  Ата-аналармен  жұмыс.  Ата-аналар  жиналысының  тақырыптық  жоспарына  ТТШТ-технологиясы 

тәсілдерін кіргізеді. 

ТТШТ-технологиясының  әдіс-тәсілдерін  меңгере  отырып,  шығармашылық  еңбекті  ұйымдастыру 

тәсілдерін оқиды, жұмбақтар, метафоралар және ертегілерді жаттауды үйренеді, психологиялық инерцияны 

жеңуді үйренеді. Балаларда жаңалыққа деген ұмтылыс пайда болады. Іс-әрекеттің алуан түрлерін орындай 

отырып, балалар өздерінің шығармашылық өнімдерін жасайды. Тіпті ең әлсіз баланың өзі әрқашан өзінің 

маңыздылығын  сезінеді,  өз  күшін  тексереді,  өзін  жаңаны  жасаушы  ретінде  сезінеді.  Ал,  «мадақтауға» 

шығармашылық  қуанышы,  «Мен  жасай  аламын»,  «Менің  қолымнан  келеді»  деген  сезімдер  қызмет  етеді. 

ТТШТ әдіс-тәсілдерін қолдану оқу іс-әрекетінің мотивациясына, танымдық қызығушылықтың жоғарылауына 

әсер етеді, және оқушылардың білім сапасын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет