Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет294/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   963
№ 3 (106) 2015

177


бір  нұсқасы  қазақша-қытайша  жазылған  және  бір  нұсқасы  манжүрше  (манзу  тілінде)  жазылған. 

Құжаттың  жазылған  кезі  Чиң  патшалығы  Гуаңшүи  патшаның  9-жыл  (1883  жыл)  [2,  260].  Ал 

Шыңжаң  өлкесінің  қазақтарға  қатысты  заң-ережелері  де  шағатай  жазуымен  қазақша  жазылып 

отырған. Бұл фактінің өзі, қытайдағы қазақ қоғамында жазу мәденитетінің болғандығы, сондай-

ақ қазақ билеушілері мен жоғары сатыдағы өкілдерінің шағатай жазуынан сауатты болғандығын 

аңғартады.

Қытайдағы қазақтар діни оқу арқылы арабша жазудан сауат ашады да, араб графикасы бойынша 

жасалған  шағатайша  жазумен  қазақша  жазған.  Олар  шағатай  алфавитіндегі  жазуды  1924  жылы 

Ахмет  Байтұрсынұлының  төте  жазуы  қолданылғанға  дейін  үздіксіз  пайдаланып  отырған.1965 

жылдан бастап Қытай жазуының дыбыстық бейленеуі негізіндегі латын әліпбиі жасалып, ол 1982 

жылға дейін пайдаланылады. Одан кейін А. Байтұрсынұлы жазуы негізіндегі төте жазу қайтадан 

қолданысқа енді. Қазірде осы жазу қолданылады[2, 262].

Соңғы  жылдары  «қос  тілді  оқыту»  дейтін  жаңа  бағдарламаға  сәйкес  қазақ  мектептерінде 

сабақтар қытайша жүргізіле бастады. Тек қана қазақ тілі мен әдебиет пәнідері қазақша өтеді [3, 

314].  Бұл қытайдың өздері жасаған автономия саясатына сәйкес келмесе де, кешегі Кеңестер Одағы 

жүргізген «орыстандырудың» қытайлық бейнеленуі болып отыр.

Қорытып  айтқанда,  1920  жылға  дейінгі  Қытайдағы  қазақтардың  жазба  әдеби  мұрасы  екі 

саладан құралған. Оның бірінші саласы – әкімшілік құжаттар. Бұған қазақ билеушілерінің қытай 

үкіметтеріне жазған хаттарын және қытай үкіметтерінің қазақтарға арнап жазған қазақша хаттары 

мен  шығарған  заң-жарлықтарын  жатқызуға  болады.  Өйткені  үкіметтің  ресми  құжаттарының 

қазақша жазылуы – қазақ халқында (қытайдағы қазақ қауымында) өзіндік жазудың бар екендігін 

мойындағандығын аңғартып қана қоймай, қазақша жазудың дамуына да пәрменді түрде қозғаушы 

күш  болғандығы  белгілі.  Сондықтан  сол  кезде  қазақша  жазылған  үкімет  құжаттарының  саны 

шамалы  болса  да,  оның  қазақша  жазба  әдебиетінің  дамуына  тигізген  ықпалы  зор  болғандығын 

ескермеуге болмайды. Ал оның екінші саласы – Қытайда өмір сүрген қазақ қаламгерлерінің өздері 

жазған әдебиеті болып табылады [2, 274].

Қытайдағы  қазақтардың  1920-жылдарға  дейін  жазған  шығармалары  өз  кезінде  баспадан 

шықпауының  үлкен  тарихи  себептері  бар.  Атап  айтқанда,  ол  кезде  қытай  қоғамы  өте  мешеу 

болған.  Әсіресе  Шыңжаң  қоғамы  орта  ғасырлық  мешеулік  күйде  тұрңандықтан,  бүкіл  өлке 

бойынша қазақша басатын бірде-бір баспа техникасы болмапты, тіпті қытайша басатын бірер баспа 

машинасының да сапасы тілге тиек етуге тұрмайды екен. Оның үстіне Шыңжаң губернаторының әр 

ұлт халықтарының надандастырып билеу саясатының салдарынан, Тянь Шань тауының күнгейі мен 

теріскейін мекендеген жергілкті халықтардың оқу-ағарту, мәдениет істері үкімет тарапынан қолдау 

көрмегендігі[2, 275]. Сонымен бұқаралық көмекпен жасалған тірліктің қашанда баяу болатындығы 

осыдан байқалады.

Ал мәселені өз жағымыздан қарастыратын болсақ, қазақтың дәстүрлі қоғамдық  өндіріс формасы 

мен тұрмыс формасы да, осы заман мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына тиімсіз болғандығын 

мойындамауға болмас.

Тарихта талай жазу формасын қолдансақ та, баспа арқылы олар үрдіс жалғасып отырмағандықтан, 

ол  жазулар  дамып  жаңғырып  отырмады,  керісінше  тарихи  сабақтастығы  үзіліп  қалып,  қашанда 

жазуды жаңадан бастауға тура келіп отырған. Осындай күйде Қытайға ел болған қазақтар Шыңжаң 

жеріне орныққан соң ғана, арабша әліппе үйреніп, қазақша жаза бастады. Соған қарамастан, олар 

оқу-ағартуға ден қойып, жаңалыққа бет алуларын ‒ қоғамдық прогрестікке жатқызбасқа болмайды. 

Қысқасы,  XX  ғасырдың  басында  Қытайдағы  қазақтардың  оқу-ағартуы,  білім  беруі  мен  жазу 

мәдениеті енді-енді қалыптасу кезеңіне қарай қадам басқан еді деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет