Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет416/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

250


Сөздің лексикалық мағынасының  құрылымын зерттеуші Ғ.Хасанов  сын есімдердің денотаттық 

компоненті  әлсіз  болғанымен,  сигнификаттық  компонентінің  күшті  болатындығын,  себебі 

сигнификаттық компонент заттың не  құбылыстың елеулі  белгілерін қамтитындығын айтады [3,14].

Семантикалық  өріс  құрылымы  әдетте  компоненттік  талдау,  оппозитивтік,  дистрибутивтік, 

трансформациялық талдау әдістері арқылы зерттеледі.

Соңғы  он-он  бес  жыл  ішінде  лексикологияда    компоненттік  талдау  әдісі  кеңінен  сөз  етіле 

бастады. Түбі семантикалық өрістен туындаған бұл тәсіл о баста түлі терминдермен аталып жүрді. 

Мысалы, мағына (мазмұн) компоненттері немесе семантикалық компоненттер, дифференциялды 

элементтер, мазмұн фигрулары, семантикалық көбейткіштер, дифференциялды белгілер, ноэмдер, 

семалар т.б. Алайда тілші ғалымдар сема терминіне тоқталды. 

Тіл-тілде  туыстық  атаулар  компоненттік  талдаудың  ең  жақсы  үлгісін  көрсетеді.  Бұлар  бір 

семантикалық  өріске  жатады.  Семалардың  өзі  архисема,  дифференциалдық  сема,  потенциалдық 

семалардан  тұрады.  Ал  олардың  әрқайсысы  жеке  түсініктермен  талданады.  Ондай-ақ  олар 

лингвистикалық концепцияның тағы бір бағытын айқындайды. Сонымен семантикалық компонент 

деп аталған талдау түрі  сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда: коннотативтік, денотативтік, 

эмприкалық, прагматикалық, ситуативтік т.б. әдістермен жүзеге асырылады. Сөздердің семантикалық 

компоненттерін  айқындауда  аталған    түрлерінің  өзіндік  талдау  жолдары    бар.  Мәселен,  сөздің 

қосымша  мағынаға  ие  болуы,  оның  коннотативтілігіне  байланысты  болса,  сөздің  эмоция  мен 

сезімге қатысын оның эмоционалдығы, ал сөздің айналадағы қоршаған заттардың атауын, қасиетін, 

түрлерін білдіруі – денотаттығы, адам мен заттың арасындағы байланыс – прагматикаға қатысты 

болады [4,12-13].  

Семасиологиядағы  ең  қолайлы  әдістердің  бірі  —  компоненттік  талдау  әдісі.  Компоненттік 

талдау  оппозитивтік  талдаудың  құрамдас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Бұл  әдіс  –  тілдегі  әрбір 

бөлшектердің мәнінің семан-тикалық компоненттер (семалар) жиынтығынан тұрып, тілдің сөздік 

құрамының  мазмұнын  бірнеше  семантикалық  белгілердің  көмегімен  айқындайтындай  ғылыми 

болжамға негізделген.

Компоненттік талдау әдісі (КТӘ) - фонологияда, морфология мен синтаксисте де қолданылатын 

әдістердің бірі. Сөздердің семантикасын талдауда бұл әдіс ерекше мәнге ие болып отыр. Мұнда 

сөздердің семалары, семантикалық көбейткіштері, айырушы семантикалық белгілері, жалпылаушы 

белгілері анықталады.

Компоненттік  талдау  әдісін  алғаш  рет  лексика  саласында  қолдануға  ұсынған  американдық 

антрополог ғалымдар У. Лаусберн мен Ф. Тудинаф. Олар американдық индеецтер тайпаларының 

тіліндегі туыстық атауларға байланысты терминдерді зерттеді.

М.Мастерманның басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізуші кембридждік ғалымдар тобы да 

компоненттік талдау әдісі негізінде сөздерге П. Роженің сөздігімен сәйкестендіріп талдау жасаған. 

К.  Спарк  Джаунз  идеографиялық  сөздікке  сүйене  отырып  синонимдер  теориясын  өндеу  ісінде 

компоненттік талдау әдісін қолданған. Соңғы отыз жыл көлемінде бұл әдіс төңірегіндегі зерттеу 

жұмыстарымен шұғылданып, ғылыми еңбектер жариялап жатқан ғалымдар саны өте көп. Олар Ю. 

Найда (АКДІ) [5], Ю. Д. Апресян [6,7], О. Н. Селиверстова [8], Б. Потье, Ж. Гримас (Франция), Ю. 

Н. Караулов, А. М. Кузнецов [9] т. б. ғалымдар.

Өріс теориясы мен компоненттік талдау әдісі бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. 

Яғни, өріс теориясы мен семантикалық талдау бір - бірін толықгырып отырады.

Сөздерге  компоненттік  талдау  жасауда  бүркеме  және  қосымша  семаларға  ерекше  көңіл 

бөлу  қажет.  Қосымша  сема  –  заттардың  бір-бірінен  ерекшеленіп  тұратын  белгілерін  білдіретін 

негізгі семалар қатарына жатпайтын қосымша сема. Бүркеме сема – сөздердің тіркесуі негізінде 

айқындалатын сема (ягни, сын есім мен зат есімнің тіркесуі).

Сөздер бір морфемадан тұрып, бірнеше семаға ие болады. Ал кейбір туынды сөздер мен күрделі 

сөздердің семалары түбір сөзге қарағанда көбірек болуы мүмкін. Сөздердің семалары аффикстер 

есебінен көбейіп отырады. Әр аффикстің өзіне тән семасы болады. Яғни, тілдің морфемалық және 

лексикалық  қүрылымы  бір-бірімен  байланысты  болады.  Морфологиялық  семалар  компоненттер 

арасындағы қатынасты айқындайды. Синтаксис саласында талдау жасай отырып, сөйлем ішіндегі 

сөздердің  семантикалық  байланысы  мен  қарым-қатынасы  және  экстралингвистикалық  белгілері 

айқындалады. Морфология саласында талдау жасау лексикаға қарағанда біршама қиындау болса, 

синтаксис саласында ол айтарлықгай күрделене түседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет