Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет674/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   963
№ 3 (106) 2015

411


1994 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі  25  пайызға қысқарды. 1995 жылы жеңіл және 

тамақ өнеркәсібі  жойылып, 1996 жылы ауыл шаруашылығы терең дағдарысқа ұшырады. 

Осылайша  жүргізілген  реформаның  нәтижесінде    Қазақстанда  жаңа  экономикалық  ғажайып 

қоғам пайда болған жоқ, соңғы жиырма жыл ішінде ауыл шаруашылығы өзінің реформаға дейінгі 

деңгейіне әлі жеткен жоқ. Оны мына кестеден айқын көруге болады (1-кесте) .

Кесте 1 – Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің салыстырмалы мәліметтері [13].

Өнім түрі

Өлшем бірлігі

жылдар


1990 

1997


2013

1

2



3

4

5



бидай

млн.т.


28,5

12,3


15,1

ет

млн.т.



1,3

0,7


0,9

сүт


млн.т.

5,6


3,3

5,2


жұмыртқа

млрд.шт.


4,2

1,2


3,7

Ірі қара мал 

млн.бас

9,8


4,3

5,8


Қой 

млн.бас


36,2

10,3


15,2

Жылқы 


млн.бас

1,6


1,1

1,5


Сөз  жоқ,  экономикадағы  өтпелі  кезеңнің    қиыншылығы  мен  ауыртпалығын  ешкім  жоққа 

шығара алмайды.  Алайда  сол қиын-қыстау жылдардан   аз шығынмен аман- есен шыққан елдер 

баршылық. Сол кезде Қытай үкіметі елді ашаршылықтан құтқарып,  азық-түлік мәселесін шешуге 

шаруалардың    өзін  мүдделі  етудің    нарықтық  тетіктерін    ұтымды  қолдана  бастайды.  Бұл  жерде 

«егер сен аш адамға балық берсең, бір рет қарнын тойдырасың, ал сен оған балық аулауды үйретсең,  

өмірлік азық бересің» деген шығыс даналығы өзінің өміршеңдігін  тағы да бір көрсетті.   

Сөз  етіп  отырған  Қытайды  былай  қойғанда,  көрші  Өзбекістан  мен  Беларуссия  үкіметі  егін 

алқабының    бірде  бір  гектарынан  айрылмай,  мал  басын  ысырап  қылмай    аман  сақтап  қалғаны 

кейннен белгілі болды.   

Әрине,  қазіргі  жағдай  мүлдем  басқаша.  Бүгінгі  таңда    мемлекет  тарапынан  а/ш    дамытуға 

көңіл бөлінеді, нақты қаржылық қолдау көрсетіледі. Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) 

қолдау мақсатында Даму қоры құрылған.  ШОБ субьектілерін мемлекеттік қолдаудың 20 ға жуық 

бағдарламалары жасалған. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлерге  арнайы қаржылық несиелік 

көмек көрсететін  «Сыбаға», «Алтын асық»,  «Агробизнес 2020»бағдарламалары  жұмыс істейді. 

А/ш өнімдерін  өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерге 20 жылға дейін  жылдық  ставка мөлшері 

6  пайыздық    несие  беру  жеңілдіктер  қарастырылған.    Алайда,  талай  жылдар    бойы    тырнақтап 

жинаған халық байлығын 3-5жылдың ішінде талан- таражға салып, халықты есеңгіретіп  барып  

қалай емдеу керектігін әлі күнге шейін шешпеген жоғары билік үшін  қытайлық үлгідегі  реформа 

әлі де қажет  болар. .... 

Қазақстан  үшін  қытай  тәжірибесінің    ең  маңыздысы  -  мемлекеттің  бақылауымен  әміршіл-

әкімшіл жүйеден нарықтық экономикаға біртіндеп көшуді жүзеге асыратын  экономикалық жүйені 

кешенді  реформалау.  Тек  сонда    ғана    ауыл  шаруашылығындағы  асыра  сілтеушілік  саясаттың 

зардабын жойып,  шынайы нарықтық экономиканың сара жолына түсе аламыз.  

Әр  халық  өзінің  өткен  өміріндегі жақсылық пен  жамандықтан,    жеңіс  пен  жеңілістен  сабақ 

алып,оны  саралай  білсе  ғана  ілгері  жылжиды.  Өзгеге  жем  болмайды.  Өткенін  талдап,  бүгінін 

саралап, болашағын болжаған халықтың есесі ешкімге кетпейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет