Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет672/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

410


Тәуелсіздік  қарсаңында    Қазақстандағы    совхоздардың    басым  көпшілігі  жоғары  дамыған, 

электрленген, бір орталықтан жылу, су жүйесіне  қосылған еді. Сол кезеңде Қытай үкіметі  Орта 

Азия елдерінің ішінен Қазақстанның материалдық -техникалық базасы, ғылыми, кәсіби әлеуетін 

жоғары  бағалап,  біздің  елмен  экономикалық  қатынас  орнатуға  мүдделі    болғандығын  қазіргі 

қауымның бірі білсе, бірі біле бермейді [9].  

Реформаның  алдындағы  яғни,  1991ж.  дейінгі  Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  саласында 

барлығы    2119  совхоз,  407  колхоз  болды.  КСРО-дағы  ет,  қой  жүні,    бидай  өнімдері  негізінен 

Қазақстанда  шығарылды.  1986  жылы  28,3  млн  тонна  бидай  жиналды.  ірі  қара  мал  басы  —  9,5 

млн., қой саны — 36,4 млн-ға жетті [10].

1993- 1995 жылдар аралығында Қазақстанда экономикалық реформа агроөндірістік кешенді 

жекешелендіру деген айдармен жүргізілді. Ал осы реформаның  құқықтық негізі екі жылдан соң 

ғана1995жылдың қаңтарында «ҚР мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру 

туралы» арнайы заңмен рәсімделді. Осы заң бойынша  жекешелендірудің мақсаты, нысандары, ба-

сты принциптері  бекітілді.Оларға :

еңбек ұжымының шаруашылық формасын таңдау құқығы;



еңбек  ұжымы  әрбір  мүшесінің    мемлекеттік  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарының  

жекешелендірілетін мүлкінен өз үлесін ақшалай немесе заттай алу кепілдігі; 

жекешелендіруге жататын мүлікті тегін не ақысына беру принципін ұштастыру; 



жекешелендірілген мүлікті тек ауыл шаруашылық өндірісіне пайдалану - жатады [11].

Ал ендігі жерде   кешеуілдетіп қабылданған заңда көрсетілген талаптар қалайша орындалды 

деген сұрақтың жауабын іздеп көрейік. Кеңес үкіметі асырайды деген психологиямен өсіп-өнген 

ауыл-село адамдарының жаңа нарықтық қатынастар жағдайында қалайша өмір сүретіндігі туралы 

түсінігі, тәжірибесі болмады. Сол кезде   партия- шаруашылық белсенділері тәуелсіз Қазақстанның 

жаңа экономикалық саясатын, қаулы-қарарын халыққа түсіндіру жұмысын жүргізбеді десе болады.

Жекешелендіру  кезінде  а/ш  еңбекшілер  ұжымының    құқығы  өрескел  бұзылып,  бар  билік  аудан, 

облыс басшыларының қолында болды. Олар болса ел қамынан гөрі қарын қамын көбірек ойлап, 

халық байлығының қомақты бөлігін  қарпып қалуға бар күшін салды.

Сол жылдар туралы  елдегі ағайындардан естіген әңгіме: - «Бастықтардың айтуынша, совхоздар 

ондаған  жылдар  бойы  үкіметтің  дотациясында  болғасын,  кредиторлар  келіп,  малдың  күйлісін, 

техниканың тәуірін айдап алып кетті.  Бүлінгеннен бүлдіргі алма дейтін қазақ, қолдағы азын-аулақ 

малға қанағат етіп қала бердік». 1994 ж. бір облыстың әйгілі жылқышының бір түнде 500 жылқысы 

ұшты- күйлі жоғалып кетеді, ал совхоз басшысы болса милицияға хабарлап,    үкіметтің малына 

іздеу  салмақ  түгіл,  қайта  бар  пәлені  малшыға  жабады.  Соншама  малдың  сұрауы  болмағанына 

қайран  қаласың.  Солайша  мемлекеттік-халықтық  меншік  талан-таражға  түсті.  Тәркіленген  мал, 

техника ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Соған қарағанда қала халқы ет,сүт,майға 

қарық  болған  жоқ.  Ауыл-селоларды  жұмыссыздық  жайлап,  ауыл  жастары  қалаға  қарай  ағылып, 

маргиналды топтарды көбейтті.

Әлеуметтік-мәдени кешендер бала -бақша, клуб, кітапхана, монша, асхана және т.б. нысандар  

да жекешеленіп,  қаңыраған  мал қораларымен қоса   құрылыс материалдарына, болмаса отынға 

бұзылып әкетіліп жатты. Қалаларда  сол тоналған құрылыс материалдарынан талай зәулім үйлер, 

дүкен, базарлар салынды.  Тура бір соғыс кезіндегі тонаушы -мародерлердің тірлігін еріксіз еске  

түсіреді.  Профессор  синолог  К.  Ш.  Хафизованың  айтуынша,  90-жылдардағы  бізде  өндіріс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет