Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
ТҰРАҚТЫ ДАМУ 
“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы 
Бүкіл  әлемдік  құбылыстарды  табиғатты  және  қоғамды  адамның 
ой  санасын    өзгерісте,  қозғалыста,  дамуда  және    өзара  байланыста 
қарастыратын  философиялық  ілім  дамудың    философиялық  теориясы 
яғни  диалектика  болып  табылады.  Ол  бүкіл    дүниеге  тән  байланыстар 
мен дамудың жалпылама әмбебап  заңдылықтарын зерттейді. Көне грек 
(антикалық  философияда)  диалектиканың    алғашқы  стихиялық 
формасы дүниеге келіп қалыптасты.  
Қозғалыстың  түп  табиғатын  аңғаруға  ұмтылу  Элат  мектебінің  
өкілдерінен-ақ  (Парменид, Зенон) байқалған. 
Сократ  қарама-қарсы  пікірлерді  қарастырып  ақиқатқа  жетуді, 
яғни  айтыса  білуді  дәлелді,  дәйекті  сөз  жүйесі  мен  қарама-қарсы 
жеңуді  диалектика деп ұғынды. 
Платон    мен    Аристотель  дүниенің  дамуының  қайнар  көзінің 
себептерін табуға ұмтылды. 
Диалектикалық  дәстүрлер  негізін  қалаушылар Гераклит болды. 
Ол үшін дүние үнемі өзгерісте, қозғалыста  сіресіп қалған ештеңе жоқ. 
Дүниедегі  бардың  бәрі    қарама-қайшылықтан  тұрады.  Олардың    бәрі  
өзара    байланыста  болады.  Осы  қарама-қайшылықты    байланыс  
қозғалыстың    дамудың  қайнар  көзі,  бастауы    дүние  дегеннің  өзі 
мәңгілік пен өтпелілік өмір мен өлім, пайда болуы мен  жойылу, бірігу 
мен ыдырау.  
Диалектиканың 
екінші 
тарихи 
формасы 
классикалық 
философиясында    идеалистік    негізде    қалыптасты.  Бұл  адамның  аса 
көрнекті  өкілдері:  Кант,  Фихте,  Шеллинг,  Гегель  дүниеге  деген 
метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама-қарсы  қойды. 
Диалектиканы дамытуға Гегельдің қосқан үлесі мол. Ол бүкіл дүниеде 
бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді.  
Абсолюттік  идея  үнемі  дінді  қозғалыста  болды.  Ол  дамудың  әр 
кезеңінде табиғат  адам болмысы түрінде нақты көрініс табады. Өзіндік 
дамудың қайнар көзі – ішкі қарама-қайшылық деп білді.  
Табиғат  пен  әлеуметтік  өмірдің  түрлі  кезеңдерінің  жағдайлары 
және  формалар  заңды  түрде  өзгертіп  отыратын  процесс  есебінде 
қарастырады.  Гегельдің    диалектикасы    обьективтік    идеализмге 
негізделген.  Оның    пікірінше  қозғалыста  тұрған,  дамуда  болатын 
шынайы, адам санасынан тысқары тұрған заттар мен құбылыстар емес 


 
 
57 
руханилық  идея  түсініктер ақыл-ой ғана, яғни Гегельдің диалектикасы 
басы мен  төмен қарап теріс жүреді. Оны  аяғынан  тұрғызып, оны оң 
сипат  беру  қажет  болды.  Мұның  мәні  Гегель  диалектикасына, 
материалдық  тұрғыдан  келіп,  оның  негізіне  табиғат    пен  адамзат 
қоғамының объективті диалектикасын жатқызу деген сөз. Бұл міндетті 
атқаратын  неміс  классикалық    философиясын  жаңа  мазмұнда,  жаңа 
сипатта  дамытушы  К.Маркспен,  Ф.Энгельс  болды.  Ол  диалектиканың  
үшінші    формасын  материалистік    диалектиканы    өмірге  әкелді.  Олар  
Гегельдік  диалектиканың мәнді дәнін  даму  идеясын  ғана сақтап қала 
отырып, нақты шынайы  материалдық  және  рухани дүниенің  біртұтас 
даму    диалектикасын  қалыптастырды.  Даму  идеясын  тарихи 
құбылыстарды,  әлеуметтік    таптық  қатынастарды    жеке  меншіктің  
түбірлік    мәнін,  мемлекеттің  табиғатын  зерттеуге    пайдаланды.  Олар 
диалектиканың  табиғаттың, қоғамның, адам ақыл  ойының  дамуымен  
өзара байланысының ең жалпы заңдылықтары  туралы  философиялық  
ғылым екенін тұжырымдады.  
Философия тарихында объективтік диалектика және субъективтік  
диалектика ұғымдары қалыптасты.  
Объективті  диалектика  –  объективті  шындықтың  процестерін 
құбылыстарына қатысты заңды байланыс.  
Субъективті    диалектика  –    объективті  дүниенің  бейнеленуі 
объективті  дүниемен,  рухани  дүниенің  арасындағы  қарым-  қатынас  
диалектиканың осы екі бұтағының өзара байланысы. 
Даму  деген  –  белгілі    бір    бағыттағы  көбінесе  ілгерілеу  өрлеу  
бағыттарындағы  қозғалыс.  Ол  материалдық  және  идеалдық 
объектілердің  заңды  сапалық  өзгерістерінің  тұрлаулы  процесі. Даму 
процесінде  кез-келген  объекті  өзінің  жойылу,  бүліну  пайда  болуынан 
тұрады.  Заттардың  ішкі  құрылымы  өзгеріске  ұшырайды  және 
қасиеттері ауысады. 
Диалектиканың  қарама-қарсы  қалыптасқан  даму  концепциясы  
танымдық және ойлау әдісі – метафизика деп аталады. Метафизиканың 
негізгі  белгілері мыналар:  
1.  Метафизика  тұрғысынан  алғанда  объекті  бөлшектері  
механикалық жай қосындысы ретінде қаралады.  
2.  Объекті,  сыңар  жақты  бір  беткей    қабылданады.    Оның  бір 
қырындай  әсерленіп, бір жақтары елеусізденіп көрінеді. 
3.  Метафизика  қозғалысты  дамуы  қарапайым  ғана  үлкею 
немесе кішірею есебінде қарастырады. 
Метафизикалық концепцияның классикалық мысалы, кең тараған 
«тепе-теңдік  теориясы»  Ағылшын  философы  Г.Спенсердің    пікірінше, 
дүниеде  өмір  сүріп  отырған  барлық  құбылыстардың    негізі  –  тепе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет