Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131
Экологиялық  қауіп 
Экологиялық    проблемаларды  түбегейлі  шешу  -  көптеген 
аспектілері  және  бағыттары    бар  жауапкершілігі  мол  экологиялық 
саясат  жүргізу  жағдайында  ғана  мүмкін.  Кез-  келген  шаруашылық  іс-
әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың  мөлшерін минималды, 
мейлінше  төмен  жасауды  білдіретін  экологиялық  қауіп    концепциясы  
осы  ережелердің  бірі болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 
тигізетін  зардаптың  қауіпті  деңгейі  басты  мәселе  болып  табылады. 
Экологиялық  қауіп  концепциясының  талабына  сәйкес  алдымен 
адамның    тұрмыс-тіршілігі    мен    қоршаған    ортаға  жағымсыз  әсер 
ететін  факторлар  кешенін  анықтау  қажет.  Осының  негізінде  әртүрлі 
шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп 
—  бұл  қазіргі  кезде  немесе  болашақта  жоспарланып  отырған  адамның 
іс-әрекеті 
әсерінен, 
қоршаған 
табиғи 
ортаның 
экологиялық 
деградацияға  немесе  тұрақсыз,  құбылмалы  жағдайға  ұшырау 
мүмкіншілігі.  Экожүйе  өздігінен  дамиды,  табиғи  тепе-теңдік  пен 
жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі 
толтырып,  қалыпқа    әкеліп  отырады.  Тепе-теңдікті    бұзатын,  қауіпті  
көздер  -  табиғи  стихиялы  құбылыстар  (жер  сілкіну,  топан  су),  тірі  
табиғат  (эпидемиялар,  эпизотиялар),  сондай-ақ    антропогендік  
факторлар (авариялар, апаттар) болуы мүмкін.      Экологиялық  қауіп - 
адам    қателігі,  адамзат  қоғамының  іс-әрекеті  нәтижесінде  тіршілік  
ағымының  бұзылу  мүмкіндігі. Адам табиғатқа үстемдік жасау арқылы 
табиғаттан  керісінше  қарама- қарсы  нәтиже  алып  жатады. Бір жүйені 
жақсартамын  немесе  бір  компонентті  өзгерту  арқылы      басқа  
жүйелердің  мүмкіншілігін  ескере    бермейді.  Техникалық    ғимараттар  
мен  коммуникацияларды   пайдалану    кезінде    экологиялық  қауіп  арта 
түседі.  Жер  шарында    құбыр  желілерінің    зақымдануы,  темір, 
өнеркәсіптегі    үлкен    апаттар    жиі    болып  тұрады.  АЭС-ғы  қатерлі 
жағдайлардың  45%,  әуе  апаттарының  60%,  теңіз  апаттарының  80% 
адам  қателіктеріне  байланысты.  Қоршаған  ортаның    деградацияға  
ұшырау   болып  жатқан  экологиялық  жағдайларға бақылаудың  жоқ  
екенін    мысал    түрінде    айта  кетуге  болады.  1972  жылы    қант 
қамыстарына  зиян  келтіретін  көртышқандармен  күрес  жүргізу  үшін 
Ямайкаға  мангустар  (Herpestes)  алып  келінді.  Бірақ  ол    жануарлардың  
тек    көртышқандарды    ғана  емес,  жергілікті  фаунаның  көптеген  
түрлерін  де  құртып  жіберетінін  ешкім  ескерген  жоқ.  Бар  болғаны  10 
жыл  ішінде  Ямайкада  биоценоздарда  үлкен  өзгерістер    жүріп, 
көртышқандар  өздері  үшін  жаңа    экологиялық    қуыс    тауып  дәл 
бұрынғыдай    қант  қамысына  зиян  әкелуде.    Ал    жергілікті    жерде  
жануарлардың  пайдалы  түрлерінің  саны күрт төмендеп кетті. Шығыс  
Африкада    леопардтарды  (Panthera  pardus)  жаппай  қыру,  үй 


 
56
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
жануарларының  қас  жауына  айналған  павиандардың  санының    кұрт  
көбеюіне  алып  келді.  Ал  Колорадо    штатында    койоттарды  (Canis 
latrans)  қыру    фермерлер    үшін    үлкен    проблемаға  айналған 
қояндардың көбеюіне алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет