Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Екіншісі, перспективтік позиция ретроспекция арқылы ашылады. Өткеннен 
сабақ – болашаққа мақсат қағидасы өткен мен болашақтың диалектикасын 
басшылыққа алады, себебі тек қана өткенге ұмтылуды негіздеуге болмайды, 
қазіргі өркениеттілік талаптары мен мемлекет болашағының жаңа 
модельдерін құру стратегиясы еліміздің келешек тағдырының жобасы болып 
табылмақ. Үшіншісі, этноинтроспективтік қағида, сәйкесінше этностың 
өзіндік сананы қайта жаңғыртып, өзін-өзі тану мен өзін бағдарлауды 
қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде этноидентификацияға алып келеді. Яғни 
жеке адамға арналған «Мен» тұжырымдамасы тұтас саяси-әлеуметтік мәселе 
болумен 
қатар, 
мемлекетіміздегі 
әрбір 
жастарды 
толғандыратын 
жауапкершіліктер жүктейді. Сондықтан оның педагогикалық қыры қоғамдық 


Хабаршы №3-2015ж.
215 
ортадағы 
бәсекелестік 
алаңына 
түсу 
сәтінің 
туғандығын 
әрбір 
ұрпақтарымыздың санасына сіңіру, әлемдік бәсекелестікке дайын азамат 
қалыптастыру міндеті тұр деген сөз. Бұл – жастардың жан-жақты болуын 
талап ететін табиғи-эволюциялық заңдылық: білім мен іскерлік, адамгершілік 
пен ізгілік, қабілеттілік пен шығармашылық т.б. білім беру мен тәрбиелеудің 
мазмұнындағы басты қағидалар болуы шарт. 
Қорыта келгенде, елдің еркіндігі мен азаттығы, теңдігі үшін күрескен, 
қазіргі тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған жалынды күрескерлері – қазақ 
хандарының 
– 
халқымыздың 
қасиетті 
шежіресіндегі 
біртуар 
азаматтарымыздың рухын еске алып, істерін үлгі тұтып, сөздерінен тағылым 
алып, есімін қастерлеу – осы арқылы кейінгі ұрпақты отансүйгіштік рухта 
тәрбиелеу, бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті. Олай болса, халық арасынан 
суырылып 
шығып, 
қабілет-қарымымен, 
батырлығымен, 
даналық 
тапқырлығымен, шешендігімен дүйім жұртты аузына қаратқан, тосын жерден 
жол тауып, мемлекет басқарған хандардың тәлім-тәрбиелік мұрасындағы 
отансүйгіштік өсиеттердің маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет