ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ
ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
М.ҚАШҒАРИ АТЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АҒЫТЫНДАҒЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
Кештің тақырыбы:
«Мейірімнің сарқылмас бұлағы»
Өзін- өзі тану пәні мұғалімі
Асаева Дилдора Валихановна
Тақырыбы:
Мейірімдің сарқылмас бұлағы
Мақсаты:
Білімділік:
өзін
-
өзі тану пәнін насихаттау, оқушыларға мейрімділік,
адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсіндіру
Дамытушылық:
мейрімділік, махаббат, адамгершілік сүйіспеншілік
сезімдерін дамыту
Тәрбиелік:
мейрімділікке, отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Армысыздар қадірлі ұстаздар мен көрермендер! Бүгінгі біздің 8-«А» сыныбымен
ұйымдастырылған
«Мейірімнің сарқылмас бұлағы»
атты кешімізге қош келдіңіздер!
Кештің мақсаты көрермендерге өзін өзі тану пәнін насихаттау және оқушы бойындағы
мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Кешімізді Қазақстан
Республикамыздың әнұранымен бастасақ.
Қазақстан Республикасының әнұраны.
Илхом:
«Өзін өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат,
адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы бұл пән қазіргі кезде өз
мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік рухани этикаға үйретеді.
Өлеңдер:
Нафиса:
Өзін өзі тану өмірді тану.
Көрікті етіп, білдіріп жетік,
Өмірдің сырын ұқтырған
Ойлантып қана, ой айтып дана
Өзін өзі тану мықты пән.
Ақыл мен талап болады қанат.
Қырандай самғап ұшасың.
Бабаның даңқын, атаның салтын
Тереңнен танып ұғасың.
Жақсылық пен жанарыңда маздар от.
Ғылымды қуып, беліңді буып,
Кәсіптің сырын меңгеріп,
Боласың епті, бересің сертті
Еңбек етуге тер төгіп.
Өмірдегі өз жолыңды айқындар,
Өзін өзі танудай үлгі қай пән бар?!
Дилдора:
Құлақтанып ұлылардың сөзінен,
Жақсыны танып көкіректегі көзіммен
Салауаттылық сенімді менің серігім,
Құндылығын саралай білдім өмірдің
Сан алуан ой бөлісіп достармен,
Қолпаштар бәрі дана болып көріндім.
Серуен құрып Табиғат Ана төсінде
Талпындым мен де бәйтеректей боп өсуге
Туған жердің жеті кереметін таныдым
Ілестім де жаңа заман көшіне.
Әр сабақтан мен осылай ой түйдім
Алпыс екі тамырға нәр таратқан
Өзін өзі тану пәнін сүйемін,
Бақытқа бөлер таңдарым менің әр атқан!
Амиртура:
Мейірімділік ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң сазда әуенмен тербетілер бесігің,
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің
Мейірімсіз болсаң, алладан болса кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде таза аңғал жүректен,
Салт еткізіп, сезімді бойда дір еткен
Мейірім ана бойында , сіңірген бойға, мойында.
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
Чарос:
Бар әлемге махаббат жүрегіңнің жылуы,
Махаббаттың артса егер алуаныңның қызуы.
Бауырым деп сийлайсың шын ниетпен баршаны,
Еш уақытта суымас сол бір алау қызуы.
Өзін өзі танудан бар нәрсені үйрендік,
Ғибрат алып жақсыдан, жамандықтан жирендік.
Өмір атты өзеннің қарасы бар, ағы бар,
Барлығына төзерлік жігерлендік, әрлендік.
Білім нәрін сіңіріп, күш қайратты жиямыз,
Үлгі болып ұрпаққа, жамандықтан тиямыз,
Сара Алпысқызына сансыз алғыс білдіріп,
Үміттерін ақтарлық ел баласы боламыз!
Шохиста:
«Бәрі де махаббаттан басталады...»деген Сара Алпысқызының сөзінде
тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат адам жүрегін нұрлы
қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік
сезімі.
«Андижон полкаси» биі
Умида:
Баяндама. «Махаббатсыз өмір жоқ»
О, махаббат сен әлі тірік ме едің,
Тірі ме едің, менде енді тірілемін.
Ақ періште алдыңа жүгінемін,
Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені, деп, мұзбалақ Мұқағали жырлағандай, адам баласы
махаббатсыз өмір сүре алмайды. Алайда, махаббат тек ер мен әйелдің арасындағы бір
біріне деген сезіммен ғана өлшенбейді. Ол жалпы адами құндылықтың басында тұрған тап
таза мөлдір сезім. Оны кірлетіп алу оңай. Ал қайта тірілту қиын. Сондықтан жүрегіміздегі
кіршіксіз сезімді сөндіріп алмауымыз керек. Бәрінен де отанға, туған жерге деген
махаббатымызды басты орынға қоймай, толық қанды перзент бола алмаймыз
Махаббат дегеніміз ең алдымен отанды сүюден басталуы керек. Бәрімізде сәби кезімізден
отанға деген борышымызды мектепте сабақ берген ағай, апайларымыздан тыңдап келдік.
Ата анамызды отбасымызда құлағымызға құйып келеді. Отанына деген сезімі кіршіксіз
адамғана өзгені құлай сүйе алады, шынайы жақсы көрудің өзі ерлікпен тең. Әйгілі
Мәжнүн Ләйліге деген махаббатын бүкіл әлемге жария етіп, соңғы өлеңін құмға жазып
кетпедіме? Міне, бұл ұлы махаббаттың құмдағы ізі. Осындай ұлы сезім адамзат
баласының рухани әлеміне мәңгілік шырақ болып жанып тұрады, ол шырақты заманының
мың құбылған дауылы өшіре алмайды. Өйткені, ол адам санасының ұңғыл шұңғылынан
ойып тұрып өз орнын алған.
Отанға деген махаббатымыз отбасымыздың тәрбиесінен қалыптасуы керек. Сөз басында
махаббат текекі адамның ортасындағы сезімнен ғана тұрмайтынын ескертіп кеткен
болатынбыз. Отанын сүйген адамдар шынайы сезімнің иесі екенін айтқымыз келеді.
Өйткені «Отан отбасынан басталады».
Илхом:
Адамның пайда болуының алғашқы күніненақ алғашқы талпынысы, ізденісі өзін
өзі тануға бағытталады. Мұны киелі кітаптанда, құраннан да байқауға болады.
«Қайдан келдім? Мақсатым не? Мұның соңы не болады?» деген сұрақтардың жауабы,
Адам атаның ұрпақтарын осы күнге дейін мазалап келеді. «Өзін өзі тануға» деген
талпынысты ежелгі грек дәуірінде де байқауға болады. Сократтың «әуелі өзіңді таны»
деген сөзі осыған мысал болса керек.
Махаббат та өзін танып білуден басталады.
Көрініс
1көрініс:
(сахнаға қария мен жас жігіт шығады)
Қария: Мынау үлкен ғаламда адамзат баласының жүрек қылын шертетін, тәтті қиял
ғажайыптарға бөлейтін ұлы сезім бар. Ол сезім махаббат деп аталады.
Жас жігіт: Ұлы сезім дейсіз, ата.Мен ол сезімді неге сезінбеймін? Жүрегім менің неге ол
сезімнің ләззатына бөленбейді? Айтыңызшы. Әлде ол сезім көптің уысына түсе бермейтін,
әркіснің дегеніне көнбейтін, сусыз ми далада шөлдейтін, алыстан мұнарлатып маған кел
дейтіе сезім бе?
Қария: Ей, қарағым, бұл сезмнің дәмін татпаған, рахатына бөленбеген, қызығына
қанықпаған,шыжығына күймеген жан жоқ шығар жер бетінде. Сен де бір күні сол сезімнің
шырмауына арбаларсың.
(сахнадан екеуі шығып кетеді)
2көрініс:
(сахнаға қария мен жас жігіт шығады)
Жас жігіт: Махаббат қандай ғана сезім едің, сен үшін әлем жерді кезіп едім. Қария, қанша
жерге жол тартып, қанша елге сапар шексем де сіз айтып тамсандырған тәтті сезімді
кездестіре алмадым.
Қария: Қарағым, алты қырдан ассаң дағы, жеті қырды кезсең дағы махаббат сезімін таба
қоймассың. Ол әлде бір күш сияқты. Кенеттен, ойламаған жерден жүрегіңе ғашықтың
ыстық тамшысы еніп, сол тамшыдан махаббат деп аталатын тәтті сезімнің ұлпасы
түзеледі. Оның орны тек жүректе. Жүректен жүрекке өтетін сезім ғой бұл.
Көркем сөз: «Шың басындағы оқиға»
3 көрініс
(сахнаға қария мен жас жігіт шығады)
Жас жігіт: Қария, айтыңызшы махаббаттың құрылымы қандай? Ол қандай сипатта
болады? Сол сезімге ұқсас қандай сезімдер бар? Осыны тарқатып, түсіндіріп беріңізші.
Қария: махаббато ол сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік әр нәрсеге бағытталуы мүмкін.
Мәселен, ананың шыр етіп дүниеге келген сәбиіне деген махаббаты. Сол баланың ансына
деген махаббаты. Айналадағы тылсым дүние табиғатқа деген махаббат. Отқа түсіп жан
беретін, өз Отанына деген махаббат. Өміріңнің серігі болатын, ыстығына күйіп, арқа
сүйер сүйгеніне деген махаббат. Көрдің бе, балам, бір ғана махаббат сезімі қанша дүниені
байланыстырып тұрады.
(сахнадан екеуі шығып кетеді)
Шохиста:
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік,
адалдық, сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған
жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады. Адам баласы шыр
етіп дүниеге келгенде ата ананың қуанышында шек болмайды. Ал балалар алғаш рет сәби
жүректерімен ананың аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезеді. Сондықтанда,
барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін
қуанышқа бөлейді.
Эллора.
Слайд көрме: «Өзін өзі тану пінінен не үйрендік?»
Илхом:
Бүгінгі таңдағы мемлекеттегі өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының
азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты
еңбегінде республиканың идеялық бірлік тұрғынамасы туралы ой толғай отырып, «Аса
маңызды идеологиялық міндетіміз Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір
адамзатты өзін өзі айқын билеуін қалыптастыру» екеніне баса назар аударған.
Осы тұрғыда мектепте оқушыларды отансүйгіштікке үйретуде «өзін өзі тану» пәнінің
алатын орны ерекше деп айтуға болады. Бұл пәнде оқушының өзін өзі тануымен қатар өз
елін, жерін, оның рәміздерін сийлап, құрметтеуге үйрететін сабақтар оқушылардың
жүректерінен жол тауып, олардың патриоттық рухын көтеріп, азаматтық тұлғасын
қалыптастыруға қосатын үлесі мол.
Бишілеріміз орындауында испан биі.
Достон:
«Өзін өзі тану өмірді тану»
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.
Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді»
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам өмірінің алтын бесігі мектеп білім алып жатқан жас ұрпаққа адам бойындағы
адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіреміз,
үйретеміз. Әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық
құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың
сана сезіміне, ақыл парасатына ұялата білу үшін, әрбір ұстаз, тәрбиеші, халық
педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт дәстүр мен әдет ғұрыптарды жан жақты
терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт.
Шохиста:
Махаббат дегеніміз анаға, туған жерге, Отанға, туған туысқа, досына деген
сезім. Сүйіспеншілік, қадірлеу, мейірімділік, адамгершілік сезімдер де махаббат.
Туған жерім алтын бесігім. Әр адамзат баласына туған жері қымбат. Адам үшін туған
жерден артық еш нәрсе жоқ.
Махаббат бар жерде тіршілік бар. Туған тіліне, салт дәстүріне, тарихына, жеріне деген
махаббат әр адамның бойында болуы керек. Қанша өмір сүрсең, махаббат сонша мәңгі
болмақ.
Хамид пен Турсуной орындауында ән «Лебіз»
Илхом:
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында да мектеп оқушылары
бойында дамгершілік, және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және
олардың ақыл ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса қоғам
болашағы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл ой, сана сезім
қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды қажет етеді.
«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түйінді идеясы адамның өзімен өзі және
қоршаған ортамеен үйлесімді дамуға ықпал ету болса, оның нақты көрінісі төмендегідей
болу керек:
Әр бір жас өспірім өзін өзі тану барысында әлемді құндылық тұрғысынан ұғыну,
өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіну,
Өз өмірінің мәнін, өзінің дербестігін, қайталанбам тұлғал түсіну, арқылы өмірлік
мұратын айқындау,
Жеке тұлғалық әлеуетін барынша ашып, оны жасампаздық мақсатта толық
пайдалану арқылы өз мүддесі үшінжәне қоғамға қызмет ету.
Ән: «Шақырады көктем» Алиева Турсуной орындауында.
Шохиста:
Өзіңді тани білу, жақсыларға еру.
Өзіңді тани білу, т әрбиеге көну
әлемде болса жақсылық, басқа бақыт не керек?
Өзін тану сабағы мейірімғой керемет.
Илхом:
«Баланың бо йындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, күніне өзін сендіру
қаншалықта маңызды десеңші. Ол өзін өзі сийлай білуі, ар ұяты алдында таза болып,
әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі
тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен жүрекке жетіп, әлемді махаббат пен
қайырымдылық шуағына бөленсін» дейді Сара Алпысқызы.
Барлық оқушылар орындауында «Көк ту» әні
Қорытындылау: кешіміз аяқталды. Назар аударғандырыңыз үшін рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |