Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет22/59
Дата23.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#26198
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

54. Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:



  1. білім мазмұны бойынша ұсынылған шығармалардың негізгі мазмұнын, авторлары туралы мағлұматты білуі;

  2. оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білуі;

  3. мәтінге жай және күрделі мазмұндық жоспар құруы;

  4. мәтінді образға кіріп, жатқа оқи алуы;

  5. шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты айта алуы;

  6. әдеби туындыдағы көркем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі;

  7. тақырыптас, идеялас туындылардың ортақ ерекшеліктерін анықтай, талдай білуі;

  8. өтілген тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған әсері негізінде әңгімелеп бере алуы;

  9. мәтінге немесе өтілген тақырыптың білімдік негізіне сауатты сұрақтар мен тапсырмалар дайындай алуы;

  10. оқылған туынды және оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға ауызша, жазбаша ойтолғау түрінде жауап бере алуы;

  11. жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;

  12. белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза алуы;

  13. бағдарламаға сәйкес 10-нан артық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-ден кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет