Көркем шығарманы басқа үлгідегі иллюстрация ( музыка, күй, мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру, айырмашылықтарын талдау. (Көксерек) Кітап желісі



бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі19,31 Kb.
#140453
  1   2

Көркем шығарманы басқа үлгідегі иллюстрация ( музыка, күй, мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру, айырмашылықтарын талдау. (Көксерек)

Кітап желісі
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесі ықшам сегіз тараудан тұрады. Повестің тақырыбы – адам мен қасқыр және т.б. тіршілік иелері өмір сүретін жаратылыс ортасының әралуандылығын суреттеу, идеясы – табиғаттағы саналы ақыл-ой иелері адам мен басқа тіршілік иелерінің өзіндік-өзгешелік, даралық психологиясын таныту. Повестің басталуынан аяқталуына дейінгі оқиғалар желісінде қасқыр-кейіпкер Көксеректің күшік кезінен арлан, көкжал болғанына дейінгі кезеңдегі тағдыр жолы баяндалған. Повестің басталуындағы көк шолақ арлан қасқыр мен аналық ақ қасқырдың ініне келген адамдардың әрекеті арқылы адамдар мен қасқырлар арасындағы қақтығыс негізі де реалистікпен суреттелген: «Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...
Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді» [3, 6-7-бб.].
Адамдардың сол ауылға алып келген ең кенже күшігінің алғаш үйге келгеннен кейінгі тағдыры қазақ тұрмысындағы балалар психологиясын көзімізге елестетеді: «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында көрпенің астында Көксерек жатады» [3,7-б.].
«Көксерек» сөзінің «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» (8-том) бірнеше мағыналары аталған: «Асыл, болат найза», «Ұлттық спорт ойындарының бір түрі» мағыналық түсіндірулермен бірге «Көксерек – жас қасқырлардың ең мықтысы» [3, 243-б.].
Повесть сюжетінің дамуында кейіпкер-қасқыр Көксеректің бала Құрмаштың бауырында өскені, ауыл иттерімен алыса-таласа жүріп, өзінің қасқырлық-көкжалдық қасиетін танытқаны, ақырында, ауылдағы қойға қасқырлар шапқанда соларға ілесе кетіп қалып, бірнеше рет оралмай, кейіннен біржолата далалық қасқырға айналғаны баяндалады. Әуелде өзіне сыңар қаншық ақ қасқырмен, келе-келе топ қасқырды бастап жортатын, ауылдардағы малға шабатын жыртқыш болады. Повесть сюжетінің шиеленісті сәтінде ауыл шетінде қой бағып жүрген Құрмашты осы Көксерек өлтіреді. Ал повесть сюжетінің шарықтау шегінде Көксерек өлтірген Құрмаштың әкесінің қайғылы жағдайы оқырманды да тебірендіреді: «Қасен Құрмаштың әкесімен ағайындас, жақын болатын. Жалғыз баласы – ерке Құрмаштың өлгені әкесіне ерекше батып еді. 
Бұның үй-ішімен ботадай боздап, бейіт басында да қатты күңіреніп жылағанын көргенде, тірі жанның бәрінің сай-сүйегі сырқыраған. Құрмаштың әкесі Қасенге: - Сол жалғызымызды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп, көзін ойғызбасам сен маған туысқан емессің, - деген. Өзге ел де Қасенге: «Бүгін Аққасқа не өлсін, не өлтірсін! Осыдан басқа жерге итіңнің керегі жоқ тіпті!» дескен. Осы сөздердің барлығы Қасенді де асықтырып, ширықтырып еді»[3, 26-б.].
Повесть сюжетінің шарықтау шегінде Қасен өзінің жоталы, қуатты Аққасқа атты итін және он екі кісілік топты ертіп Көксеректі ұстауға аттанады. Көксеректі ұстауға, онымен алысуға лайықты Аққасқа иттің де тұлғасын, мінезін суреткер Мұхтар Әуезов реалистікпен оқырманның көз алдына елестетеді: «Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ-сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап, шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлік те бір өзінде. Екі шекесі «торсықтай» деп жүретін аңыз қыларлық. Бұның да жотасы күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады. Оның үстіне шеке мен мойын тұп-тұтас болып келіп, шеңбер төске қосылған. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды. Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы» [9, 26-27-бб.]. Осындай тұлғалы Аққасқа иттіңповесть соңында Көксерекпен жекпе-жек шайқастағы сипатынан табиғаттағы тіршілік иелерінің өзіндік күш-қуатымен қарсыласын қалай да жеңу мұратында болатындығын реалистікпен елестетеміз: «Қоздаған қан толқынып кеп, тағы бір дем басқа шыққанда, Аққасқа қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып жіберді. Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғарғы азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғары ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді» [3, 31-б.]. повесть сюжетінің шешімінде тістесіп, жақтары қарысып-жабысып қалған Аққасқаның иесі Қасеннің дауысын естіп күшейіп Көксеректі құлатқаны, қамшының сабымен Көксеректің көмейіне тығып тістесуден ажыратқаны арқылы адамның қолдауымен, көмегімен ғана жүзеге асатын жеңіс мәні айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет