Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет19/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Ес. Ес үрдістері.

Ес-адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

1.Есте қалдыру.

Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз және ойлаймыз.



Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді - балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет