Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


-сурет.Құлақ маңы сілекей безінің іріңді қабынуы операциясы (паратит)



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
16-сурет.Құлақ маңы сілекей безінің іріңді қабынуы операциясы (паратит) 
 
Құлақ маңы безі аралас ісіктерін операциялық емдеу 
Тіндері құрылысының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын және жаңадан пайда 
болатын 
ісіктер 
сыртынан 
қабықпен 
қоршалған, 
әрі 
қапшықша 
ішінде 
орналасатындықтан көп жылдар бойы ешқандай сыр бермей өсе береді. Алғашқы кездегі 
жай ісік, артынан қатерлі түрге ауысатындығының себебі түсініксіз. Мұндай жағдайда 
ісік қабығының бүтіндігі бұзылады да, ісіктің маңайдағы тіндерге ауысуы басталады 
және метастаздардың пайда болуы мен тез таралуы іске қосылады(16-сурет). 
Сәулелік терапия әдетте нәтиже бермейді және емдік ахуалды тек радикалды 
операциялық әрекет арқылы ғана шешуге болады. 
Бұндай операция кезінде бет нервін немесе оның тармақтарын құрбан етуге тура 
келеді. Нервтің зақымдануы операция жасаушы хирургтың техникалық қатесінен емес. 
Себебі, нерв ісікпен қоса бітісіп кетуі мүмкін, сондықтан оны ажыратып алу мүмкін 
емес, соның салдарынан операцияның радикалды болу мақсатында, нервті есепке 
алмауға тура келеді.
Операция алдында, науқасты бет бұлшықеттерінің паралич болып қалу қаупі бар 
екендігін ескерту қажет.
Операция интубациялық наркоз беру арқылы жүргізіледі. Теріге тілік жасау құлақ 
қалқанының алдынан, сыртқы есту тесігінен шамалы жоғары басталып, төмен қарай 


55 
құлақ қалқанын төменгі жағынан артқа қарай доға тәрізді айналып өтеді де, содан әрі 
емізік тәрізді өсінді арқылы төмен және алға қарай қалқанша шеміршектің жоғарғы 
шетіне дейін төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің алдыңғы қырымен жүргізіледі.
Теріден соң, тері асты шелмай тілінеді де, оларды сылу нәтижесінде жалпақ алға 
қарай қайырылатын терілік қиынды жасалады. 
Төс-бұғана-емізіктік бұлшықет ұшы тұқыл ілмек көмегімен желке жаққа қарай 
тартылады, содан соң мойынның ортаңғы фасциясы тілінеді де, сыртқы ұйқы артериясын 
сылып ашады (ол ішкі ұйқы артериясының алдына таман орналасқан). Уақытша 
жұмысын тоқтату үшін сыртқы ұйқы артериясын турникетке алып байлайды. Бұл тәсіл 
қан кету үрдісін айтарлықтай азайтып, операциялық қимылға тәуір жағдай туғызады. 
Құлақ маңы безінің алдыңғы шеті тұсында оның шығару түтігін іздеп табады, оны 
жан-жағынан босатып, екі лигатураның арасынан кеседі. Қателік кетпес үшін, әуелі без 
түтігін байламай және кеспей тұрып, канюля көмегімен түтік ішіне бірнеше миллилитр 
физиологиялық ерітінді жіберіп байқау қажет. Егер сұйықтықтың ауыз қуысынан 
шыққанын анестезиолог растаса, онда табылған түтік бездікі болғаны, оны бұдан кейін 
байлауға және кесуге болады. 
Безді алып тастау операциясы оның беткейлік бөлігін мобилизация (маңайдағы 
тіндерден босату) жасаудан басталады, оны сылып босатуды алдыңғы шетінен артқы 
қарай бағытта жүргізеді. 
Без жағына қарай бағытталған және байланып қырқылған без түтігінің тұқылын 
қысқышпен қысып алып, соның көмегімен бездің беткейлік бөлігін жоғары көтеріп 
астына дейін скальпель көмегімен қоршаған тіндерден босатады. Скальпельдің жүзі 
бездің беткей бөлігіне бағытталып, қысқа тіліктер арқылы кішкене бөлшектерді бірінің 
артынан бірін аша бастайды. Осындай тәсілмен біртіндеп, миллиметрлеп жылжи 
отырып, бет нервісінің тармақтарын ашады. Құлақ маңы безінің беткей бөлігінен терең 
орналасқан бездің мойындырығын байламай-ақ кеседі де, беткей бөлігін түгел алып 
тастайды. 
Құлақ маңы безінің терең орналасқан бөлігін біртіндеп бөлшек-бөлшегімен алады, 
алайда, бет нервінің талшықтарын зақымдап алмау үшін мейлінше сақтық болу қажет. 
Өткір скальпель және өткір қайшы көмегімен әрекет жасау жолымен бездің меншікті 
затын, шайнау бұлшықетінің (m.masseter) жоғарғы беті мен жұтқыншақтың бүйірлік беті 
без затынан толық тазарғанға шейін алады. Құлақ маңы безін толық алып болған кезде 
операциялық жарақатта мынадай анатомиялық көрініс байқалуы керек: операциялық 
алаңның төменгі шетінде сыртқы ұйқы артериясы, сыртқы мойындырық венасы мен 
артқы төменгі жақсүйек венасы (v.retromandibularis); жоғарғы шетінде құлақ қалқаны 
мен сыртқы есту жолының алдыңғы жағында – беткей самай артериясы және венасы 
(a.et.v.temporalis surerficialis). 
Артынан жарақат бірнеше рет жылы физиологиялық ерітіндімен жуылады. Сыртқы 
ұйқы артериясына салынған уақытша турникетті босатады, бұдан соң қан кететін жерлер 
көріне бастайды. Қажет болғанда сыртқы ұйқы артериясын байлап тастауға болады, бұл 
гемостазды едәуір жеңілдетеді. Аталған артерияны байлау келеңсіз жағдайларға 
әкелмейді. 
Үлкен ісікті алып тастаған соң, қосымша тесік арқылы жара ішіне дренаж кіргізеді. 
Егер жарақат көлемі үлкен болмаса, дренажды қоймауға болады. 
Кейбір хирургтар операция барысында бет нервінің тармағының өтетін жерін 
анықтау үшін электрлік тітіркендіргіш аспабын қолданады. Электродпен нерв 


56 
талшығына жанасқан кезде сол тармақтан нервтенетін бұлшықет талшықтары 
қимылдайды. Алайда, анатомиядан терең білім және тиянақты, қан кетірмей 
анатомиялық сылу техникасын (препараттау) меңгеру, басқаша қосымша құралдарды 
қолданудан анағұрлым бағалы болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет