339
Т.Қордабаевтың пікірінше, баяндауыштары қайталанған жалғаулықсыз немесе іргелес
салалас сөйлемдер жігіне ешқашан жалғаулық шылау қолданылмайды.
Ойымызды қорытындыласақ, салалас құрмалас сөйлем, көп компонентті салалас
құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықтарсыз да
байланыса береді [5;160-бет]. Коммуникативтік мақсатқа сай жалғаулық арқылы және
жалғаулықсыз қолданылуы сөйлемнің мағыналық қатынасын нақтылау үшін қажет.
Көп компонентті салалас сөйлемнің құрамындағы компоненттер теңбе-теңдік қатынаста
салалаласып байланысады. Салалас сөйлемнің құрылымында тең дәрежедегі компоненттер
ғана тіркеседі. Олар бірнеше предикативтік орталықтан тұрады. Бұл олардың жеке-жеке
қолданылуына да мүмкіндік береді. Демек, әр сөйлемді жеке- жеке жай сөйлем ретінде де
қолдана беруге де болады. Бірақ жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасында
айырмашылықтар ескерілуі керек.
«Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір
лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық, және интонациялық
тұтастықта тұратын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз» [2;692-бет]. Осы
анықтаманы жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің межесін нақтылауда қолдануға болады.
Бір-бірімен берік байланысқан компоненттердің синтаксистік мағыналары мен қызметтері,
компоненттердің орналасуы мен жалғаулықтардың көмегімен сөйлемдердің берілуі
құрмаластың түрлерін және берілу тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б.
3. Әмір Р.С., Әмірова Ж.Р. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі: Оқулық. – Алматы:
Қазақ университеті, 2004. – 110 б.
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы: Санат, 1995.− 176 б.
5. Садирова К. Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер. – Алматы,
1997. – 160 б.
6. Көкше өңірінің халық жауһарлары – Көкшетау, Мир печати ЖК 2014- 272 б.
Қосымша әдебиеттер:
7. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. Ертегілер. – Алматы: «Атамұра», 2011. – 736 б.
8.. «Алтын сақа» қазақтың қиял-ғажайып ертегілері. – Алматы, 2003. – 250 б.
Достарыңызбен бөлісу: