Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ӘЛЕУМЕТТІҢ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН ҚИЫН МІНЕЗДІ БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет418/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ӘЛЕУМЕТТІҢ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН ҚИЫН МІНЕЗДІ БАЛАЛАРДЫҢ 
ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 
 
Жамбыл А.Е. 
Ғылыми жетекші: Шонова Б.А педагогика ғылымдарының магистрі, лектор. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
zhambyl05.07@mail.ru
 
Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан қоғамымызды ойландыратын мәселелердің бірі- ұрпақ 
тәрбиесі. Соның ішінде қиын балалар мәселесі өзекті тақырыптар қатарына еніп 
отыр.Көптеген зерттеулер мен тексерулердің жинаған мәліметтеріне қарағанда балалардың 
көпшілігінде психологиясының шайқалып қиындап кетуі, сондай-ақ көңіл күйінің уақытша 
күйзелуі және мінез-құлқының бұзылуы айтарлықтай жиі кездесетіні мәлім. 
Елдің нарықтық жағдайға көшуі негізінде адамдардың көзқарасында, сана- сезімінде 
құндылықтарды қайта бағалау процесі жүрді. Бұл олардың өмір жағдайына, тәртіптеріне, 
моральдық және адамгершілік тоқтамдарына өте үлкен әсер етті. 
Біздің міндетіміз заман талабына сай жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың 
саналы 
азаматтары 
етіп 
тәрбиелеу.Жеке-даралықты 
қалыптастыратын 
тиімді 
әуестенушіліктің жоқтығы, бос уақыттың молдығы делинквентті мінез-құлықтың 
қалыптасуының негізгі шарты. Жалпы тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта 
бірқалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені 
педагогтар мен ата- аналар тарапынан баланың жалпы дамуында, адамгершілік дамуында, 
қалыптасуында ағаттықтар, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде 
тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. 
Халықтың басты өмір құндылығы “жекеше”, өзіндік құндылықтармен байланысты болды 
(денсаулық, отбасы, тұрғын үй, материалдық жағдай). Рухани және мәдени құндылықтар 
(шығармашылық әрекет, өнер) өзінің бұрынғы маңыздылығын жойды, олар төменгі сатыға 
көшті. Жұмыстың, еңбектің маңызы бірден түсіп кетті, қоғамдық белсенділік ең соңғы 
орындарға түсіп қалды. Еңбек пен игілікті өмір сүру арасында қарама-қайшылықтар 
туындады. Осының барлығынан ең көп зардап шеккен жастар болды, олардың санасында 
өзгерістер пайда болды.[1] 
Жастар – бұл өте күрделі танымдық объект. Атап айтқанда, жастар барлық жаңашылыққа, 
белгісізге жақын тұрады. Кейде мұның барлығы қиратушы күш болып келеді. Жастар өз 
құқықтарын қорғаймыз деп, қарсылыққа тап болады. Соның негізінде олар еріксіз 
агрессияға, зорлық, жаман жолға түседі. 
Балалардың жас шамаларының үлкен-кішілігіне қарай мінез-құлықтарындағы қылықтары 
да әр түрлі болады, сондықтан да әр жастағы баланың мінез- құлқындағы өзгешеліктерді 
алдын ала дұрыс көре білу қажет. Жастарының үлкен- кішілігіне қарай мінез-құлқындағы 
ерекшеліктерді білумен қатар дербестігіндегі айырмашылықтардың шараларын шамалап 
болса да білу қажет, өйткені балалар әдетте бір-біріне ұқсамайды. Сонымен қатар 
психикалық дамудың көптеген сатылары әдеттегідей әр түрлі стрессаларды (күшті 
әрекеттің әсерінен туатын ширығу жағдайы) және эмоциональды (сезім әрекетіне бой 
алдырғыш) толқуларды бастан кешірумен байланысты болатынын түсіну қажет. Бұл іс тек 
мұның аясында ғана шектеліп қалмайды, не ол, не бұл оқиға дамудың қай кезеңінде, қандай 
жағдайда, ненің себебінен болғанын айқындап алу үшін, оның қалай болғанын және қандай 
процестері шалдыққанын анықтау қажет. 
А.С. Макаренко “Балаларды жақсы тәрбиелеу – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, 
жаман тәрбиелеу- бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз,бұл біздің басқа 
адамдар арасындағы айыбымыз десе, Жүсіпбек Аймауытұлы “ Балаларды бұзуға, түзетуге 
себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге” дейді. Соңғы уақытта жеткіншек жастағы 
балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық жағымсыз 
ассоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отырады. 
Осындай 


777 
ауытқушы мінез- құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу психология 
ғылымының негізгі мәселелері.[2]Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты 
жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық әсер ететіндігін зерттеді. 
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады. 
(Блонский П.П.) Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. 
Біраз уақыт ұмытылып 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл 
терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. 
Қиын бала … Бұл таныс та, өкінішке орай соңғы кезде жиі қолданылып келе жатқан сөздің 
астарында не жатыр ? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін 
– басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол өте 
қозғалмалы, бағынбайтын сотқар бала. Ал ата- аналары үшін ол кім болып келеді? Әрине 
әрбір ата-ана өз баласын қиын деп санамайды.[3] 
“Қиын балалар”, “қиын балалық шақ” туралы түсініктер өткен ғасырдың 20-шы 
жылдары Е.А. Аркин., П.П. Блонский., В.Н. Мясищев., Г.А. Фортунатова және т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде қолданыла бастады. 
В.Н. Мясищев өзінің “Трудные дети в массовой школе” атты еңбегінде: “Жеке педагогтың 
және педагогикалық ұжымның қиын баламен жұмыс әрекетінде барлық қадыр-қасиеті мен 
кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туады” деген. 
Қиын балалар проблемасын зерттеген педагогтардың бірі – А.С. Макаренко. Оның 
қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына 
енді. Ол балалар тәрбиесі жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін 
бастамастан бұрын, өзіңіздің жеке мінез- құлқыңызды тексеріңіз...Сіздің жеке мінез-
құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... егер сіз дөрекі немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен 
жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті де жоқ. 
Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын 
қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”, -деді. 
А.С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір 
тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып 
беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге 
ықпал жасап отырды. Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең 
негізгі төреші-қоғамдық пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте 
шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандары ұжым талқысына салды. Тентектік 
жасаған балалармен жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгіме 
шақыру, т.б.неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған. [3] 
Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына 
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір әке, әрбір ана білуге 
міндетті. «Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етеді, 
нені қажет етпейді, ең алдымен сіз осыны біліуңіз керек. Ол кіммен достасады, кіммен 
ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтыннын сіз білуіңіз керек», деген А:С: 
Макаренко. 
Қиын балалрдың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л:С: 
(1928ж.) еңбектерінде талқыланды. Сондай-ақ Макаренко А.С. тәжірибелерінен 
де үлкен орын алды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер 
қатары біршама. 
Қиын балалар проблемасымен айналасуда ірі педагог В:А: Сухомлинскийдің де 
тәжірибесі өте бай. Оның Тиросполь қаласындағы ПАвливи мектебіндегі жүргізілген 
жұмыстары үлкен, тәжірибесі мол. Мұнда оқушыларға жеке қатынас жасау әдісі кеңінен 
қарастырылды. Кезінде В:С: Сухомлинский қиын балалар тәрбиесі жайында былай деген: 
«Қиын бала – бұл ата-аналардың жіберілген кемшіліктері, отбасында теріс пиғылды болуы, 
алдау, арбау, мейрімсіздік, адамдардаы жеккөрушілік, өз бөрыштарын өтеуде немқұрайлы 
таныту жағдайнда өскен гүл сияқты..., бұл ата-аналардың балалардың жоспарлауда, оны 
тәрбиелеуде адамгершілік, танымдық білімдерің, дайындықтарың аздығының нәтижесі». 


778 
Донецкідегі Тапскі арнайы мектептің оқытушысы В:Ф: Шаталовтың тәжірибесі, көптеген 
қиын балалар басқа балаларға қарағанда 1 жыл ішіндегі оқу жоспары бойынша 2 есе алада 
болатынын дәлелдеді. В.Н. Сорока РЕсинскийдің де тәжірибесі тамаша мысал бола алады, ол 
жалпы оқу әрекетінде қиын балалармен тәрбие процесін құра алады, олардың ақыл-ой 
дамуында үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің осы тәжірибесі жайында ол «Достоевский 
мектебі» атты кітабында толық ашып көрсетті. [4] 
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдаймен, тәрбиемен өзара 
әрекеттістігін есепке алып, кешенді құрама түрнде зерттеп, іске асырған П:П: Блонский 
(1936 ж) болды. Оның зертеуінің негізгі мақсаты – қиын балалрдың өмірін анықтау. П.П. 
Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. 
Ол қиын балаларға мұғалім қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн 
көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: “Объективті көзқараспен қарағанда қиын 
оқушы – мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті 
көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, 
мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы”. Блонскийдің пікірі бойынша қайта 
тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті 
балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. 
Атақты физтолог И.П. Павлов “ Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды 
іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады” деп тұжырымдайды. 
Ресей социологы Ж.Т. Тощенко ауытқымалы іс-әрекеттің себебі экономикада жатыр 
деп санайды. “Жабайы капитализм” жағдайында 90-шы жылдардың ортасынан бастап 
Ресейде бұл себептер көрнекті және айқын бола бастады. Бұған қоса Ресейдің экономикасы 
криминалдық белгі алды, яғни көлеңкелі ресми экономиканы ығыстыру орын алды деген 
пікір бар, ал әлеуметтік теңсіздіктің көлемін бұрыңғы колониальді Африка елдерімен 
салыстыруға болады. Егер бұрын Совет өкіметі кезінде ауытқудың себебі экономиканың 
тапшылығынан болса, қазіргі кезде ол экономиканың түрі өзгеріп, бұзылғанынан туып отыр. 
Қазіргі кезде жұмыс, орын таппаушылығы бомждар, қаңғыбастар, нашақорлар мен 
қылмыскерлерді тудырады. Дұрыс емес саясаттың арқасында девиация өсіп кетті. Адамдар 
басшыларда шаруасыздықты, ұрлықты. қулықты, сұмдықты, алдаушылықты, заңды 
бұзушылықты, парақорлықты көріп, билікке немқұрайлықпен қарап, олардың еңбек етіп, 
шынайы өмір сүруге шақыруларына назар аудармайды. Мінез-құлық жеткіншектің басқа 
балалармен жағымсыз қатынасындағы, мысалы, төбелес-жанжалда, ересектерге бағынбауда, 
жалған әрекеттерде агрессиялық сипат алады.[5] 
Жеткіншек жаста баланың ішкі және сыртқы конфликтісі күшейеді. Жоғары қобалжу 
күманданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, 
агрессиялық немесе цинизм сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. 
Агрессиялыққа, оның темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы, тез қозушылық, 
әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-өзі ұстай алмау сияқты мінез- бітістер ықпал етуі мүмкін. 
Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері бала агрессиясымен отбасындағы 
тәрбиелеу стилінің арасындағы тікелей байланысты тапқан. 
Регельдің айтуынша, мектепке келген кезден бастап оқушы мен мұғалім арасындағы 
қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға 
бастапқыда қиын соғады. Мектептегі талап бәріне ортақ. Д.Б. Эльконин мұғаліммен 
балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқшылар өте байқампаз болып келетінін айтады. 
Егер бала сыныпта мұғалімнің басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар 
екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде 
оқушылар мұғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін –заң. Егерде 
мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге деген оң пікірі 
іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы 
басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде “сөз тасығыш” балалар пайда 
болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы 
ойдағыдай болады.[6] 


779 
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны 
ерекше. Бала мектепке келгенде оның бойындағы оқуға деген қызығушылық әлі толық 
қалыптаспайды. Оқу барысында мұғалімнің міндеті- ең алдымен баланы оқуға үйрету. Бала 
мектепке үлкен қызығушылықпен келеді, ең негізгісі – бала бойындағы қызығушылықты 
жоғалтып алмау керек. Сабақ жоспарын баланың өзіне тікелей қатысты етіп құру керек. 
Сонда бала сабақты толық меңгере алады және әрдайым мектепке келгісі келіп тұрады. 
Ең алғаш мінез –құлқы шамасынан ауытқыған, кәмлетке жасы толмаған балаларды 
қарастырып, осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Бельский (1917 ж, 1924 ж) болды. 
П.П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жас-өспірімдердің ішкі әлемін 
зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И. 
Петражицкийдің теориясына сүйенді. (1908 ), З. Фрейд пен К. Левиннен, сонымен қатар Ч. 
Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды. 
Қазақстанда девиантты іс әрекетке ие балаларға байланысты біршама қиындықтар бар. 
Осындай девиантқа ие балалар жылдан жылға өсуде. Құқық базасының нашарлығы осындай 
балаларға бейімделген бағдарламаның жоқтығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларының 
мамандарымен біріге отырып әлеуметтік және құқықтық қызмет құжаттарын дайындауын 
қажет етіп отыр. [7] 
Қазіргі кезде көптеген қазақстандық педагогтар да қиын балалар проблемасымен 
айналысуда. 80-90 жылдары ғылымда қиын балаларды зерттеу ісі бойынша құнды 
педагогикалық теориялар пайда болды. Мысалы Л.С. Славина, Г.А. Уманов., Н.С. 
Белонский., А.С. Белкин., Л.М. Зюбин., И.А. Невский және басқалары диссертациялық 
жұмыстарында педагогикалық қараусыздықтың себептерін және оларды жеңу жолдарын 
ашып көрсетті. Қиын балаларды зерттеуге көмек болатын көптеген салалар (заң, құқықтың, 
медициналық-педагогикалық, психо-педагогикалық) топтастырылды. Көптеген педагог, 
психологтар (Л.М. Зюбин., Г.А. Уманов., Г.Ф. Бочкарева., Ф.Н. Юрченко) қиын балалар 
ортасы, қызығушылықтары жайында статистикалық деректемелер келтірді. 
Қиын балалар проблемасымен айналысқан Қазақстандық педагогтардың бірі- Л.Қ. 
Керимов. Ол 4-7 сыныптағы қиын балалрды зертеудің жобасын жасады. Бұл жобаға балала 
жайындағы жалпы мағлуматтар, отбасындағы тәрбие жағдайы, мектеп ұжымындағы тәрбие 
жағдайы, оқуға, еңбекке деген қатынасы қарастырылды. Осы және басқа да педагогтардың 
іс-тәжірибесі қиын балалрмен жұмыста үлкен көмек болады. 
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И. А. Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың 
пайда болуын, балалр мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарың 
жеткліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Айымбетова Г.Е., Колокина Р.С. Девиантты іс - әрекетті балалар мәселесі // 
Валеология №1, 2004. 215бет. 
Айхорин А. Трудный подросток. – М., 2011.347бет. 
2.
БурнаеватВ.А. Специфика работы с детьми девиантного поведения // Воспитание 
школьника. - №1, 2014. 360бет. 
3.
Бағыбаева М.И. Жеткіншек жастағы агрессия // Валеология №2, 2005. 312б 
Басыбекова К. Құндылықты бағдарлар – адамның мінез-құлқының психологиялық реттеушісі. 
// Ұлағат №5, 2014. 142бет. 
4.
Баженов В.Г., Баженова В.П. Предупреждение педагогической запущенности 
школьников. – Алма-Ата: Мектеп, 2009. – 220бет. 
5.
Глинский Я.И. , Афанасьев В.С. Социология девиантного поведения. –СПб., 2013. 300 
бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет