890
материалдық-техникалық база әлемдік стандартқа сай келмейді. Санаторилардың 45% астам -
30-шы және 20-шы жылдарда салынған болатын.
Қазіргі кезде кардиологиялық санаторияларды салу құрылысы өте тиімді болып
есептелінеді. Әсіресе, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы - Қарқаралы, таулы-орманды
массивті (Қарағанды облысы); Қостанай облысындағы Қазанбас орманы; Павлодар
облысындағы Баянауыл таулы-орманды массиві болып табылады.
Қостанай облысындағы Қазанбас орманы тұзды көлдердің сульфидті балшықтарға және
басқа да табиғи ресурстарға бай аудан болып есептелінеді.
Павлодар облысындағы Баянауыл массивтің континентті климаты ондағы өсетін
ормандар мен орналасқан көлдерімен (Сабынды көл көлі, Жасыбай көлі және т.б.) сонымен
қатар минералды-иловые балшықтарға және сульфидті-хлоридтік кен орындарға бай (Жусалы
бұлағы).
Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау
керек.
Біздің еліміздегі жұмыс істеп тұрған санаториялық-курорттар әлі күнге дейін
адамдарды толық қанағаттандырмайды. Тері ауруларға ұшыраған балаларды емдеу үшін
санаториялардың саны әлі күнге дейін шектеулі, бірақ бізге ол тиімді және қолайлы. (Боровик
Э.Б. 1986 ж.)
Қазіргі уақытта республикада 10 балшықпен емдеу орындары және шамамен 20
минералдық су орындары бар. Олардың көбісі Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы,
Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
Зерттеу барысында Қазақстанның туристік рекреациялық-емдік ресурстары талдана отырып
оларды үшке бөліп: бальнеологиялық,климаттық және балшықпен емдеу топтарына бөлдік.
2000 жылдардан бастап Қазақстан курортары жандана бастауы байқалады. Әзірге
Сарыағаш, Мойылды, Қапал-арасан, Алма-Арасан және Жаңақорған курортары жұмысын
жалғастыруда. Соңымен бірге Алматы, Бурабай, Қарқаралы маңы аумағында сауықтыру
пансионаттары мен орталықтары ашылған. Келешекте көптеген санаторийлерде корпустар
салынатыны сөзсіз. Су қорын тиімді пайдаланып, ысырап етпесе Қазақстанның минералды
суы әлі болса да көптеген жылдарға жететіні сөзсіз. Сондықтан да қазақ елінің нақыл
сөздерінің бірі «Бұлақтың көзін бұзба, бұлбұлдың әнін бұзба» - дейтін осыдан қалса керек.
Жұмысты орындау барысында төмендегідей ұсыныстар енгізуге болады:
-
Емдік сауықтыру туризмін жүйелеу қажеттілігі.
-
Қазақстан курортары деген оқулық, әдістемелік құрал қажет. Себебі соңғы шыққан
әдебиеттер негізінен 1960-1965 жылғы, мәліметтері ескірген.
-
Жарнамалық ақпараттық, маркетингтік зертеулер жүргізілмеген:
-
Қазіргі сауықтыру орындарының бағасы өте жоғары, сондықтан мемлекет тарапынан
оқушылар, студентттер, және зейнеткерлерге жеңілдіктер жасау жолын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: