896
өзге адамға донорлыққа пайдаланылады. Яғни, дәрігер маманның қолында қайтыс болған
адамның тірі кезінде ағза мүшелерін донорлыққа және транспланттауға пайдалануға рұқсат
етілмеген өтініш немесе оның жақын туыстары тарапынан өтініш болмаған жағдайда жарамды
ағза мүшелері алынады. Келісу презумпциясы Ресей, Австрия, Бельгия, Испания, Чехия,
Ұлыбритания, Финляндия, Швеция, Беларусия және Қазақстан Республикасында т.б елдерде
қолданыста.
Келіспеу презумпциясы – әрбір адам қайтыс болғаннан кейін оның ағза
мүшелерінің қолданысқа берілуіне қарсы, тек қана тірі кезінде рұқсаттама беру негізінде ғана
пайдалануға рұқсат. Келіспеу презумпциясы АҚШ, Канада, Германия, Франция, Португалия,
Польша, Украина мемлекеттерінде заңмен бекітілген. Аталмыш елдердің азаматтары донор
болғысы келген жағдайда денсаулық сақтау мекемелеріне өтініш жазып, арнайы реестрге
тіркелу арқылы жүзеге асырады
[5; 121-бет].
Трансплантация
туралы
заңнама
мысалында
Қазақстан
Республикасының
конституциялық қағидаттарының, оның ішінде адамның өмірі мен бостандықтарын қорғауға
қатысты қылмыстық саясатта үйлесімді іске асырылуы байқалатынын атап өткен жөн. Барлық
инновациялардың одан әрі іске асырылуы, сөзсіз, адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары болып табылатын жоғары әлеуметтік құндылықтарды қорғау үшін жүзеге
асырылуы керек. Әр кәмелетке толған жеке тұлғаның қайтыс болған жағдайда анатомиялық
материалдардың доноры болуға жазбаша келісім беру немесе келіспеу құқығы ретінде
анықталған. Мұндай өтініш болмаған кезде қайтыс болған кәмелетке толған әрекетке қабілетті
адамнан анатомиялық материалдар онымен қайтыс болғанға дейін бірге тұрған ерлі-
зайыптылардың немесе туыстарының келісімі бойынша алынуы мүмкін.
Адамның өмір сүру құқығы тұрғысынан анатомиялық материалды алуға «келіспеушілік
презумпциясы» адамға трансплантологиядағы қылмыстық теріс қылықтардың алдын алу
арқылы өзінің физикалық денесінің тағдырын шешуге айрықша құқығына кепілдік беруге
арналған. Өз кезегінде, «келісім презумпциясы» трансплантаттарды алу мүмкіндігі бойынша
тиімді болып келеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасын қарастыра отырып адам ағзаларын
немесе тіндерін алу және пайдалану бойынша қылмыстық бизнестің пайда болуы осы
саладағы қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеудің әсерін күшейтуге және
оларды үнемі жетілдіруге ықпал етуі қажет деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі
1 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі. Алу режимі: "Әділет" АҚЖ (zan.kz)
2 «Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан
кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын
(зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР
ДСМ-308/2020 бұйрығы. Алу режимі:"Әділет" АҚЖ (zan.kz)
3 Мусиенко А.В. Некоторые актуальные криминально-правовые и криминологические
аспекты правового регулирования изъятия донорских органов и тканей человека. Алу режимі:
(articlekz.com)
4 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қылмыстық кодексi. Алу режимі:
"Әділет" АҚЖ (zan.kz)
5 Касымова А.А., Омарова А.Т., Дуйсенова С.М. Ағза донорлығы туралы әлеуметтік
түсініктердің теориялық-методологиялық негізі. Вестник КазНУ. Психология және
социология сериясы. № 2 (73) . 2020. – Алматы. Б. 121.
Достарыңызбен бөлісу: