Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ


Курстың мақсаты, міндеттері, нәтижелері



бет2/6
Дата17.04.2023
өлшемі35,5 Kb.
#83564
1   2   3   4   5   6
2. Курстың мақсаты, міндеттері, нәтижелері

Курстың мақсаты:
Республиканың жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтар факультеттеріне арналған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты – қажетті білім жиынтығын, Отан тарихының негізгі оқиғаларының мазмұны туралы ғылыми-шынайы деректер, тарихи-мәдени дамудың жалғастығы мен сабақтастығы, рухани мұраның терең негіздері туралы, бұдан бұрынғы буынның, халықтың ұлы тұлғаларының жоғары адамгершілігі, патриотизмі, жасампаз еңбегі туралы түсініктер беру, жас қазақстандықтар бойында тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге құрметті қалыптастыруға ықпал ету.

Курстың міндеті:

  • Қазақстанның егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың стратегиялық міндеттеріне жауап беретін тарихи ілімдердің теориялық және әдістемелік базасын қалыптастыру;

  • қазақстандық полиэтникалық және поликонфессионалды қоғамды нығайтудың идеологиялық және рухани негіздерін жасау;

  • бүкіл дүниежүзілік тарих контексінде, Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің диалогында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының ғажайып та маңызды орнын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашып көрсету;

  • қазақ халқының этногенезі мәселелерін тұтас және объективті қамтуға, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениет формалары эволюциясына және ең маңызды тарихи деректер мен оқиғалар жиынтығына негізделген қазіргі Отан тарихының ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау;

  • жеделдетілген жаңғыру мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени өзін-өзі жеткілікті түрде қамтамасыз ету бағытына шығу кезеңіндегі қазақстандық даму үлгісінің мазмұнын нақты ғылыми-тарихи біліммен толықтыру.

Оқу курсының нәтижелері:
- өткен тарихтың жекелеген құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының бүкіл дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен ғылыми зерттеудің сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және басқа әдістері арқылы сәйкестендіре білу;
- тәуелсіз қазақстандықмемлекеттіліктіңқалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерінбүкіл дүниежүзілікжәне еуразиялықтарихи үрдіс контексінде білу;
- қазақстандық даму үлгісінің имоненттік басымдықтарын, ерекшеліктері мен маңызын объективті түрде және жан-жақты ұғына білу;
- қазіргі Қазақстанның күрделі тарихи үрдістерін, құбылыстары мен тарихи тұлғаларын оқыған кезде талдамалы және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет