Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.Жумадилова  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университетінің  2-  курс



Pdf көрінісі
бет68/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   216
А.Жумадилова  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университетінің  2-  курс 
студенті;   
       Ғылыми  жетекшісі  —  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық  университеті, 
педагогика ғылымдарының докторы Н.А. Минжанов.   
ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ 
Қазіргі  таңда  бәсекеге  қабілеттілік  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелік 
қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз — ұлттың 
аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дү-
ние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім 
немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи 
байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады
1

Тәрбие туралы білімдер ең ежелгі ілімдердің бірі болып саналады және олар қоғам дамуы-
мен  тығыз  байланысты.  Алғашқы  адамдардың  да  бала  тәрбиесі  туралы  білімдері  болды  және 
олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа салт-дәстүрлер, ойындар, тыйымдар, өмірлік ережелер түрінде 
беріліп отырды, сонымен қатар, мақал-мәтелдерден, аңыздардан, ертегілерден және тағы басқа 
ауыз әдебиеті үлгілерінен өз көріністерін тапты және халықтық педагогиканың негізгі мазмұнын 
құрды.  Халықтық  педагогиканың  пайда  болу  себебі  —  тәрбиеге  деген  объективті  әлеуметтік 


135 
қажеттілік.  Ол  —  жинақталған  әлеуметтік  тәжірибені  аға  ұрпақтың  жас  ұрпаққа  беруі 
қажеттілігі. 
Тәрбие — педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеруге  
үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру
2

Тәрбиенің мәні, мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен экономикалық 
жүйесіне  байланысты  туындайды.  Әрбір  қоғамдық-экономикалық  формацияларда  адамдардың 
материалдық  және  рухани  өмірлерінің  үздіксіз  өзгеріп  отыруына  сай  қарым-қатынастардың 
жаңа формалары туындап, тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына жаңаша идеялар енеді
3

Отбасының дербестігі  болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен және оның дамуымен 
тікелей байланысты. Отбасы — кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар 
туыстығымен,  тұрмыстық  ортақтығымен  және  өзара  адамгершілік  жауапкершілікпен  байла-
нысты.  Отбасы  —  қоғамның  бастапқы  ұясы,  қоғамның  әлеуметтік  құрлымының  негізі  болып 
табылады. Ер мен әйел — отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады.  
 Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлт-
тық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер,бойында басқа 
да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Тәрбие процесі дегеніміз — жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптас-
тыруда,  оларды  өмірге  дайындап,  қоғамда  өз  орнын  таба  білуге,  әрбір  әрекетімен,  қызметімен 
қоғамда  өз  орнын  таба  білуге  үйретіп,  қоғамға  пайда  келтіру  арқылы  өз  жеке  басына  қанағат-
танғанған сезіммен қарауға тәрбиелеу
4

Тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесіне сол сияқты сыртқы қайшылықтар да күшті 
әсер  етеді.  Мектеп  пен  отбасы  арасындағы  қайшылық,  ата-аналардың  педагогтардың  кейбір 
талаптарына  теріс  көзқараста  болуы  тәрбие  беру  үрдісінде  кері  әсер  береді.  Кейінгі  кезде 
күшейіп отырған тарихи, әдеби, саяси ақпарат мазмұнындағы қайшылықтар да жеткіншектерде 
негативті  әсер  тудырады.  Сөз  бен  істің  қайшылығы  тәрбиеде  қиындықтар  тудырады.  Педагог-
тардың  аса  мән  беретін  қайшылықтарының  бірі  —  сыртқы  әсерлер  мен  тәрбиеленушінің  ішкі 
ұмтылыстарындағы қарама-қайшылықтар. Баланың ішкі жан дүниесінің қажеттіліктерін есепке 
алмай жүргізілген тәрбие процесі сәтсіздікке ұшырайды
5

Тәрбие — мақсат көзделіп, жүйелі ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде  іске асады, сонда 
ғана,  жастардың    өмірге  құштарлығын,  еңбекті  қажетсінуін  дамытуға  болады.  Тәрбие  мазмұ-
нының  ұстанымдары,  оны  ұйымдастыруға  және  оның  әдістеріне    қойылатын    негізгі  талапта-
рына  сай  белгіленген.    Тәрбие  ұстанымдары    жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  жөніндегі    ілімге    және 
ғасырлар    бойы  жинақталған  халықтық  тәжірибеге    және  ғылыми    педагогикаға  сүйенеді.  Бұл 
ұстанымдардың  иедялық негізгі  мектептің өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен байланысына сай
6
.
                                                 
1
   Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // zakon.kz/static_zakon-notiticatons/index.ntmt. 
2
   Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004.  Б.51-52. 
3
   Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // zakon.kz/static_zakon-notiticatons/index.ntmt. 
4
   Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. — Алматы, 2004. Б.11-12. 
5
   Педагогика:  Дәрістер  курсы  /  Авторлар  ұжымы.  —  Алматы,  2003.  Б.21-24;  Қоянбаев  Ж.Б.  Педагогика:  Оқу 
құралы. – Алматы: Рауан, 1992 ж. Б.33-35; Харламов И.Ф. Педагогика: Учебник. — Минск. 1998. Б.10-11. 
6
   Подласый И.П. Педагогика: Учебник для студ. пед. вузов — М:, Владос, 1999.  Б.66-69; Кукушин В.С. Теория и 
методика воспитательной работы. — Ростов-на-Дону, 2002. Б.45-47; Сухомлинский В.А. Как воспитать настоя-
щего человека. — М.: Пед., 1990. Б.22-23; Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. — М., 1998. Б.4-6. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет