Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Екі жақты жазу әдісін негіздеу, оның бақылаушылық маңызы



бет28/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
4. Екі жақты жазу әдісін негіздеу, оның бақылаушылық маңызы. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар екі жақты жазу әдісімен көрініс табады. Екі жақты жазу жүйесі қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін – екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.
Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.
Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.
Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.
Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.
Екі жақты жазу – бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.
Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу деп, ал шоттар корреспонденцияланатын деп аталады.
Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылады. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады.
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні – ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.
Екі жақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві). Сондықтан, баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.
Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан, осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет