Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет29/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
2.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл.
Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

1.Бухгалтерлік шоттар дегеніміз не?


2.Екі жақты жазу деген не?
3.Шоттардың қандай түрлері болады?


5. Лекция. Бухгалтерлік есептегі құжат айыналымын ұйымдастыру.


Лекцияның мақсаты: Кәсіпорындағы құжат айыналымымен танысып ұйрену. Оның рөлі мен айналымын анықтау. Ұйымның есеп саясатын құрып ұйрену.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Құжат, бастапқы бухгалтерлік құжаттар, деректемелер, жинақтаушы, бірегей, арнайы, түпнұсқа, көшірмелер, үзінді құжаттар.


1. «Бастапқы есептік құжат» түсінігі
2. Бухгалтерлік құжаттар рөлі мен айнылымы.
3. Құжаттардың міндетті деректемелері мен жіктемесі.
4. Ұйымның есеп саясаты.


1. «Бастапқы есептік құжат» түсінігі. Құжаттар деп әртүрлі үлгідегі қағаздарды, жазбаша куәліктерді, орын алған фактні анықтайтын құқықтық қатнастарды растайтын іс қағаздарын айтады.
Бухгалтерлік құжаттар шаруашылық операциясы жасалған сәтте жасалады. Олар шаруашылық операциясының фактісі мен сипатын немесе оны жасау құқын куәландырады. Мұндай құжаттар бастапқы бухгалтерлік құжаттар деп аталады, ал олардан бастау алатын экономикалық ақпарат бастапқы бухгалтерлік есеп болып саналады.
Құжат – бұл шаруашылық операциясының жасалғаны туралы немесе оны жасауға арналған құқық туралы жазбаша куәлік.
Бастапқы құжат – бұл шаруашылық операциясы орындалған сәтте жасалатын және болған фактілерді алғаш куәландыратын бухгалтерлік құжат. Ол жүргізілген шаруашылық операциясының заңдық күшін растайды.Ол жекелеген орындаушылардың операцияларын орындаудағы жауапкершілігін белгілейді.
Кәсіпорын жұмысында құжаттардың маңызы зор.
Біріншіден, құжаттар есептік жазулардың негізі және растаушысы болып табылады.
Екіншіден, құжаттар шаруашылыққа басшылық етуге пайдаланылады.
Үшіншіден, құжаттар меншіктің сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, құжаттардың дәледеуші заңдық күштері бар.
Құжаттар – кәсіпорындар мен адамдар арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әр түрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.
Кәсіпорындарда пайдаланылатын құжаттар әдетте типтік бланкілерде, қажетті деректемелері бар, бекітілген тиісті нысандарда жасалады.
Деректемелер – бұл құжаттарда келтірілетін көрсеткіштер. Оны жасалған операциялар деректерінің негізінде толтыру қажет. Әр бір есептік құжатта деректемелер болуы тиіс. Мұның кез-келген құжатта болуы – міндетті. Мұндай деректемелерге жататындар: құжаттың атауы; құжаттың жасалған күні мен орны; шаруашылық операциясының мазмұны; шаруашылық операциясының өлшеуіштері, шаруашылық операциясын жасауға және құжаттарды рәсімдеуге жауапты адамдардың қойған қолдары.
Шаруашылық операциясын рәсімдеу үшін нысаны мен мазмұны бойынша әр түрлі құжаттар пайдаланылады, мұның өзі оларды жіктеу қажеттігін туғызады. Есептік құжаттар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет