Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Құжаттардың міндетті деректемелері мен жіктемесі



бет33/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
3. Құжаттардың міндетті деректемелері мен жіктемесі. Кәсіпорынның қызмет орны туралы қажетті ақпарат алу үшін, олар өздерінің іс-әрекеттерін бухгалтерлік құжаттарға көрініске алады. Есептік регистрлер: арнайы сызықтары бар есептік мәліметтерді топтастыру және тіркеу үшін, арналған қағаз – парақтары. Бухгалтерлік құжаттардан жазбаларды есептік регистрлерде түсіру, тіркеу деп аталады.
Бухгалтерлік есепте есептік регистрлер келесі топтарға жіктеледі:

  1. Пайдалану мақсаты бойынша;

    1. Хронологиялық – бұл регистрлерге шаруашылық іс-әрекеттер орындалу мерзімі бойынша тіркеледі (құжаттардың бухгалтерияға түсу кезектілігінен). Оларға: кассалық кітап, жүктің түсуі туралы журналдар, т.б. жатады.

    2. Жүйелік – бұл регистрлерде экономикалық мазмұы бойынша топтастырылған шаруашылық іс-әрекеттер тіркеледі. Мысалы: бас кітап, журнал-ордерлер,

    3. Аралас-регистрлерге жазбалар, хроногиялық және жүйелік тәртіпте түсіріледі. Осы есептік регистрлер кеңінен тарағна ең ыңғайлы форма. Оларға: көптеген журнал-ордерлер және тізімдемелер жатады.

  2. Мазмұнының көлемі бойынша;

    1. Синтетикалық – бұл регистрлер шаруашылық мүліктерімен олардың қайнар көздерін жалпылама түрде, көрініске алу үшін салынған. Мысалы: бас кітап, айналым тізімдемесі.

    2. Аналитикалық.

  3. Сыртқы пішіні (түрі,) бойынша;

    1. Карточкалар – бірдей форматтағы аналитикалық есеп регистрлері карточкалар бөлек есептік тіркеу бланкілері.

    2. Бас парақтар – жеке қағаз парақтарда жасалған есептік ақпараттарды түсіруге арналған формасы мен жолақтары бар және де белгілі бір мақсатқа байланысты, пайдалантын регистрлер.

    3. Кітаптар – бұл арнайы жасақтары бар беттеліп тігілген парақтардан тұратын регистрлер. Кітаптарда қажетті ақпараттарға арналған баспа сөзбен жасалған реквизиттер бар. Ең кең тараған кітаптарға: бас кітап жән кассалық кітап жатады.

    4. Машинаграммалар – бухгалтерияны компьютерлендіру көмегімен жасалған аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері. Олардың сыртқы пішіні ақпарат түріне байланысты болады.

Кітаптарға жазба түсірмесе бұрын, олардың беттерін нөмірлеп, арнайы мөрмен мөрлеп, бас бухгалтер өз қолын қояды. Регистрлер ашылған кезде оларға өткен айдағы регистрден қалдықтарды түсіреді және қажеттілігі болса, айналымдарды түсіреді. Регистрлерлерге жазбаларды түсірген кезде құжаттың нөмерін, мерзімін, іс-әрекет мазмұнын, сомасын көрсетеді. Бұл текті мінездемесі бар іс-әрекеттер алдымен жинақталу тізімдемелерде жинақталады. Ай соңында бұл ақпараттар синтетикалық немесе аналитикалық регистрлерге түсіріледі. Айдың соңында осы регистрлердің дебеттік және кредиттік айналымдар сомалары есептелінеді. Қажеттілігі болса, ай соңында қалдық шығарылады. Осы регистрлердегі қалдықтар, айналымдар, айналым тізімдемесін жасауға және ағымды бақылау жүргізуге пайдаланады. «Қаржылық есеп беру» жасауға дейін барлық еептік регистрлер мұқият тексерілуі керек, анықталған қателіктер дер кезінде теңелуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет