Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


 Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы



Pdf көрінісі
бет7/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   215
2.2 Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы
Тəжірибиелік  психология  мен  психодиагностиканың  ғылыми 
практикалық  пəн  ретінде  қалыптасуы XIX ғасырдың  аяғы  мен 
XX  ғасырдың  басында  жүзеге  асты.  Олар  психофизика,  психо-
диагностика,  психометрика,  психотехникамен  тығыз  байланыста 
болды.  Психодиагностиканың  тарихы XIX ғасырда  клиникалық 
даму  кезеңінен  басталды.  Осы  кезеңнен  бастап  психиатрлар  мен 
дəрігерлер  жан  дүниесі  сырқаттанған  адамдарды  ауруханаларда 
сырттай  бақылау  жасай  отырып,  нақты  сипаттамалар  береді.  Пси-
ходиагностикада  бақылау,  сауалнама,  құжаттарға  талдау  жасау 
əдістері  пайда  болды. XIX ғасырдың  аяғы  мен XX ғасырдың  ба-
сында орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім 
практикалық  тұрғыдан  қолданылды.  Əлемдік  білімнің  дамуында 
Рессейдегі психологияның дамуы өзіндік орынға ие болды. Осы кез-
де эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды.
1-кезең – 20  жылдардың  басы  мен 30 жылдардың  ортасы. 
Бұл  кезеңде  К.  Н.  Корнилова,  Л.  С.  Выготский,  П.  П.  Блонның 
көзқарастары  мен  белгілі  бір  əдістемелері  ғылыми-əдістемелік 
тесттердің даму жағдайын қалыптастырды. Революцияға дейін пси-
хологтар  мен  педагогтар  көптеген  зерттеулері  мазмұндық  тұрғыда 
біріктіріліп жүргізілді. Олар П. П. Блон, Г. И. Россолимо, А. П. Не-
чаев, А. М. Шуберт еді. Зерттеушілердің көзқарастары мен жалпы 
қызметі əлеуметтік жағдайларды қамтыған психологиялық тесттерді 
пайдалану болды. 1910 жылы Ресей психологы Г. И. Россолимо өзінің 
ақыл-ойды  дамыту  тестін  тұлғаны  бағалаудың  «психологиялық 
профилдік» əдістемесі жолымен жасады. Бұл əдістеме Ресейде жəне 
басқа шетелдерде кеңінен тарады. Американың психологиялық ас-
социациясы  Роберт  Эриксонның  басқаруымен  «Армиялық  интел-
лект» тестін жасады. Интеллектіні зерттеудің алғашқы топтық бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет