19
қалыптасуы адамның мотивациялық аймағының, яғни оның та-
лап- тілектерінің, ұмтылыстарының жəне ниеттерінің дамуы болып
саналады. Қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, ал бұл олар-
ды қанағаттандыратын амалдардың пайда болуын жəне оларды
жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуы-
на байланысты баланың танымдық қабілетінің, оның дағдыларының,
қолынан келетін істерінің, əдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асы-
рылады.
А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша, адамның мотива-
циялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері
сияқты іс-əрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-əрекеттің
өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сəйкес, олардың
функционалдық жəне генетикалық байланысты құрамаларын
байқауға болады. В. Г. Леонтьев мотивацияның екі типін атап
көрсетеді. Біріншісі қажеттілік түрінде, сонымен қатар қызығу, ин-
стинкт түрінде, екіншісі мотив түрінде көрінеді. Бұл жағдайда мотив
пен мотивация бір-біріне ұқсас болып кетеді. В. Г. Леонтьевтің бой-
ынша, мотив мотивация формасы ретінде белгілі бір мақсатқа жету
үшін бағытталған іс-əрекет пайда болады.
Оқу үдерісінің негізгі итермелейтін күштерін анықтау, оның
нəтижелі жүргізілуіне өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл туралы іс-əрекет
теориясын құрастырғандардың бірі А. Н. Леонтьев «тұтас үдеріске
бағытталған нəрсе, субъектінің нақты іс-əрекетке итермелейтін
түрткісімен (мотивпен) сəйкес болады», – деп жазады. Яғни адам
белсенділігінің үдерісі əрқашанда бір нəрсеге бағытталады, оның
мəні бар. Сонымен қатар бұл үдеріс белгілі бір қажеттілік жəне мо-
тивке (қажеттілік қанағаттандырылатын пəнмен) бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: