Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет228/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

артыҚ  БОЛМас  БІЛГенІң
1. Оқыңыз.
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен біздің ата-бабаларымыз.
«Бата» – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі.
Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат 
алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Яғни, бата, фатекенің мағынасы алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру.


170
viii
 БӨ
ЛІМ
Батаның негізгі түрлері:
1. Ақ бата.     2. Теріс (қарғыс) бата.     3. Серттесу батасы (Баталасу).
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  өсиетнама.  Ақ  бата,  көбінесе,  мынадай 
жағдайларға: жаңа туған нәресте, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қыз, 
жас  отау,  алыс  жолға  шығушылар,  үлкен  бір  істі  қолға  алушылар, 
түрлі  жақсылықтарға  арнап  жасалынған  тойларға,  әруаққа  ар-  
налған ас, жауын тілеген тасаттық, жиналған егін, садақа, құрбандық, 
қонақасыларға, күздік, соғымға сойылған мал, сойылған соғым басы, 
Наурыз  (Наурыз  бата),  Жаңа  жыл,  мүшел  жас,  дастарқан,  Ораза  ұстағандарға  (Жарапазан  бата) 
байланысты беріледі.
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін 
ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, 
тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс 
жайып тұрып берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет