X БӨ ЛІМ 3. Дұрыс белгісіздік есімдігін табыңыз. 1. Салауатты өмір сүруге
әркімнің / әркім құқығы бар.
2.
Әрдайым / әрдеңе жуылған және таза піскен жеміс жеу керек.
3. Дүкенде
кейбіреулері / кейбіреулер балаларына газды сусын алып жатады, бірақ ол жас ағза
үшін өте зиян.
4.
Кейбір / кейбірі елдерде жаңа піскен көкөністер жеткіліксіз, сондықтан олар шетелден
алады.
5.
Әрқашан / әркім дәрумен іше берген дұрыс емес, тек дәрігеріңіз кеңес берсе ғана ішкен жөн.
6.
Біреулер / біреулеріміз күніне жеткілікті су ішеді, ал
біреулерінің / біреулері мүлдем ішпейді.
артыҚ БОЛМас БІЛГенІң Күніне ер адам мен әйел адамның қанша литр су ішу
керектігін анықтайтын мынадай формула бар:
- Ер адам: өз салмағын 35-ке көбейтеді.
- Әйел адам: өз салмағын 31-ге көбейтеді.
Нәтиже миллимертмен көрсетіледі. Шамамен сондай
көлемде су ішкені абзал екен.
Егер жұқпалы ауруға шалдықсаңыз, міндетті түрде жылы су
ішіңіз. Әсіресе, өкпе аурулары кезінде жылы су көмектеседі.
Себебі, көп мөлшердегі жылы су өкпедегі сілекей қабығының
құрғамауына және қанның қоюланбауына септігін тигізеді.
Яғни бұл жылы судың көмегімен вирустарды өкпеден тез
жоюға болады деген сөз.
Мазасы қашқан адам су ішкенде ми жүйке орталықтарын
реттейді. Су ішкен кезде ақырын тыныстауымыз керек.
Ықылық атқанда да адам су ішеді.
Кез келген газдалған сусын целлюлиттің пайда болуына
әсер етеді деген пікір бар. Сол себепті дәрігерлер газдалған
сусыннан бас тартуға кеңес береді.
Күніне 2 литр су ішу керек деген қағида дұрыс па? Су емдейді
Су тыныштандырады