Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде


Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар



бет3/11
Дата02.02.2023
өлшемі316,5 Kb.
#64657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін пайдалану – оның тәуелді болатын факторларына мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділі- гін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс ба– лағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығын –
дарына әсер ететін жағдайлар. Олар:

  • Ғ.Т.П. – нің жеделдеуі. Ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;

  • өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;

  • басқа әдістері мен жүйесін жетілдіру;

  • өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.

Факторлардың маңыздылығы жоғары және маңыздылығы төмен, объ – ективті (материалды) және субъективті (саяси, құқтық, идеалогиялық), қысқы және ұзақ мерзімді болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабыл- дау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпора– тивтік мәдениет және т.б. жатады. Ішкі факторлар негізгі және негізгі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жа – тады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы: қаржы, шаруашылық және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсе- келестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет болып саналады.
Өзгерістерге төтеп беру деңгейіне қарай ішкі факторлар объективті жә- не жүйелік болады. Объективтіге: өндіріс, технология, шикізат, материалдар, негізгі қорлар және өнімнің өзі жатады. Бұлар құрал – жабдықтың өнімділігі- мен, техналогиялық жаңартумен, ресурстарды үнемді пайдалануға бағыттал- ған шаралармен байланысты. Жүелікке: ұйымдық құрылым, персоналды бас- қару әдістері жатады. Өндіріс тиімділігін басқаруда ерекше рөл басқаруға беріледі, өйткені оған кәсіпорынның барлық ресурстарын үнемді пайдалану жауапкершілігі жүктеледі.
Сыртқы орта факторлары тікелей (функционалды) және жанама (жал -пы) әсер етуші болып бөлінеді. Жанама әсер етуші факторлар кәсіпорынға бағынбайды. Оларға: экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, заң- дық, технология, бәсеке, сыртқы ортаның халықаралық ерекшеліктері жата- ды.
Экономикалық фактор кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы жалпы эко – номикалық жағдайды көрсетеді(тұтынушылардың сатып алу қабілетін, жұ – мыссыздық деңгейін, пайыздық деңгей және т.б.).
Әлеуметтік – мәдени факторлар кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы тұрғындардың салт – дәстүрі, құндылықтары, демографиялық сипаттары өн – діріс тиімділігіне өз әсерін тигізеді.
Өндіріс тиімділігін арттырудың стратегиялық факторы – мемлекттің халықаралық ережелерін ескеру қажет. Егер кәсіпорын жоғары сапалы өнім өндірсе оны Еуропада да, Азияда да сатып алады. Саяси құқықтық, заңдық факторлар белгілі бір территориядағы кәсіпорындардың қызметін реттейтін – діктен бір – бірімен тығыз байланысты.

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру факторлары


Кәсіпорынның экономикалық және өндірістік әлеуетін толық пайдалану

өнімділікті құрал-жабдықтар мен қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізу

Өнім сапасын, бағасын, өткізу мүмкіншілігін басқару

Персоналдар -дың жоғары кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі

Ақпараттық базаны жетілдіру

1-сурет Кәсіпорнның тиімділігін арртыру факторлары


Тікелей әсер етуші факторлаға кәсіпорын белгілі бір деңгейде реттей алатын факторлар жатады (жабдықтаушылар, тұтынушылар бәсекелестер, еңбек нарығы). Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көң-іл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.


Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және сәйкестендірудің әдісте – рін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін ба – ғалаудың экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Нарықтық экономикада кез келген кәсіпорын жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарлатуға тырысады. Алайда әрбір қоымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін еске- ру қажет.
Егер кәсіпорынөнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шы – ғынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті та – быстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірін – ші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарыла – татын кәсіпорындардың іс - әрекетін салыстырайық. Бұл кәсіпорындар іс-әре- кеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі бо – луына байланысты.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорын нарықтық бағаға әсер ете ал – майды. Өнімнің кез – келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бір – лігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Кәсіпорын шекті табыс МR және шекті шы – ғынға МС тең болған жағдайда, пайданы жоғарылатады. Шекті шығын тө-мендеп, сәйкесінше пайда жоғарылаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы жоғарылатудың екінші шарты болып табылады. Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, себебеі ол жағдайда (баға орташа шығыннан төмен болса) кәсіпорын өнім өндірмейді. Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жоғары, орташа шығыннан AC төмен болса да өнім өндіре береді. Кәсіпорын өзінің тұрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) тө - мендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, тұрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді. Ал ұзақ мерзімді кезеңде мұндай жағ – дайдың болуы мүмкін емес. Кейбір кәсіпорындар саланы тастап кетеді. Сон – дықтан салада қалған кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныс бағасы жоғары – лайды. Бұл процесс салада қалған кәсіпорындар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер кәсіпорындардың са-ладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған кәсіпорындар экономикалық пайда алады, бұл салаға жаңа кәсіпорындарды тартады. Салаға жаңа кәсіпорындардың енуі сұранысты ұлғайтады және өнім бағасын төмендетеді, кәсіпорын пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа кәсіпорындардың ену процесі тоқтайды. Ұзақ мерзімді кезеңде жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорындардың салаға енуі және шығуы бағаның орташа шығынға те- ңесуімен анықталады (0 – дік таза экономикалық пайда гипотезасы). Яғни:
P=MR=MC=AC
Таза монополия жағдайында монополист неғұрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғұрлым төмен болады. Бұл жағдайда шекті табыс әрқашан орташа табыстан төмен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді. Себебі MR Монополист шекті табыс шекті шы- ғынға тең болғанда MR=MC пайдасын жоғарылатады. Бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін к әсіпорыннан айырмашылығы шекті шығын баға- дан төмен МС<Р болады. Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пай – да гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа кәсіпорындардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және ұзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі – монополист - өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.
Жоғарыдағы тұжырымдарды талдай отырып, мынандай қорытынды шығаруға болады: біріншіден жетілген бәсеке жағдайында пайданы жоғары - лататын фирма тек бір айнымалыны - өнім көлемін бақылай алады.Екіншіден таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жоғары бағамен сата алады және өндіріс масштабының ұлғаюы есебінен шығындарды азайтып, бағаны төмендете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет