Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайдаланудың тиімділігі аюпова Назым



бет1/4
Дата10.10.2022
өлшемі20,16 Kb.
#42117
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Аюпова баяндама


БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аюпова Назым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы

Түйіндеме. Ұсынылып отырған мақалада білім мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәні бойынша оқушылардың құзыреттілгін дамыту мақсатында белсенді оқыту әдіс - тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану қарастырлған.


Белсенді оқу - шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады.
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблемалар әкелетін жаhандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгерістерге ұшыруда. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алуандығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». «Балалар ХХI ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.
Жаңаша білім беру мазмұнына көшу жағдайында оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану, жаңа технологияны қолдану, педагогикалық қарым-қатынас стильдерін қамтиды.
Белсенді оқу - шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» деп санауға болады. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Информатика сабағында топтық және жұптық жұмыстар, рөлдік ойындар қолданылады.Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, басқаларды оқыту нәтижелері бойынша таныстырылымдарды, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет