Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Өтелмелі қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері



бет78/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын атқару.
Егер өтелмелі қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті.
Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу.
Тапсырысшы өзіне көрсетілген қызметтерге өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпте ақы төлеуге міндетті.
Тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе өтелмелі қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке ақы толық көлемінде төлеуге жатады.
Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән – жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққын шығындарын өтейді.
Шартты орындаудан бір жақты бас тарту.
Тапсырысшы атқарушының іс жүзінде шекен шығыстарын өтеген жағдайда, өтелмелі қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Тапсырысшының кінәсінен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Өтелмелі қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері.

  2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының орындалуы.



Тасымалдау. Көлік экспедициясы.



  1. Тасымалдаудың шартының жалпы ережелері.

  2. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау.

  3. Көлік экспедициясы шарты.



1. Тасымалдау шартының жалпы ережелері.


1.Жүк тасымалдау шарты көліктік құжатын коносаментті тауар-көлік құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлік туралы заң актілерінде көзделген өзге де құжатын толтыру арқылы ресімделеді.
Кеме жалдау шартын жасау тәртібі сондай-ақ оның нысаны мен түрлері көлік туралы заң актілермен белгіленеді.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен ресімделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет