Ресми стиль түрі



Дата04.02.2023
өлшемі14,1 Kb.
#65170
түріДиплом
Байланысты:
Серікбай Амира СӨЖ стилистика


3 Бап
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің Дипломатиялық миссиялар басқармасының алдын ала мақұлдауын алған жағдайда,Тараптар бір-біріне мүліктерді иелену мен басқаға беру құқықтарының,сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер орналасқан елдерде дипломатиялық миссиялар алған ғимараттар мен жер учаскелеріне иелік ету құқықтарының өзгермейтіндігіне кепілдік береді.Осы өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін түсіндіру мен қолдану кезінде даулар мен пікіралшақтық туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аса мәртебелі АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне жолдауы.

Ресми стиль түрі
1)Мәтіндегі сөйлем құрылымы стандартты,сөздердің орын тәртібі берік,нақты ақпаратқа құрылуына байланысты
;
2)Мәтіндегі қасаңдық,яғни эмоцияның жоқтығы;
3)Мәтінде тұйық етістіктің қолданылуы (иелену,иелік ету,түсіндіру,қолдану);
4)Мәтін екіұшты ойдан алшақ және жазуда стильдік қателіктер жоқ;
5)Логикалық,яғни қайшылықтың болмауы,дәлелдігі;
6)Біз білеміз ресми стиль екі үлкен бөлімнен тұрады.1)ресми құжатты және күнделікті іскери.Ресми құжатты-дипломатия тілі және заңдар тілі деп бөлінеді.Соған сәйкес мәтінде этикет сөздер кездесуіне байланысты ресми стиль ішіндегі дипломатия тіліне жатқызамыз.Дипломатиялық тілде басқа мемлекет өкілдеріне қарым-қатынас олардың титулдық дәреже түрлеріне қарап,этикет сөздер қолданылады (аса мәртебелі);
7)Лексикалық өзгешелік бірден көзге түседі.Мұнда заң орындарына тән арнаулы сөздер мен сөз тіркестері қолданылған;
8)Ойдың логикалық жүйелігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылуына байланысты Ресми стильге жататындығына көзіміз жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет