Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі


Тақырыбы: Гидравликалық машиналар



бет52/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Тақырыбы: Гидравликалық машиналар


Дәріс жоспары:


1. Қалақшалы сорғылар
2. Поршендік сорғылар
3. Поршендік сорғылардың индикаторлық диаграммасы
4. Сорғылардағы энергия балансы
5. Гидро және пневможүйелер элементтерінің мағынасы


Гидравликалық машиналар деп сұйықтан энергия бөлігін қабылдап және пайдаға асыру(гидроқозғалтқыш) үшін оны жұмысшы органға жеткізетін, немесе олар арқылы ағатын механикалық энергияның(сорғы) сұйықтығын хабарлайтын машиналарды айтады.
Гидроберілісте тағайыналуы сұйық арқылы соңғы қозғалыс жылдамдығы мен түрінің пайда болуы, сондай-ақ қозғалтқыштан орындаушы органға механикалық энергияны беру болып табылатын сорғылар мен гидромоторларды қолданады.
Гидроберіліс механикалық беріліспен салыстырғанда (жалғастырғы, жылдамдық қорабы, бәсеңдеткіш және т.б) келесі артықшылықтарға ие.
1. Жұмыстың бір қалыптылығы.
2. Жылдамдықты сатысыз реттеу мүмкіндігі.
3. Орындаушы органға орнатылған жүктемеден шығаберіс білікте моменттің төмен тәуелділігі.
4. Үлкен қуаттарды беру мүмкіндігі.
5. Кіші аумақты өлшемдер.
6. Жоғары сенімділік.
Гидроберіліс ПӘК-інің механикалық беріліс ПӘК-інен кіші болғанына қарамастан, бұл артықшылықтар гидроберілістің кең таралуына әкелді.

  1. Қалақшалы сорғылар

Қазіргі заман техникасында әртүрлі машиналардың үлкен мөлшері қолданылады. Тұрғындарды сумен жабдықтауда қалақшалы сорғылар кең өріс алды. Қалақшалы машинаның жұмыс мүшесі қалақшалармен жабдықталған айналмалы жұмыс доңғалағы болып табылады. Қалақшалы сорғылар центрден тепкіш және осьтік деп бөлінеді.




Центрден тепкіш қалақшалы сорғыда сұйықтық центрден тепкіш күштердің әсерінен жұмыс доңғалағы арқылы центрден перифирияға қарай орнын ауыстырады.
2.1-суретте центрден тепкіш сорғының қарапайым сызбасы бейнеленген. Сорғының ағынды бөлігі үш негізгі элементтерден тұрады: жеткізу аспабы (подвод) 1, жұмыс доңғалағы 2 және бұрып әкету аспабы (отвод) 3. Жеткізу аспабы бойынша сұйықтық жұмыс доңғалағына жеткізуші құбырдан әкелінеді. Жұмыс доңғалағы 2 энергияны сұйықтыққа жетекті қозгалтқыштан береді. Жұмыс доңғалағы ажәне б деген екі дисктерден тұрады және олардың арасында доңғалақтың айналауына қарама-қарсы бағыттағы жаққа қарай иілген қалақшалар в болады. Сұйықтық доңғалақ арқылы центрден перифирияға қарай қозғалады. Бұрып әкету аспабы арқылы сұйықтық жұмыс доңғалағынан арынды келте құбырға (патрубок) қарай немесе көпсатылы сорғыларда келесі доңғалаққа қарай бұрып әкетіледі.

2.1-сурет. Центрден тепкіш сорғының сызбасы




Осьтік қалақшалы сорғыда сұйықтық негізінде жұмыс доңғалағының айналу осін бойлай орнын ауыстырады (2.2-сурет). Осьтік сорғының жұмыс доңғалағы кеменің бұрандасына ұқсайды. Ол төлкеден 1 және оған бекітілген бірнеше қалақшалардан 2 тұрады. Сорғының бұрып әкету аспабы болып сұйықтықтың бұралуын жоятын және оның кинетикалық энергиясын қысым энергиясына айналдыратын осьтік бағыттаушы аппарат қызмет етеді. Осьтік сорғыларды үлкен берулер және кіші қысымдар кезінде пайдаланады.



2.2-сурет. Осьтік сорғы сызбасы


Осьтік сорғылар жұмыс доңғалағы қалақшаларының орны өзгермейтін қаттықалақшалы және жұмыс доңғалағының орны реттелетін бұрылысты-қалақшалы бола алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет