Саяси ұйымдардан бөлек, өздерiнiң мүшелерiн әлеуметтiк, кәсiптiк және
басқа белгiлерi бойынша бiрiктiрген ұйымдар - “Жауынгер-ауғанстандықтар”,
“Әдiлет”, “Жас құрылысшылардың мемориал ассоциациясы”, “Тәуелсiз
студенттер одағы”, “Азамат”, “Ақиқат”, “Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы”,
«Алдаспан», «Қайта құру бағдарламасын қолдаушы клуб» т.б. оппозициялық
қозғалыстар мен саяси ұйымдар сан қилы бағыттағы пікірсайыс шаралар
ұйымдастырды.
1990 жылғы қарашаның басында Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық
бiрлестiктердiң саны 100-ден асып, оның 40-қа жуығы республика астанасы-
Алматыда болды. Дегенмен, көп уақытқа дейiн экологиялық қозғалыстардан
басқа жаңа қозғалыстардың саны аз болды. Жаңашыл бағытты қолдайтын
қозғалыстар
өз
мүшелерiн
гуманистiк,
адамгершiлiк
принциптердi,
заңсыздықтарды, кемсiтушiлiктi, адамдардың азаматтық-құқықтық қадiр-
қасиетiн қорғайтын, қоғамдық
проблемалар мен әлеуметтiк жанжалдарды
шешудiң құралы ретiнде озбырлық пен зорлықты айыптауға қарсы күрестің
ерiктi тарихи-ағартушылық “Әдiлет” қоғамы құрылды.
Заманның жаңа ағымы арнасында қалыптасқан саяси партиялар мен
қоғамдық қозғалыстардың көпшiлiгi ұйымдық жағынан болсын, өздерiнiң
стратегиялық және тактикалық мiндеттерiн айқындау жағынан болсын, әлi
қалыптасу сатысында болды. Мысалы, “Невада-Семей” қозғалысы, “Азат”,
“Қазақ тiлi” сияқты жекелеген ұйымдар құрамы жағынан мейлiнше көп, белгiлi
бiр ақшалай қаражаттары да бар (демеушiлер мен азаматтардың ерiктi көмегi
есебiнен) және өздерiнiң басылымдарында ақпараттық танымдық материалдар
да шығаратын болды. Өздерiнiң мақсаттары мен мiндеттерi, сонымен бiрге iс-
әрекеттерiнiң тиiмдiлiгi бойынша бұл ұйымдардың бiр-бiрiнен елеулi
айырмашылықтары бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қатарында 800 мыңға
жуық мүшесi болған Қазақстан Коммунистiк партиясының беделi уақыт өткен
сайын сейіле түсіп партия қатарындағылар өз еркiмен өкілдік құжаттарын
тапсыра бастаған.
1990 жылдың қазан айында Республика Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясы
Достарыңызбен бөлісу: