Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


орталықтан  басқарылған  жоспарлы  экономиканың  тоқырауы,  жаппай



Pdf көрінісі
бет31/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

орталықтан  басқарылған  жоспарлы  экономиканың  тоқырауы,  жаппай 
көзбояушылық, талан-таражға жол беру т.с.с. құраған. Осының бәрі Казіргі 
Қазақстанның  ширек  ғасырлы  тарихы  нақты  фактілер  негізінде  дәлелдеп 
берген.  Демек,  тәуелсіздік  қарсаңында  елде  қалыптасқан  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  ахуалын  объективті  бейнелеп,  шынайылық  деңгейі 
жоғары дерек көзі арнасында толығымен дәлелделді деп ойлаймыз. 
Өткен  ғасырдың  70-шi  жылдары  басы  жаңашыл  үрдiстердiң  едәуiр 
әлсiреуiмен,  қоғамдық  құрылыс  қағидаттары  (принциптерi)  мен  түрлерiнiң 
тоқырауға  ұшырауымен  ерекшелендi.  Саяси  өмiр  қағидаттарына  әлем 
дамуындағы  озық  тәжірибелер  келе  бастағанда  саяси  және  экономикалық 
бетбұрыстың  пайда  болуы  елеулі  жаңалықтарға  жол  ашты.  Өйткенi  дәл  осы 
кезде  саяси  құрылымды  жаңартуға,  нарықтық  қатынастар  жолымен 
экономикалық реформалар жүргiзуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлi 
ұмтылыстар  күш  ала  бастады.  Яғни,  онда  кеңестік  социалистік  құрылымның 
“сталиндiк”,  “кеңестiк”  нұсқасының  дәрменсіздігі  және  сол  арнада  
демократиялық  қатынастар  мен  азаматтық  қоғам  орнату  мүмкіндігі  шегіне 
жеткені әбден аян болды.  
Алайда  КСРО  басшылығымен  бұл  ұмтылыс  1968  жылы  “Прага 
көктемiне”  қарсы  төндiрiлген  “интернационалдық  акцияның”  салдарынан  iске 
аспай  қалды.  Осының  нәтижесiнде  60-шы  жылдар  ортасындағы  бетбұрыс 
төрешiл  кертартпа  күштердiң  құрсауында  қалды.  Бұл  оқиғаның  iзi  суымастан 
“ревизионизмге”  қарсы  басталған  идеологиялық  науқан  Чехословакиялық 
коммунистік  партиясының  ішкі  дағдарысын  жоюға,  бiрқатар  басқа  сондай 
саяси  ұйымдардың  оппортунистiк  күштерге  теориялық  соққы  беруге,  партия, 
оның  социалистiк  қоғамдағы  жетекшi  рөлi  туралы  “маркстiк-лениндiк” 
тұжырымдаманы қайта қалпына келтiруге жәрдемдесуге тиiс болды. 
Алайда 
тарих 
тәжiрибесi 
коммунистiк 
құрылыстың 
КОКП 
Бағдарламасында  белгiленген  мiндеттерi  өзiне  сай  саяси  және  тәжірибелік 
шешiмдер тапшы екенідігін көрсеттi. Ал мұның өзi көптеген сауалдың жауабын 
кемелденген  социализм  тұжырымдамасынан  iздеу  қажеттiлiгiн  алдын-ала 
аңғартты.  Кеңестік  мемлекетті  бiрте-бiрте  жетiлдiру  идеясы  саяси  бағыттың 
өзегiне айналды. 
Билеушi  партияның  басшылығы  Қазан  (1917  ж.)  оқиғаларының  50 
жылдығына 
байланысты 
өткен 
салтанатты 
мәжілісінде 
жасалған 
баяндамасында,  ешбір  дәлелсіз  Кеңестер  Одағы  тарихының  басты  нәтижесі 
кемелденген  социализмнiң  орнауына  әкеледi  деген  тұжырымға  тоқтады.  Бұл 
“тұжырымдаманың” 
өзiнен 
бұрынғы 
теориялық 
ұстанымдары 
мен 
методологиясынан айырмашылығы, социалистік қоғам дамуының едәуiр ұзаққа 
созылатын  кезеңi  екендiгiн  ашық  мойындауынан  пайда  болған  еді.  Осы 
межеден  бағалайтын  болсақ  “коммунизмге  қарай  алып  адыммен  секiру” 
идеясынан  бас  тарту  жағдайына  байыпты  баға  беру  көрiнiсi  болғандығы 
шүбәсiз.  Бiрақ  бұл  тұжырымдама  ХХ  ғасырдың  30-40-шы  жылдары  мерейi 


үстем  болған,  өтпелi  кезеңнiң  бүкiл  проблемалары  шешiлiп  бiттi,  социалистiк 
мұраттар  негiзiнен  жүзеге  асты  және осының  бәрi дәлелденген”  деп  санайтын 
әлеуметтiк-экономикалық даму пайымы негіз болған. 
Ешбір  адамзат  тәжірибесі  мен  теориялық  ұстанымы  дәлелденбеген 
«тұжырым»  салдарынан  социализмдi  жетiлдiру  жолдарын  iздестiру  iсi  (егер 
мұндай  iздестiру  жүргiзiлсе)  ескiрген  түсiнiктер  аясында  ғана  қанат  жаюға 
мүмкiндiк  алды.  Cоциализмнiң  iркiлiссiз  және  қайшылықсыз  үдере  өркендеуi 
теориясы  экономикалық  және  әлеуметтiк  ұмтылыстарды  асыра  ұлғайтып 
сипаттауға,  ақиқатты  қосымша  боямалап  насихаттауға  бағыт  сілтеді.  Қоғам 
өзегiне  енген  қайшылықтардың,  тоқыраушылықтың,  төрешiлдiктiң  асқыну 
себептерiн  екі  жүзді  жасырынды  сипатта  қалдыра  бердi.  Қоғамның  даму 
құбылысы  өткен  кезеңдегi  жетiстiктермен  салыстыра  қарастырылғандықтан, 
сөздер  мен  ұғымдар  бiрте-бiрте  шындыққа  мүлде  жанаспайтын  дәрежеге 
ұласып,  қолданған  «теорияның»  өзі  де  мақсат  еткен  мән-мағынасынан 
алшақтай түскен. 
Қиялдағыны  қолдағыдай  етiп  көрсетуге  жалаң  ұмтылыс  барынша 
асқындаған  көрiнiсi,  КСРО-ның  1977  жылғы  Конституциясында  тіпті 
заңдастырылып  бас  құжатқа  салынды.  КОКП  Орталық  Комитетiнiң  мамыр 
(1977 ж.) пленумында мақұлдаған Конституция жобасы бүкiлхалықтық талқыға 
ұсынылып  оның  барысында  азаматтардан  не  бәрi  400  мыңға  жуық  ұсыныс 
келiп түстi. 1977 жылғы қазанның 7-i жұлдызында тоғызыншы сайланған КСРО 
Жоғарғы  Кеңесiнiң  кезектен  тыс  сессиясы  Негiзгi  Заңның  мәтінiн  қабылдады. 
Бұдан  былай  Кеңестер  Одағында  жаңа  мереке  7  қазан  Конституциясы  күнi 
мәртебесін алды. 
1978 жылғы наурыздың 17-i жұлдызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң 
Төралқасы  республика  Конституциясының  жобасын  бас-аяғы  бiр-ақ  айға 
созылған  “бүкiлхалықтық  талқылауға”  ұсынды.  Оның  iргетасын  Кеңес 
мемлекетiнiң  Негiзгi  Заңы  құрады.  Сыншыл  рухтағы  ресми  қоғамдық  пiкiрге 
кереғар  келетiн  материалдар,  әлбетте,  ескерусiз  қалды.  1978  жылдың  наурыз 
айының  18-20  жұлдыздарында  Қазақстанның  билеушi  партиясының  ОК-i 
мақұлдағаннан  кейiн,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесiнiң  кезектен  тыс  жетiншi 
сессиясы Жаңа Конституцияны қабылдады. 
Демократияны  шектеу,  еңбек  адамын  меншiк  пен  билiктен  іс  жүзінде 
алшақ  ұстау,  адамның  құқын  аяқасты  ету  т.б.сияқты  кеңес  қоғамының  саяси 
жүйесiне  тән  көріністер  осындай  болды.  Жаттандық  пен  қасаңдыққа  бой  ұру 
демократиялық институттардың қатып-семуiне және тек қана формалдi арнада 
сипат  алуын  одан  әрі  нығайтты.  Қалыптасқан  жағдай  Кеңестердiң 
демократиялық iшкi мүмкiндiктерiнiң тынысын тарылтып, адымын ашқызбауға 
айналды. 1970-1980 жылдары жетекшi органдар тарапынан Кеңестер жұмысын 
жақсарту жөнiнде ондаған құжаттар жарияланғанымен, олар күткен жаңалыққа 
жол ашпады және олай болуы да мүмкiн емес едi. “Мемлекеттендiру” процесi 
кәсiподақтарды, жастар одағын және басқа қоғамдық ұйымдарды да қамтыды. 
Қоғамдық  ұйымдардың  партиялық-мемлекеттiк  аппаратпен  тұтасуы,  олардың 
дербес негiздерiн жоққа шығаруға әкеп тiредi. 


Бұл  кезеңге  тән  болған  сөз  бен  iс,  қабылданған  шешiмдер  мен  олардың 
орындалуы  арасындағы  алшақтық  кеңес  адамдарының  бойында  самарқаулық 
пен  немқұрайлықты  тереңдете  түсті.  Өткен  ғасырдың  50-60-шы  жылдардағы 
реформалық  әрекеттердің  сәтсiздiкке  ұшырауы,  ауыз  толтырып  айтарлықтай 
нәтижелердiң  болмауы,  көпшілік  жиындар  мен  еңбек  ұжымдарында 
жарияланған  мақсаттар  мен  ниеттерге  сенiмсiздiкпен  қарау  көріністері 
тынысын одан әрі кеңейтті. Оның үстiне халықтың біршама бөлiгi әрекетсiздiк 
пен  маскүнемдiкке  бой  алдырып,  рухани  жарымжандыққа  ұшыраудың  аз-ақ 
алдында тұрды.  
Келеңсiз  құбылыстар  ұлтаралық  қатынастар  саласында  да  орын  алды. 
Осы жылдары республика бойынша мектептерде ана тiлiнде оқытуды жақсарту 
жөнiнде  бiрде-бiр  құжат  қабылданбады,  оның  есесiне  мұндай  құжаттар  орыс 
тiлiн оқыту сапасын арттыруға байланысты молынан қабылданып жатты. Орыс 
тiлiнiң  жағдайын  ұдайы  жақсартуға  бағытталған  “қысымшыл”  саяси  бағдар 
“ұлт мәселесiнiң толық және түпкiлiктi шешiлуiмен”, “халықтардың мызғымас 
достығымен”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы және бiрiгуi” арнасындағы 
жалаң  және  екі  жүзді  теориялар,  мағынасы  қасаңсып,  тіпті  әзіл  шытырмақа 
әңгімеге айналған жалаң ұрандар қоғамда бой алды.  
ХХ  ғасырдың  70-80-шi  жж.  бас  кезiнде  Кеңес  Одағында  қос  қабат 
қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай 
аса қуатты қорғаныс қабiлетi болып көрмеген едi, бiрақ нақ осыған байланысты 
соғыс  қатерi,  ядролық  шабуылға  ұшырау  қаупi  бұрынғыдан  да  ұлғая  түстi.  
КСРО  билеуші  тобы  мүшелерiнiң  Ауғанстанға  әскер  енгiзу  туралы  шешiмi 
КСРО-ның  халықаралық  беделiне  едәуiр  нұқсан  келтiрдi.  Кеңестiк  сыртқы 
саясаттың тағы бiр аса iрi және қымбатқа түскен жаңсақтығы орта қашықтықта 
зардап  келтіруге  қабілетті  ракеталарды  Еуропаға  орналастыруы  жөніндегі 
шешімі  болды.  Бұл  елдегi  жағдайды  күрт  тұрақсыздандырып,  КСРО-ның 
сыртқы саясатына сенiмсiздiк пен екіжүздік сипат берді. 
Бұл кезеңде әлемдiк социализмнiң даму қарқынының бәсеңдеуi байқалды. 
Әлеуметтiк-экономикалық  және  саяси  салаларда  қолайсыз  бағыттар  пайда 
болып,  тереңдей  түстi.  Шығыс  Еуропа  елдерiнде  орныққан  тоталитарлық 
құрылыстар  саяси  басшылық  пен  мемлекеттiк  басқару  арналарын  бiр  уысқа 
шоғырландыра келе, бiрте-бiрте билік жүйесін халық бұқарасына қарсы қойды. 
Бұған,  мәселен,  Польшада  болып  өткен  оқиғалар  айғақ  бола  алады.  Мұнда 
1956-1980 жж. төрт рет дау-жанжал туындады. Бұл төңтерiстiк әкiмшiл-әмiршiл 
жүйенiң теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгiсi 
едi. Алайда мұндай “дабылдардың” бiрде-бiрiне саяси тұрғыдан лайықты жауап 
берiлмеді. 
Саяси-экономикалық 
құрылымды 
жаңартуға 
бағытталған 
ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки “капитализмге қайта оралу” деген 
тіпті ешбір ойға сыймайтын құр сөздермен бағаланды. 
Мұнда  ел  басқару  жүйесiн  сақтап  қалудың  барлық  әдістері,  тiптi  әскери 
жағдай  енгiзу  де  түгел  қолданылды.  Қасарыспа  қасаңдық  пен  сыңаржақты 
идеологиялық  шалықтау  шылауында  қалған  КСРО  мен  социалистiк  қосын 
елдерi басшыларының басым көпшiлiгi қоғамдық құрылысты түбегейлi өзгерту 
мiндеттерiн  шешу  биiгiне  өре  жеткiзе  алмады.  Сыңаржақты  идеологиялық 


қысым көрсету мен әртүрлi жазаларға ден қою КСРОны қолдаушы елдерiндегi 
рухани өмiрдiң басты нышандарына айналды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет