жіберілдә немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар
реформаларды жүргiзуге мұрындық болды, сыртқы экономикалық қызмет
ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы енгізілді,
меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның
инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi орнықты,
мемлекеттік меншiктi жекешелендiру жедел қарқын алып көлемі ұлғайды.
Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық
тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-
демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi;
өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм сапасы мен деңгейі тарылды; азаматтардың
материалдық әл-ауқаты құлдырады: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну
қоржынының ең төмен деңгейiне түсіп күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра
алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық өскен. Бұл кезеңде бұрынғы
әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік
қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы
мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды.
Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерiне келетін болсақ:
біріншіден, елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды;
екіншіден, ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын
жүргiзу мүмкiндiгi туды;
үшіншісі, сауда рыногi тұтыну тауарларымен толыса
түстi;
төртіншісі, республиканың тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік
қоғамдастығы мойындап Қазақстан халықаралық қаржы институттарынан өзіне
тиесілі орынды алды. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы
Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын
құруға жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: