Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет41/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Реформалардың төртiншi кезеңі (1998-1999): 
Бұл  тарихи  кезеңде  Қазақстанның  2030  жылға  дейiнгi  даму  стратегиясы 
қабылданды.  Сол  бағдарлама  аясында  қазақстандықтардың  өсiп-өркендеуi, 
қауiпсiздiгi  және  әл-ауқатының  жақсаруына  жол  ашылды:  ел  Президентiнiң 
“Қазақстан  халқына  жолдауы”  (1997  ж.  күз)  бағдарламасы  —  ҚР-ның  ұзақ 
мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары 
және  елдiң  дамыған  елдер  қатарына  ену  жолдары  айқындалды.  Белгілі 
саясаткерлер  мен  сараптаушылар  тұжырымынша  стратегияның  мiндеттерiне 
сәйкес  Қазақстан  2030  жылға  қарай  дамыған  мемлекеттердiң  деңгейiне  жетiп, 
әлемнiң ең дамыған  елдерiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму 
стратегиясы) 1997  жылдың  аяғында  басталған  дүниежүзілік  қаржы  дағдарысы 
Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады.  
Ұзақ  мерзiмдi  стратегияның  алдын-ала  белгiленген  кезеңiн  iске  асыру 
мақсатында  1998  ж.  Президенттiң  28  қаңтардағы  Жарлығымен  ҚР  дамуының 
1998  -  2000  жж.  арналған  стратегиялық  жоспары  бекiтiлдi,  ол  дүниежүзілік 
қаржы  дағдарысының  зардаптарын  еңсеруге,  экономиканың  нақты  секторын 
сауықтыру  жолымен  экономикалық  өрлеудi  қамтамасыз  етуге,  бюджеттiк 
саланы  реформалауға,  белсендi  әлеуметтік  саясат  жүргiзу  жағдайында  ел 
экономикасына  жұмсалатын  инвестицияларды  ұлғайтуға  жол  ашты.  Бұл 
кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллары 1998 ж. — 78,29 


теңгеге,  1999  ж.  —  119,64  теңгеге  тең  болды),  мұның  өзi  1996  жылмен 
салыстырып  қарағанда  12%-ға  төмендеген  (1998)  өнiм  экспортын 
ынталандыруға  мүмкiндiк  бердi.  1999  ж.  экспорт  көлемі  5592,2  млн.  АҚШ 
долларына  ұлғайды.  Бұл  кезеңде  тұтыну  қабiлетiнiң  тепе-теңдiгi  бойынша 
жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. көлемдегі 1998 жылғы АҚШ доллорынан 77976,8 
млн.  дейін  көбейдi.  Жалпы  iшкi  өнiмнiң  нақты  көлемі  2,7%-ға  артты.  Бұл 
кезеңде  зейнетақы  реформасы  (ынтымақты  зейнетақы  жүйесiнен  жинақтаушы 
зейнетақы  жүйесiне  көшу)  жүргiзiлдi,  ол  қаржы  қорының  iшкi  жинақталуын 
біршама ұлғайуына септігін тигізіп  iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай 
жасады.  1998  жылдың  соңына  қарай  зейнетақының  қоры  23542  млн.  теңгеге 
жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге). 
Реформалар: бесiншi кезеңі (2000 ж.): 
Бесiншi  кезеңде  Қазақстан  экономикалық  өрлеу  жолына  түстi.  ҚР 
дамуының  1998-2000  жж.  арналған  стратегиялық  жоспарын  iске  асырудың 
тәжiрибесi  бюджеттiк-қаржылық  өзара  iс-қимыл  мен  реттеудiң  жаңа 
қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 
—  2002  ж.  орталық  және  жергiлiктi  атқарушы  органдар  арасында  қаржы-
экономикалық  мiндеттердi  бөлiсу;  2001  жылдан  бастап  елдiң  экономикалық 
дамуын  жоспарлауға  көшу.  Бұл  кезеңде  жалпы  iшкi  өнiм  жыл  сайын  өсiп 
отырды:  тұтыну  қабiлетiнiң  тепе-теңдiгi  бойынша  2000  ж.  —  87607,5  млн. 
АҚШ  доллары,  2001  ж.  —  101674,1  млн.  АҚШ  доллары.  2002  ж.  жалпы  iшкi 
өнiм  көлемi  бұрынғыдан  9,5%-ға  көбейдi.  1999  —  2000  ж.  бейқаржылық 
активтер  негiзiнен  шетелдiк  инвестициялардан  құралса  (тиiсiнше  57%  және 
51%),  2001  ж.  iшкi  инвестициялар  тұңғыш  рет  салымның  60%-ынан  астамын 
құрады.  
Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. Бұл кезеңде 
елдiң  экономикалық  дамуы  үшiн  инвестициялық  мүмкiндiктер  іздеуге  баса 
назар  аударылды.  Өз  қызметiн  экономиканың  басым  секторларында  жүзеге 
асырушы  инвесторлармен  119  келiсiмшарт  жасалды,  негiзгi  капиталға  165 
млрд.  теңгеден  астам  сомада  (1,2  млрд.  АҚШ  доллоры)  инвестициялық 
мiндеттеме 
қабылданды. 
2001 
ж. 
негiзгi 
капиталға 
жұмсалған 
инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл осының алдындағы 
жылдан  21%-ға  өскен.  Ал  2001  ж.  4  желтоқсанда  Президенттiң  Жарлығымен 
“Қазақстан  Республикасы  дамуының  2010  жылға  дейiнгi  стратегиялық 
жоспары”  бекiтiлдi.  Кезінде  қабылданған  2010  стратегиясы  (2001),  Үкiметтiң 
2002-2004  ж.  арналған  iс-қимылдар  жоспары  (2002)  және  соның  негiзiнде 
әзiрленген 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық 
көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып барша 
ұжымдарда кең талқыға түсіп мақұлданған еді. Бұл істегі басты мақсат-міндет 
бәсекелестiк  қабiлетi  мол  экономика  құру,  жалпы  iшкi  өнiмдi  2002  жылмен 
салыстырғанда  2  есе  көбейту.  Мұндай  iлгерiлеуге  стратегиялық  салаларды  — 
мұнай-газ  секторын,  энергетика  мен  агро-өнеркәсiптiк  секторды  оңтайлы 
реттеу жолымен дамытуға бағыт-бағдар анықталған.  
Сан-қилы  түрдегі  игі  шаралардың  ішінде  ҚР-ның  2003-2005  жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
агротехникалық 
азық-түлiк 
бағдарламасының 


қабылдануы  осының  қуәсі  болар.  Бұл  бағдарламада  негiзгi  мынадай  бағыттар 
көрсетiлген  болатын:  а)  елдiң  азық-түлiк  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету;  б) 
аграрлық  саладағы  кәсіпкерліктің  (бизнестiң)  белсендi  жүйесiн  қалыптастыру; 
в)  iшкi  және  сыртқы  рыноктарда  ауыл  шаруашылығы  өнiмiн  және  оның 
өңделген  өнiмдерi  көлемiн  ұлғайту;  г)  ауыл  шаруашылығы  өндiрiсiн 
мемлекеттік  қолдау  шараларын  ұтымды  ету.  Осындай  шаралардың  сүбелі 
нәтижесінде экономикалық өрлеу елдегі әлеуметтік ахуалға оң ықпалын тигiздi: 
д)  жұмыссыздық  қысқарып,  халықтың  кедейшілік  күйдегі  қатары  шектеле 
түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, 
зейнетақы  жүйесi,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  реформалары 
жүргiзiлдi,  қызмет  көрсету  аясы  100%  жекешелендiрiлдi,  жер  реформасын 
жүргiзудің жобасы дайындалды. 
Қазақстанда  iрi  өнеркәсiп  орталықтары,  оның  iшiнде  отын-
энергетикалық,  металлургия,  химия,  машина  жасау,  құрылыс  ұжымдары 
жандана бастаған. Республика кәсiпорындары шойын,  кокс,  болат,  қорғасын,  
мыс,    мырыш,  титан,  магний,  қарашiрiк,  синтетикалық  каучук,    шайыр, 
пластмасса,  химиялық  талшықтар,  автомобиль    шиналарын,  минералдық 
тыңайтқыштар,  цемент,  металл  жонғыш  станоктар,  ұсталық-сығымдағыш 
жабдықтар,  қақтау  стандарын,  электр  трансформаторларын,  рентген 
аппараттарын,  ауыл  шаруашылығы  машиналарын,  тракторлар,  экскаваторлар, 
т.б.  өндiрісі  қолға  алына  бастаған  болатын.  Әлемдiк  экономика  аясында 
Қазақстан-тауар  рыногiне  мұнай,  газ,  қара,  түстi,  сирек  кездесетiн  металдар, 
уран өнiмiн шығарушы ел қатарынан сүбелі орын алды. 
Кеңестік заманда кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi 
секторы  болып  келген  еді.  2001  ж.  өнеркәсiп  өндiрiсiнiң  44,3%-ы  осы 
өнеркәсiптiң үлесiне  тидi.  Қазақстанда  көмiр-сутектi  шикiзаттың бiрегей  қоры 
бар.  Барланған  қор  бойынша  елiмiз  әлемде  13  орын  алады.  250-ден  астам 
мұнай-газ  кенiштерi  ашылды,  олардың  көбi  республиканың  батыс  өңірінде, 
негiзiнен  Атырау  облысында  жедел  қарқынмен  дамыған.  Олардың  iшiнде  1 
млрд.  т-дан  астам  мұнай  қоры  бар  Теңiз  кенiшi;  газ  қоры  1,3  трлн.  м3  және 
конденсат  қоры  700  млн.  т-ға  жуық    Қарашығанақ  мұнай-газ  конденсаты 
кенiшi;  сондай-ақ,  Кенбай,  Жаңажол,  Жетiбай,  Қаламқас,  Қаражанбас,  Өзен, 
Құмкөл  кенiштерi  елеулі  көзге  түсті.  2000  ж.  Қазақстанда  Солтүстік  Каспий 
қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды.  
Бағалаудың  алғашқы  кезеңiнде  кенiштiң  жалпы  геологиялық  қоры  38,4 
млрд.  баррель,  ал  өндiрiп  алынатын  қоры  -  13  млрд.  баррельге  жеткен.  Батыс 
Қазақстандағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi 
(оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы 
өндiрiп  алынатын  қоры  30,5  млн.  т),  Кенбай  кенiшi  (30,8  млн.т).    iрi  мұнай 
кенiштерi:  Өзен, Жетiбай,  Қаламқас,  Қаражанбас.  Осымен  қатар  Қарашығанақ 
пен  Жаңажол  мұнай  мен  газ  өндiрiстері  болашағы  мол  деп  бағаланған. 
Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы 
мен  “Мұнай  және  газ  тасымалы”  ұлттық  компаниясының  бiрiгуi  жолымен 
құрылған  “ҚазМұнайГаз”    ұлттық  компаниясы  басқарды.  Қазақстанда  мұнай 
мен  газ  өндiру  iсi  шет  ел  инвесторларының  қатысуымен  қолға  алынды 


(“Теңiзшевройл”  бiрлескен  кәсiпорны,  “Қазақойл-Ембi”  АҚ,  “Атырау  мұнай 
компаниясы”,  “Қазақстанкаспийшельф”,  “Каспиймұнайгаз”,  “Қазгермұнай” 
ЖАҚ-дары, т.б.). 
Мұнай-газ  секторының  өнiмi  Еуразия  құрлығының  ондаған  елдерiне 
экспортқа  шығарылады  (аса  iрi  импортшылар:  Ресей  Федерациясы, 
Ұлыбритания,  Украина,  Швейцария,  Италия).  Экспорт  құрылымында  мұнай 
мен  газ  конденсатының  үлесi  2001  ж.  49,3%  болды.  Қазақстанда  өнеркәсiп 
өнiмiнiң  жалпы  көлемiнде  түстi  металлургияның  үлесi  11%.  Өндiрiс  деңгейi 
бойынша  Қазақстан  әлемде  тазартылған  мысты  iрi  көлемде  өндiрушiлер  мен 
экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс 
өндiрудегi  үлесi  2,3%.  Қазақстан  мысының  негiзгi  импортшылары:  Италия 
(50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 
7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiретін болып, 
ол  Қазақстанның  түрлi  аймақтарындағы  бiрнеше  зауыттарды,  кенiштері  мен 
энергия нысандарын бiрiктiретін болды.  
Қазақстан  темiр  кентасының  қоры  жөнiнен  әлемде  8-орын  алған  еді. 
Оның  әлемдiк  қордағы  үлесi  6%.  Елде  өндiрiлетiн  темiр  кентасының  70%-дан 
астамы  экспортқа  шығарылды.  Қазақстанның  қара  металлургиясы  өнеркәсiп 
өнiмi  көлемiнiң  7%-ға  жуығын  өндiрдi.  Мұндағы  аса  iрi  кәсiпорын  – 
Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын 
қара  металдар  қақтамасының  100%-ын  және  болаттың  90%-дан  астамын 
өндiрген еді. Бұл комбинат өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа 
шығарылды.  Сондай-ақ,  “Жәйрем  кен-байыту  комбинаты”  АҚ  тотыққан 
марганец  және  темiр-марганец  кентастарынан  жоғары  сапалы  марганец 
концентраттарын өндiретін болды. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры 
негізінде ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстедi. 1994 жылдан кен-металлургия 
кешенi  кәсiпорындарының  көбi  шетелдiк  және  отандық  компаниялардың 
басқаруына берiлдi. 1996-97 жж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын 
бiрыңғай  технологиялық  тiзбекпен  байланыстырған  iрi  бiрлестiктер  құрылды, 
олар:  “Қазмырыш”,  “Қазақмыс”  корпорациясы,  “Қазақстан  алюминийi”, 
“Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акционерлік компаниясы. 
Лондондағы  Уран  институтының  талдау  бағалауы  бойынша,  әлемде 
барланған  уран  қорының  25%-ы  Қазақстан  табиғи  қойнауында  екен. 
Полиметалл  кенiштерi  негiзiнде  Өскемен  қорғасын-мырыш,  Лениногор 
полиметалл, Зырян қорғасын, Шығыс Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, 
Жезкент кен-байыту комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр 
тобы:  Өскемен  титан-магний,  Белогор  кен-байыту  комбинаттары,  Үлбi 
металлургия, Ертiс химия-металлургия зауыттары сирек металдармен олардың 
қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру 
зауыты,  сары  фосфор  алынатын  фосфориттi  кентастарды  өңдейтiн  iрi  кешен 
“Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол  “Қаратау” кен-химия комбинаты, Жаңа 
Жамбыл  фосфор  зауыты,  Минералдық  тыңайтқыштар  зауыты  сияқты  iрi 
кәсiпорындарды бiрiктiрді. 
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы 
көлемiнде  3%-ға  жуық.  Оңтүстік  аймақта  Станок  жасау  зауыты,  Алматыда 


Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстедi, олар түрлi станоктар шығарып келді. 
Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” 
ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” 
АҚ-дары  сияқты  iрi  машина  жасау  кәсiпорындары  жұмыс  iстедi.  Олар  ауыл 
шаруашылығы  машиналары  үшiн  қосалқы  бөлшектер,  жабдықтар,  моторлар, 
көшпелi электр станцияларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр 
энергиясының  шығынын  есептеуші  құралдар  шығарды.  Қазақстанда  құрылыс 
индустриясының  дамуына  ел  ордасының  Астана  қаласына  көшiрiлуi  жаңа 
серпiн  бердi.  Құрылыс  материалдары  өнеркәсiбi  өнiмiнiң  көлемi  республика 
өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiндегі үлес-салмағы 4%-ға жуық болған. 
Қазақстан  Еуразия  құрлығының  жүрегінде  болғандықтан  транзиттiк 
тасымал  саласында  маңызы  мен  ұштығы  биік  болды.  Республиканың  жер 
бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км 
— темір жол, 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км су бетіндегі жолдары. 
Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы 
өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi 
салынған  соң  Ұлы  жiбек  жолы  бойында  жаңа  транзиттiк  дәлiздер  ашылды: 
Қытайдың  Тынық  мұқиттағы  Ляньюнган,  Циньдао,  Тяньцзин  порттарынан 
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі 
мен  Парсы  шығанағының  порттарына  қатынау  мүмкiндiгi  туды.  Бұл 
бағыттармен жүк тасымалдау қарқыны ұлғайып, тауар-ақша, мәдентиет-рухани, 
еларалық байланыстарға кең жол ашты. Автомобиль жолдарының торабы Ресей 
Федерациясына,  бұрынғы  одақтық  республикаларға,  сондай-ақ,  Қытайға, 
Түркияға,  Иранға,  Қара  теңіз  бен  Жерорта  теңізінiң,  Үндi  мұхитының 
порттарына  шығуға  мүмкiндiк  бердi.  Теңiз  кеме  қатынасы  Каспий  теңізінде 
Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара 
теңіз  бен  Балтық  теңізіне  шығады.  “Эйр  Қазақстан”  ұлттық  әуе  компаниясы, 
басқа  да  жетекшi  компаниялары  жолаушылар  тасымалын  нақты  жүйеге 
келтірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет