Байланысты: abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy
коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас
экономика құруда біршама жұмыстар батыл қолға алынды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшу барысы көптеген қиындықтарға
кезігіп ілкі кезде бірсыпыра қателіктерді бастан кешуге соқтырды. Солардың
ішінде:
біріншісі, реформаны қолға алған баста мемлекеттің мақсаты да,
мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмауында
еді;
екіншісі, қолда бұрын бұны бастан кешкен елдердің экономикалық
реформасының тәжірибесі (моделі) тапшылығында еді. Әр елдің өзіне тән,
оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси-әлеуметтік,
экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек.
Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік”, «Малайзиялық»,
«Гонконгтік», «Филиппиндік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны
көпшілікке аян. Қазақстан сол бұрыңғыша Ресейдің соңынан еріп әлемнің
көптеген елдерінде көздеген мақсатты жеткізбеген, Халықаралық Валюталық
Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті;
үшіншісі, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен
жүргізілуі арқылы жүзеге асуға тиіс екендігі алғашқы кезде ескерілмеді. Жаңа
замандағы тағы бір қиындық ол Қазақстанда қажетті заң жүйесі тәжірибесі өте
нәзік болып қалыптасып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың
үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан
бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-
мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты;
төртіншісі, қолда бар заңдар замануи талабына үлгермей көп жағдайда
іске аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын амал-жолдары анық емес
еді;
бесіншісі, ақша құнсыздануын (инфляцияны) ауыздықтамаса ешбір істе
береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы,
несие, ақша жүйесі көптеген жәйтте ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін,
ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың
орнына, ақша-несие қорларын бей-берекет пайдаланып, аса жоғары пайызбен
сатып, пайда табумен әуестенді;
алтыншысы, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған
жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде,
экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді;
жетіншісі, билік басындағылардың біршамасы экономикалық дағдарысты
басынан өткізіп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу
жолдарын ілкі кезде болжай алмаған. Сондықтан, алғашқы кезде одан өтудің
ыңғайлы жолын таба алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты
жүргізілді, бірақ бастапқы кезде оның нәтижесі халық сұранысын
қанағаттандыра алмады.
Сондықтан мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев тыным таппай дағдарыстан
шығудың әлемдік тәжірибесін саралап, жолдарын қарастыра бастады. Оның ең
бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда
ырықтандыру 1992 ж. мұнай және одан шығатын өнімдердің, басқа да энергия
көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін көтерілуі деген ұстаныммен жүргізілді.
Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, кәсіпорын ұжымы ең жоғары таза пайда
алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның
шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші қолға алынған іс —