Байланысты: abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy
8. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар 8.1. Әлеуметтік-экономикалық саланы модернизациялау бағыттары.
Елдің егемендігі жарияланған тұстан аса жауапты және күрделі міндет ол
КСРО дағдарысы салдарынан туындаған халық жағдайын тез арада түзетудің
тиімді жолын табу болды. Әсіресе, декларациялық ұран мен құр уәде
арнасында құлдырап кеткен экономиканы халық игілігіне қызмет атқара алатын
дәрежеге келтіріп, әлемдік өркениет тәжірибесі деңгейіне қосу басты міндет
болды. Тек қана экономиканы тиімді жолға салу арқылы халық жағдайын бір
ортаға келтіру мүмкін еді. Бұл істегі Елбасшысы ойшылдығы мен алдына
қойған мақсатына беріктігін және замануи саясаткер, батыл жаңашылдығын
айрықша атаған жөн. Бұрынғы билік басында болған басшылар мен қатардағы
азаматтардың санасында сіресіп қалған сыңаржақты ұстаным мен кеңестік
заманғы тәжірибені үзілді-кесілді аттап өту ауыр шаруа болатын.
Ғылым мен тәжірибеге сүйеніп тарих өлшемімен алсақ Қазақстанда
нарықтық экономикаға көшудің реті алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екіншісі, 1993—1995 жылдар аралығы
болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің
сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең
1996—1998 жылдар аралығын қамтыды. Осыған байланысты көптеген жаңа
заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік
басқару органдары құрылды. Солардың ішінде тұңғыш болып тәуелсіз
мемлекетке қызмет еткен құрылымдар мүлік жөніндегі, монополияға қарсы
саясат комитеттері, салық инспекциясы, кеден және т.с. болды. Сондай-ақ,
нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның мынадай түрлері: биржалар,