Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 Казіргі Қазақстандағы дін саясаты аясындағы жаңарулар



Pdf көрінісі
бет57/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

8.6. Казіргі Қазақстандағы дін саясаты аясындағы жаңарулар.  
 
Тәуелсіз  тарихтың  алғашқы  сәтінен  бастап  конфессиялық  жүйе  оның 
ішінде ерекше ислам мен елдегі өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын 
байыптау  Қазақстандағы  дін  мен  азаматтық  қоғам  мәселесін  қарастырғанда 
қажет болды. Қазақстан Республикасының Ата заңы - Конституциясы бойынша 
дін  мемлекеттен  дербес  болып  (зайырлы),  ол  дегеніміз  жоғарыда 
аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне 
кедергі етпейді деген сөз.  Дей тұрғанмен дінді қастерлеп оны ұстанатын жеке 
адам,  ал  ол  болса  мемлекет  азаматы.  Сондықтан,  діни  орындар  мен  оның 
жетекшілері  мемлекетті  құрметтеп  оның  заңдарын  мойындауға  міндетті. 
Тәуелсіз  Қазақстан  азаматтарының  қандай  дінді  ұстанам  деуі,  яғни,  ар-ождан 
еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, 
«Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» 
Заңдарына негізделеді. 


Қазақстан  Республикасында  заң  жүзінде  бекітілген  мешіттер,  шіркеулер 
және  т.б.  діни  орындар  мемлекеттен  бөлінуі  діннің  мемлекетке  ешбір  етер 
ықпалы  жоқ  дегенді  білдірмесе  керек.  Қандай  да  болмасын  мемлекет 
азаматтардан  тұрады,  ал  олардың  өзіндік  наным-сенімдері,  соның  ішінде  діни 
наным-сенімдері  бар  болатын  болса,  онда  мемлекет  те  өзін  толығымен  діннің 
ықпалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды 
әлеуметтік  процестерді  қарастыру  және  олардың  мәселелі  тұстарын  шешу 
мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды.  
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен 
ерекшелігі  туралы  сұрақ  қояды,  адамшылық  идеясын  алға  тартады, 
адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол 
тек  адамның  сыртқы  қылығы  мен  іс-әрекетін  ғана реттеп  бағыттап  қоймайды, 
сонымен қатар ішкі дүниесін құрады, адамның  Мейірімділік, Махаббат және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет