Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет59/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге біршама ықпал етті.   
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-
24  қыркүйекте  Астанада  өтті.  Оның  жұмысына  ислам,  христиандық,  иудаизм, 
синтоизм,  индуизм  және  буддизмнің  мейлінше  беделді  өкілдері  қатысты.  
Съездің  қатысушылары  құрамының  көрнекілігі  мен  жоғары  деңгейі 
конфессияаралық  форум  өткізу  жөніндегі  Қазақстан  бастамасының  жүзеге 
асуының даусыз табысына айналды. Діндер басшыларының көзбе көз пікірлесуі 
(диалогы)  І  Съездің  тұжырымдамалық  идеясы  және  дау-дамайды  шешу  тәсілі 
ретінде  дінаралық  және  ұлтаралық  қарым-қатынастардағы  күш  көрсету  мен 
террор  әдістеріне  қарсы  қойылды.  Съезге  қатысушылар  арасында  әлемдегі 
діннің  рөлі  және  кез  келген  діннің  негізгі  моральдық  құндылықтарының 
жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікіралысу негізінде өтті. 
Бірегей  және  есте  қаларлық  оқиғаға  айналған  форум  бүкіл  әлемдегі 
адамзат  қоғамының  бейбіт  және  лайықты  өмірі  үшін  түрлі  діндер  өкілдерінің 
ынтымақтастығы мен бірлігінің өзектілігін және аса қажеттігін көрсетіп берді. 
Съездің  идеясын  К.Аннан,  Дж.Буш,  М.Тэтчер,  Цзянь  Цзэминь,  Н.Манделла, 
Ж.д'Эстен  және  әлемнің  өзге  де  аса  ықпалды  саясаткерлері  өз  заманында 
қолдаған.   
Форум  қорытындысы  бойынша  рухани  көшбасшылар  болашақтағы 
үйлесімді  әлемнің  негіздері  ретінде  адамзат  үшін  бейбітшілік  пен  өрлеуді 
қамтамасыз  ету  және  барлық  қоғамда  тұрақтылықты  сақтау  бағытындағы 
бірлескен  іс-әрекеттері  туралы  мәлімдеген  Декларация  қабылдады.  Ауқымды 
шараның  табысы  І  Съездің  дінаралық  форумды  әр  үш  жылда  бір  реттен  кем 
емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы  шешімінде бекітілді.  
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  ІІ съезі 2006 жылы 12-
13  қыркүйекте  Астанада  өткізілді.  Съезд  арнайы  форум  өткізу  үшін  салынған 
жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.  Форум «Дін, қоғам 
және  халықаралық  қауіпсіздік»  атты  жалпы  тақырып  аясында  «Діни  наным-
сенім  бостандығы  және  өзге  дінді  ұстанушыларды  құрметтеу»  және  «Діни 
көшбасшылардың  халықаралық  қауіпсіздікті  нығайтудағы  рөлі»  деген  екі 


негізгі  бағыт  бойынша  өткізілді.  Екінші  форум  жұмысына  29  делегация 
қатысты.  Съезд  барысында  басшылыққа  алған  негізгі  бөлігі  көрініс  тапқан 
«Дінаралық  диалог  қағидаттары»  қабылданды.  Екінші  съезд  қорытындысы 
бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени 
және  діни  ерекшеліктер  негізіндегі  дау-жанжалдарға  жол  бермеуге  шақырған 
бірлескен  Декларация  қабылдады.  Бұл  құжатта  «қырғиқабақ  идеологияны» 
«әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты. 
Еуропа,  Азия,  Таяу  Шығыс  және  Американың  35  елінен  77  делегация 
қатысқан  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының    III  съезі  2009 
жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген 
мәселенің  оң  шешілуіндегі  рухани  көшбасшылар  рөлін  олардың  өзара  құрмет 
пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан 
үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. 
Сонымен қатар, Съездің өткізілуіндегі жаңалық бейбітшілікті қамтамасыз 
етумен,  қазіргі  әлемдегі  келісім  және  үнқатысумен  байланысты  өткір 
мәселелерді  талқылау  жөніндегі  секция  отырыстарын  ұйымдастыру  болды.  III 
Съезде  секция  отырыстары  үшін  мынадай  тақырыптар  таңдап  алынды:  1) 
Моральдық  және  рухани  құндылықтар;  2)  Әділеттілік,  бейбітшілік  және 
қауіпсіздік;  3)  Қоршаған  орта  және  үйлесім;  4)  Диалог  және  әріптестік;  5) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет