Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


болып  табылатын  осы  мемлекеттік  тілді  білу  -  Қазақстан



Pdf көрінісі
бет64/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

болып  табылатын  осы  мемлекеттік  тілді  білу  -  Қазақстан 
Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылады» - 
деп анық жазылған Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында. 
Осы  заңның  5-бабында  мемлекеттік  ұжымдарда  және  жергілікті  басқару 
органдарында  қазақ  тілімен  бірдей  дәрежеде  ресми  түрде  орыс  тілі  де 
пайдаланылатындығы көрсетілген. Сонымен қатар бұл заң бойынша «Қазақстан 
Республикасының әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде 
тілдесуге,  шығармашылықпен  айналысуына,  тәрбие,  оқу  жұмыстарын 
жургізуге құқылы» (6-бап). 
Сөйтіп,  тәуелсіздік  тұста  мемлекет  қазақ  тілінің  және  өзге  тілдердің 
ұлтаралық қарым-қатынаста қолдану аясын сақтауға және оның еркін дамуына 
кепілдік  заңдастырылды.  Сондай-ақ  мемлекеттік  тілді  немесе  ұлтаралық 
қатынас тілін білмегені үшін азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге 
тыйым  салынады.  Қазақстан  Конституциясының  тіл  туралы  баптары  қойған 
міндеті  әлемнің  өзге  елдерінде  және  ТМД-да  ерекше  демократиялық  болып 
есептелінеді. 
Қазақстан - өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 
2030  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  бағдарламасындағы  ұзақ  мерзімді  жеті 
басым  бағыттың  ішінде  ұлттық  қауіпсіздіктен  дейінгі  екінші  орында 
көрсетілген.  Ұлттық  бірлік,  татулық,  теңдік  қоғамның  топтасуының  кепілі. 
Республикада  жалпы  ұлттық  мүдделерді  жүзеге  асыруда  қазақ  ұлты  оларды 
біріктіруші рөл атқаратындығы айқын. 
Тәуелсіз  Қазақстандағы  жастардың  орны  мен  рөлі.  2010  жылғы  14 
желтоқсанда  Тәуелсіздіктің 21-жылдық  мерекесіне орай  «Достық»  үйі құрамы 
және ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы негізінде құрылған «Бірлік» жастар 
этноклубының  ұйымдастыруымен  «Тәуелсіз  Қазақстандағы  жастардың  орны 
мен рөлі» атты мәдени-саяси-танымдық конференция өткізілді. 
Конференцияда  тұңғыш  рет  казіргі  жастар  мәдениеті;  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  және  инновациялық  дамуындағы  жастардың  рөлі; 
жастардың 
рухани-адамгершілігі 
мен 
қоғамдық-саяси 
дамуының 
проблемалары;  бүгінгі  таңдағы  діннің  жастарға  ықпалы  аясындағы  мәселелер 
қызу  талқыдан  өтті.  Аталмыш  тақырыптар  аясында  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ-дың  студенттері  мен  оқытушылық  құрамы,  Шығыс  Қазақстан 
аймақтық  университетінің  өкілдері,  Өскемен  қаласы  әкімдігінің  ішкі  саясат 
бөлімінің  мамандары  баяндама  жасап,  студент  жастарға  болашаққа  бағыт 
бағдар берсе, жастар өкілі, студенттер өздерінің баяндамалары арқылы ойларын 
ортаға салып, көздерінде от, сөздерінде шоқтай ыстық салмақ бар, ойлы жастар 
бар  екенін  және  Тәуелсіз  мемлекеттегі  жастардың  рөлі  мен  орны  зор  екенін 
тағыда бір дәлелдей білді. 
Осыдан  шығар  қорытынды:  «Жас  күнің  -  өнер  іздеу,  нақ  дер  шағын, 
халқынның  ойлай  берші  оңар  жағын!»  -  деген  қазақ  зиялысы  Мұхамеджан 
Сералиннің  өсиеті  әрқашан  жастардың  көкірегінде  деген  сенімді  білдірді. 


Ұйымдастырушы 
құрамы 
конференция 
нәтижесінде 
талқыланған 
баяндамалардың ең үздіктері жинақта жарық баяндалып жалпы оқу орындары 
мен  мәдениет  ошақтарына  таратылды.  Кейін  тәуелсіздіктің  осы  өзекті 
мәселелері  аясында  республика  жоғарғы  оқу  орындарында  конференциялар 
өткізілетін болды. 
Тәуелсіз  Қазақстан  ғылымының  қалыптасуы.  Ғылымның  дамуы  мен 
гүлденуі  табиғаттың  шынайы  заңдылықтарын  үйренуге  және  оған  қоғам 
мүшелерін  тартуға  тікелей  байланысты.  Кеңес  Одағы  жүйесінің  күйреуі 
барысында  республика  ғылыми  мекемелері  терең  және  шеңберлі  дағдарысқа 
ұшырады. Зерттеушілер мен саясаткерлер мұның себебін былай түсіндіреді: 
-  Ғылыми  зерттеулердің  негізгі  көздері  мен  бағыттарын  белгілеу  КСРО 
кезінде  бір  ортадан,  яғни  Мәскеудегі  Кремльде  пішілетін  болды.  Одақтық 
ведомстволар  зерттеу  институттарын  көбіне  республикалардың  қалауынсыз 
жүргізіп келді; 
- Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық 
ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде 
көңіл бөлді; 
-  Ғылым  академиясы  мен  салалық  ғылым  мекемелері  (КСРО  энергетика 
және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс 
қазақстандық  институты,  т.б.)  өзара  және  академиялармен  тығыз  байланыста 
жұмыс істей алған жоқ; 
-  Экономикалық  дағдарыс  салдарынан  ғылымды  қаржыландыру  едәуір 
қысқартылды; 
- КСРО алдына қоятын мақсаттары аясындағы қызметке арналған бағаны 
ырықтандыру  ғылыми  мекемелерді  тіпті  ұстап  отыру  мәселелерін  одан  сайын 
қиындата түсті; 
- 90-жылдары белең алған қаржы құнсыздануы (инфляция) ғалымдардың 
жалақысының  құнын  әлсіздендіріп  тіпті  жоюға  жақындатты,  көптеген  жаңа 
ғылымға бет алған табиғи дарынды мамандар кәсіпкерлікке, ал аса көрнектілері 
өз бақытын тіпті шетелдерден іздеуге мәжбүр болды; 
-  XX  ғасырдың  90-жылдарындағы  республика  ғылымының  өрісі,  оның 
жаңа  технологиялармен  жабдықталуы  замануи  сұранымы  мен  талабынан 
алыстай түскен  
Аталған  кемшіліктерден  арылу  мақсатында  Ел  басшылығы,  Қазақстан 
Республикасының  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігі  бұндай 
қиындықтардан  шығу  үшін  әлемдік  тәжірибені  жинақтап  солардың  аясында 
нақтылы  жұмыстарды  барынша  іске  асыруға  ұмтылды.  1992  жылы  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  «Ғылымды  жетілдіру  және  республиканың 
ғылыми-техникалық әлеуетін (потенциалын) ұлғайту туралы» деген Жарлыққа 
қол  қойды.  Осы  Жарлық  аясында  жергілікті  жерлердегі  бөлімшелері  мен 
материалдық-техникалық базаларының тым тапшылығына қарамастан, аталған 
министрлік  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Батыс  Қазақстан 
облыстарында  үш  аймақтық  бөлім  құрды.  1992-1993  жылдары  аса  маңызды 
мәселелерге байланысты елімізде электроника мен байланыс жүйесі, ақпаратты 
және  есептеу  техника,  биотехнология,  экология,  минералдық  шикізаттарды 


кешенді  өңдеу,  жаңа  ғарыштық  технологиялар  бойынша  7  ұлттық  ғылыми 
орталықтар ашылған.  
Бірақ  қабылданған  шаралар  дер  кезінде  қажетті  материалдық  тұрғыдан 
толық  қамтамасыз  етіле  алмады.  Елдегі  тым  мардымсыз  экономикалық  ахуал 
мен қаржының құнсыздануы (инфляция) бұған елеулі кедергі болды. Дегенмен 
іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, 
механика,  т.б.  бүкіл-одақтық  жүйенің  күйреуі  мен  құрылымдық  құлдырауына 
қарамастан,  өз  тұрғыларын  сақтап  қала  алды.  Жалпы  алғанда,  1992-1994 
жылдары отандық ғылыми сала аса ауыр жағдайға түскен. 
Аталған  жәйт  билік  тарапынан  дереу  талданып  Ғылым  және  жаңа 
технология  Министрлігі  жанынан  ғылыми-техникалық  бағдарламалар  мен 
жобаларды  мемлекеттік  сараптау  бөлімі  құрылды.  Сол  құрылым  ғылымға 
бөлінетін  бюджет  арқылы  қаржыландыруға  қабылданған  ғылыми-техникалық 
бағдарламалар мен жобалардың бәрін дерлік сараптаудан өткізуге міндеттелді. 
1996  жылы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан 
Республикасында  ғылымды  басқарудың  мемлекеттік  жүйесін  жетілдіру 
шаралары  туралы»  Жарлығы  жарияланды.  Аталмыш  құжат  аясында  мемлекет 
ғылыми  саланы  қайта  жаңғыртуға,  академиялық  ғылымның  реформалық 
жолдарын  анықтаудың  міндетін  қойды.  Осы  мақсатта  Ғылым  және  жаңа 
технология  министрлігін,  Ұлттық  академияны,  ауыл  шаруашылығы  ғылыми 
академиясын  біріктіру  ісі  дереу  іске  асырыла  бастады.  Сөйтіп,  жаңадан 
Қазақстан  Республикасының  Ғылым  Академиясы  тәріздес  жаңа  ғылыми 
ұжымдар дүниеге келді. Республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы 
дамыту туралы заңдарды жетілдіруге арналған шаралар қолға алынған. Осыған 
орай,  «Қазақстан  Республикасында  бірыңғай  ақпарат  кеңістігін  құру  және 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы мен Үкімет 
қаулысы  шықты.  Осы  жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  білім  және 
ғылым  министрлігі  құрылды.  Қазіргі  кезде  ол  Қазақстан  Республикасының 
Білім және ғылым министрлігі болып табылады. 
Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан 
әрі  жаңартудың  2007-2012  жылдарға  арналған  стратегиясы  белгіленді. 
Қазақстандық ғылымның болашағы  республикадағы білім жүйесіне де тікелей 
тәуелді екені ешбір күмән келтірмейді. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі 
қағидаларына  сүйенген,  әрі  қаржыландыру  жағынан  мемлекеттік  және 
мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат 
жаяа бастаған. 
Казіргі  Қазақстанның  білім  беру  жүйесі.  1995  жылғы  Конституция 
бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім 
алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің 
одан  әрі  қандай  оқуға  түсуі  (мемлекеттік  немесе  жеке)  өз  еркі  мен  қалауына 
байланысты.  Этностық  ерекшеліктердің  есепке  алынуына  орай,  республикада 
оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі. 
1997-1998  оқу  жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін  мекемелерде 
ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міндеттелінді. 


2001  жылы  мектептерді  компьютерлендіру  толығымен  аяқталды  деген 
тұжырым бұқараға мәлім болды. 
Республика  мектептерінде  аталған  барлық  тілдер  бойынша  керекті 
оқулықтар  мен  әдістемелік  әдебиеттерді  басып  шығару  төсілген  тәжірибе 
бойынша ең маңызды және өзекті мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды. 
Осы жылдары республикадағы дәстүрлі мемлекеттік және жеке меншіктегі оқу 
орындары білім беру ісін сыбайлас жүргізе бастаған. Әрине, бастапқы кезде оқу 
әдістемелік,  тәрбие  шараларының  мазмұны  мен  өткізу  амалдарында  елеулі 
қарама  қайшылықтар  орын  алып  тіпті  дау  дамайлар  да  кездескен.  1995-1998 
жылдар  аралығында  жеке  меншіктегі  оқу  орындары  саны  41-ден  88-ге  дейін 
өсті.  2001  жылы  тәуелсіздікпен  бірге  келген  жаңа  оқыту  орындары  -  жеке 
меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 ж. салыстырып қарағанда 
үш есеге артқан. 
Мектептер  мен  жоғары  оқу  орнындағы  жастардың  білімін  жетілдіру 
мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей - дәрежедегі оқу орындарын 
лицензиялау  мен  аттестациялаудың  негізгі  ережелері  мен  арнайы  өлшем 
бағалау амалдары (нормативі) қалыптастырылды. 
Мамандарды  даярлау  ісін  әлемдік  үлгіге  жақындатып  жаңарту  мен 
жетілдіру  үшін  бұрын  соңды  болмаған  «Дарын»  мемлекеттік  бағдарламасы 
пайда  болып  ол  іске  асырыла  бастады.  Бұл  бағдарлама  жасөспірімдер  мен 
жеткіншектерге  тәрбие  мен  білім  берудегі  білім  органдарының  негізгі 
стратегиялық  іс-шараларын  белгілейтін  болды.  Ерекше  дарынды  балаларды 
шетел  оқу  орындарына  жіберіп  отыру  мақсатында  1993  жылдан  бастап 
«Болашақ» бағдарламасы өз жұмысын атқаратын болды. 
Тәуелсіз  жылдары  жастардың,  өндіріс  мамандарының  шетелге  барып 
білім алу жұмысымен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, 
қорлар айналыса бастаған. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры 
мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі 
әлемдегі  озық  тәжірибе  аясына  тартылып  едәуір  өзгерді.  Бұл  салада  жаңаша 
құқықтық-нормативтік  негіз  жасақталып  қалыптасты.  Білім  берудің  қосымша 
және баламалық мекемелері бұрын-соңды болмаған жаңашылдыққа қолы жетті. 
Осыған  орай  мемлекеттік  оқу  орындарын  қолдап-қуаттаудың  мүлдем  жаңа 
мүмкіндіктері  ашылды.  Білім  алу  мен  білім  берудің  ықпалдастық  дәрежедегі 
әлемдік кеңістігі ұлғайды. 
XXI  ғасырда  білім  адамзаттың  даңғыл  даму  жолын  анықтайтыны  аян, 
сондықтан  республикада  білім  беру  жүйесін  дамытудың  өзекті  мәселелеріне 
баса  көңіл  бөлінетін  болған.  Ең  бастысы,  білім  беруді  ұлттық  экономика  мен 
қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету 
міндеті  бірінші  кезекке  қойылды.  Бұл  талаптар  арнасында  Қазақстан 
Республикасы  білім  беру  саласында  халықаралық  ақпарат  кеңістігі  жүйесіне 
қосылу бағдарламасы іске асыру қолға алынған. Республиканың оқу орындары, 
қаржыландыру  амалдарына  қарамастан,  тәуелсідіктің  бастапқы  кезінің  өзінде 
халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық 
әдістерін игере бастаған болатын. 


Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру 
жүйесінің  әлемдік  тәжірибесі  батыл  енгізіле  бастады.  Бұл  республикада 
кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және  мамандықтарын  жетілдіру  жүйесін 
құрудан басталды, ал жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен 
қамту  қызметімен  бірлікте  әрекет  етеді.  Нарықтық  экономика  маман  кадрлар 
даярлаудың педагогикалық арнада төсілген, озық және тиімді жүйесін құруды 
талап етті. Білім жүйесі дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде тек білім алу 
жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді.  
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  бұл  екі  салаға  бөлінген  көңіл 
жеткіліксіз  болған.  Мемлекеттің  бюджеттік  саясаты  адамдардың  рухани 
сұранысын  объективті  себептер  бойынша  толық  қанағаттандыра  алмады. 
Әсіресе  бұл  республиканың  рухани-мәдени  өмірінде  көбірек  көрініс  тапты. 
Экономиканың  ырыққа  көнбеуі,  оның  жылдан-жылға  төмендеуі  адамдар 
психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық мақсатқа итермелей, икемдей 
түсті. Сөйтіп, білім жүйесінде алымдық, екіжүзділік, шикі ақпарат беру сияқты 
жат кейбір көріністер байқалды. 
Қазақстанның  әлемдік  кеңістікке  бет  алуы  өзінің  өмір  сұранысының 
объективті  жәйлеріне  қайшы  сыңаржақты  идеологиялық  мәдениеттен  гөрі 
әсіресе қызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен 
қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. 
Бұл  келеңсіздік  өз  дәрежесінде  республика  көлемінде  мәдени-рухани 
саланы  басқарудың  әлемде  төсілген  жолдарын  таңдауға  мәжбүр  етті.  Олар, 
түптеп келгенде, мыналар еді: 
• 
Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; 
• 
этномәдени 
және 
конфессионалдық 
шектеулікте 
мәдени 
әр 
алуандылықты қалыптастыру; 
• 
менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. 
Осы  орайда  Елбасы  және  республика  өкімет  орындары  көптеген  тың 
шешімдер  қабылдауға  мәжбүр  болған.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасы 
«Мәдениет  туралы»  (1996)  Заңының  3-бабында  мәдениет  саласындағы 
мемлекеттік  саясат  қағидалары  пысықталып  тіпті  жаңаша  құрылған.  Онда:  а) 
азаматтардың 
шығармашылық 
қызметінің 
еркіндігі; 
б) 
мәдениет 
қазынасындағы құнды қорларды жинақтау, оны пайдалану мен таратуда барлық 
азаматтардың  құқығының  теңдігі;  в)  тарихи-мәдени  мұраны  қорғау;  г)  ұлттық 
және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім 
беру  жүйесін  дамыту;  д)  мәдениет  саласында  монополиялық  (бір  тұлға, 
орталық, билік) пиғыл-әрекеттерге жол бермеу; е) мәдениетті қаржыландыруда 
бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; 
и) мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды 
бірдей пайдалану. 
ХХ  ғасырдың  90-жылдары  елдегі  мемлекеттік  мәдениет  мекемелерінің 
жүйесі  мәдени  демалыс  орындарын,  кітапханалар  мен  мұражайларды,  
театрларды,  концерттік  ұжымдарды,  кино  өнері  мекемелерін,  мәдениет  және 
демалыс орындарын, т.б. қамтыды. 


Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік қор есебінде болған еді. Бұдан кейінгі 
жылдарда,  яғни  онжылдық  кезеңде  мәдени  саланы  қаржыландыру  мәселесі 
едәуір  оңды  өзгеріске  ұшырады.  Яғни:  ұлттық  дәрежедегі  мемлекеттік 
мәдениет  мекемелерін  мемлекеттік  тұрғыдан  қаржыландыру  сол  күйінде 
сақталып қалды; нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін 
түрліше  қаржы  көздерін  тарту  мүмкіндігіне  жол  ашылды;  меншік  түрінің 
өзгеруіне  байланысты  мәдени  мекемелердің  басым  бөлігі,  атап  айтқанда, 
кинематография,  туризм,  спорт,  шоу,  теледидар,  концерттік  ұйымдар,  т.б. 
қызметі өзін-өзі қаржыландыру арқылы жүргізілетін амалға көшірілді. 
Мәдениет  арнасындағы  жеке  меншіктің  түрліше  ұжымдары  жанры  өз 
кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. 
Аталған  мемлекеттік  емес  мәдени  мекемелердің  жұмыстарын  ретке  келтіріп 
отыру  барысында  біршамалары  адамзатқа,  ұлтқа,  мемлекет  ұстанымына 
үйлеспейтін    идеяларды  насихаттап,  таратуына  жол  бермеу  үшін  тіркеуден 
өткізу тәртібі қатаң сақталуы міндеті бекітілді. 
Бірыңғай  мәдени-ақпараттық  кеңістік  құру  -  Қазақстанның  мәдениет 
саласындағы негізгі ұзақ мерзімге арналған (стратегиялық) мақсаты дәрежесін 
алды. Тек осы таңдау нәтижесінде ғана елдің рухани әлеуетін айқындап, дербес 
ұлт  ретінде  әлемдік  қауымдастық  қатарынан  орын  алуына  мүмкіндік  болды. 
Бұл  мақсаттың  үдерісінен  шығудың  құнды  жолы  -  қазақ  халқының 
этномәдениетін  қайта  жаңғыртуға  қажет  болды.  Бұдан  бұрынғы  сыңаржақты 
кеңестік идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық 
салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. 
Республиканың тәуелсіз тарихы жылдарынан бұған мысал жеткілікті. XX 
ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. 
Ол  республикада  тұрып  жатқан  барлық  ұлт-ұлыстардың  ортақ  мерекесіне 
айналды.  Қазақ  халқының  ең  көне  ауызекі  өнерінің  бірі  -  айтыс  қайта 
жанданып жаңа дәуірге лайық екенін дәлелдеді. 
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің 
барлық  нүктелерінде  жас  ұрпақты  халықтың  салт-дәстүрлеріне  сай  тәрбиелеу 
жұмыстары сипаты жаңаша мазмұн алып қазақстандықтардың мәдениетін одан 
әрі  жандандырды.  Әсіресе,  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарында 
республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға 
шығару,  сол  арқылы  дүние  жүзі  қауымдастығына  паш  етуге  жол  ашылды. 
Мысалы,  осы  кезде  Жамбылдың  150  жылдығы  аталып  өтілді,  1997  жылы 
М.Әуезовтің  100  жылдық  мерейтойы  тиісті  дәрежеде    тойланды,  1999  жылы 
Түркістанның  1500  жылдығы  кең  көлемде  мерекеленуі  тәуелсіз  жас 
мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет