8.7. Тәуелсіз Қазақстан эволюциясындағы «Халық тарих толқынында» бағдарламасының алатын орны.
Этникалық мәселелер. Кеңестік мемлекеттік жүйеден қалған осындай
этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар
саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі - осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт -
қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса,
екіншісі - заманында осы жерге ықтиярлы және ықтиярсыз (объективті және
субъективті) келген этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қорғап олардың
ерекшеліктерін қамтамасыз ету. Қазақстандағы этникалық топтар саясатын
зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму
барысын екі кезеңге жіктеп талдаған жөн деп тұжырымдаған.
Бірінші кезең – 1991-1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді
этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады және мемлекетті құрушы
негізгі ұлт қазақтар, оның тілі мен мәдениетіне біраз артықшылық берілді.
Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің