Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет69/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

одақтастық 
туралы 
Декларацияда”
сондай-ақ, 
экономикалық 
ынтымақтастық  туралы  алдағы  10  жылға  (1998-2007  жж.)  арналған 
экономикалық  бағдарламада  өзінің  даму  көрінісін  тапты.  Осы  келісімдер 
негізінде  Қазақстан-Ресей  шекара  белдеулерінде  делимитациялау  шаралары 
жүргізіле  бастады.  Ал  2000  жылы  қаңтарда  Мәскеуде  өткен  екі  мемлекет 
басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі 
–  екі  ел  саясатындағы  қарым-қатынастың  сабақтастығы.  Екіншісі  -  қауіпсіздік 
мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.  


Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 
мыңға  жуық  шақырымды  құрайды.  Соның  ішінде  Қазақстанның  Ресей 
Федерациясымен - 7,5 мыңнан астам шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым 
Қырғыз  Республикасымен  мемлекеттік  шекарасы  шамамен  1050  шақырым, 
Түркменстанмен  –  400  шақырым,.  Ресеймен  шекараны  делимитациялау 
мәселесі  1998  жылғы  6  шілдеде  екі  ел  басшыларының  бірлескен 
мәлімдемесінен  және  сол  жылғы  12  желтоқсандағы  мемлекеттік  шекараны 
делимитациялау  жөніндегі  хаттамадан  басталды.  Екі  жақ  алты  жыл 
аралығындағы  құжаттарды  әзірлеумен  тыңғылықты  айналысу  нәтижесінде 
шекаралық  сызықтың  барлық  нүктелері  бойынша  ортақ  келісімге  келді. 
Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  пен  Ресей  президенті  В.Путин  2005 
жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол 
қойды. Шын мәнінде, екі жақ басшылығы мақұлдаған тарихи маңызы зор құжат 
бойынша  осы  мемлекеттер  үшін  де  айрықша  маңызы  бар  шекара  мәселесі 
халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым 
замандардан  қазақ-орыс  елдері  арасында  шекара  бірінші  рет  заңды  түрде 
тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 
шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі 
мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды. 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ҚХРмен  арадағы  шекараны 
заңдастыруға  кірісті.  Өзара  түсіністік  пен  мүдделілік  бұрын-соңды  болмаған 
табысқа  қол  жеткізді.  1994  жылдың  сәуір  айында  Қазақстан  Президенті 
Н.Назарбаев  пен  ҚХР  Премьер-министрі  Ли  Пэн  екі  ел  арасындағы  шекара 
сызығын  заңдастырып,  белгілеу  (делимитация)  жөніндегі  келісім-шартқа  қол 
қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын 
учаскесінен  (бұрынғы  Талдықорған  және  Семей  облыстарындағы)  басқасы 
түгел  заң  жолымен  бекітілді.  Келесі  кезектегі  мәселелерді  шешу  үшін 
делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара 
мәселелерін  толық  реттеуге  қатысты  келіссөздерді  одан  әрі  жалғастыру 
жөнінде  уағдаластыққа  қол  жетті.  Бұл  бағытта  1996-1998  жж.  үш  арнайы 
келісім  болды.  Соның  нәтижесінде  1999  ж.  қарашада  Цзянь-Цзэминь  мен 
Н.Назарбаев  шекаралық  мәселелердің  толық  үйлестірілуі  туралы  арнайы 
коммюникеге  қол  қойылды.  Сөйтіп,  Қытаймен  шекараны  межелеу  негізінен 
аяқталды.  
Сонымен  қатар,  Қазақстан  бұл  жылдары  өзінің  жақын  көршілері  - 
Қырғызстанмен,  Өзбекстанмен  және  Түркменстанмен  арадағы  шекара 
мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.  
Шекара  мәселесін  Азия  елдерінде  тұрақты  шешуде  Шанхай 
ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  маңызды  рөл  атқарады.  1996  жылғы  сәуірде 
Шанхайдағы  кездесу  кезінде  Ресей,  Қытай,  Қазақстан,  Тәжікстан,  Қырғызстан 
басшылары  шекараларды  бұзбау,  олардың  арасындағы  бейтарап  аймақтық 
қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл 
келісімге Өзбекстан қосылды.  
“Шанхай  келісімі”  негізінде  алты  ел  басшыларының  алғашқы  жыл 
сайынғы  басқосулары  1997  ж.  Мәскеуде,  1998  ж.  Алматыда,  1999  ж.  Бішкек, 


2000  ж.  Душанбе,  2001  ж.  Алматыда  өткен.  Онда  аймақтық  қауіпсіздік  пен 
ынтымақтастықты  нығайту  мәселелері  жан-жақты  талқыланып,  осының 
нәтижесінде  Декларациялар  қабылданды.  2002  жылғы  маусымда  Шанхай 
ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында өткен. 
Оның  жұмысында  ШЫҰ  құрылымын  орнықтыру  іс  жүзінде  көрініс  тапты. 
ШЫҰ-ның  Секретариаты  Пекинде,  ал  Аймақтық  терроризмге  қарсы 
құрылымның  штабпәтері  Бішкекте  орналасатын  болды.  Бұл  кездесуде  3 
құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі 
Келісімге 
және 
ШЫҰ-ға 
қатысушы 
мемлекеттер 
басшыларының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет