Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет77/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық.  Шығармашылық  ұжымдар, 
мәдениет  және  өнер  өкілдерінің  өзара  сапарлары  тұрақты  түрде 
ұйымдастырылады.  2012  жылғы  30  қарашада  Ташкентте  Қазақстан 
Республикасы  мен  Өзбекстан  Республикасы  арасында  дипломатиялық 
қатынастар  орнатылуына  20-жылдығына  орайластырылған  салтанатты 
бірлескен концерт өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке 2013 жылғы 
маусымдағы  ресми  сапары  барысында  қазақ  ақыны  Абай  Құнанбаевтың 
ескерткішін  ашу  салтанаты  өтіп,  2013-2015  жылдарға  арналған  ҚР  Мәдениет 
және  ақпарат  министрлігі  мен  ӨР  Мәдениет  және  спорт  министрлігі 
арасындағы мәдениет саласында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. 
1992  жылдың  21  қазанда  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей 
Федерациясы  арасында  дипломатиялық  қатынастар  орнатылды.  1992  жылы 
Қазақстан  Республикасының  Ресей  Федерациясындағы  Елшілігі  және  Ресей 
Федерациясының 
Қазақстан 
Республикасындағы 
Елшілігі 
ашылды.  
Қазақстандық-ресейлік  әртүрлі  салалардағы  қатынастар  қарқынды  дамуда. 
Мемлекет  басшыларының  ұдайы  кездесулері  мен  келіссөздері  Қазақстан  мен 
Ресейдің  стратегиялық  әріптестігін  нығайтуда  жетекші  орынды  алады.  Үкімет 
басшылары  деңгейінде  қарқынды  өзара  іс-қимылдар  жүргізілуде.  Екіжақты 


және көпжақты арнадағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом 
және  ғарыш  саласындағы  бірлескен  жобаларды  жүзеге  асыру,  сауда-
экономикалық іс-қимылдар мәселелері ұдайы талқылануда.  
Парламентаралық  байланыстар  жоспарлы  дамуда.  Тиісті  парламенттік 
комиссиялардың 
және 
комитеттердің 
жұмыстары 
парламентаралық 
ынтымақтастыққа  жүйелі  сипат  береді.  ҚР  Парламенті  Сенатында  бұл  – 
«Қазақстан  Республикасы-Ресей  Федерациясы»  парламенттік  ынтымақтастық 
комитеті, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінде – ҚР 
Парламенті  Сенатымен  ынтымақтастық  жөніндегі  парламенттік  топ;  ҚР 
Парламенті  Мәжілісінде  -  РФ  Мемлекеттік  Думасымен  ынтымақтастық 
жөніндегі  палатааралық  парламенттік  топ,  Ресей  Федерациясы  Федералды 
Жиналысы Мемлекеттік Думасында – ҚР Парламентімен байланысы бойынша 
депутаттық  топ  жемісті  қызмет  атқаруда.  Екі  елдің  сыртқы  саясат  іс-
қимылдары  санқилы  мәселені  қамтыған  және  жан-жақты  сипатқа  ие.  2014 
жылдың  3  сәуірінде  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрі  Ресей 
Федерациясында  (Мәскеу)  ресми  сапармен  болып  оның  барысында  өзінің 
әріптесімен екіжақты келіссөздер жүргізіп келеді.  
Сауда-экономикалық  ынтымақтастық.  ҚР  мен  РФ  арасындағы 
ынтымақтастық  жөніндегі  Үкіметаралық  комиссияның  және  оның  құрамына 
кіретін  ынтымақтастықтың  бағыттары  бойынша  кіші  комиссиялардың 
отырыстары  тұрақты  өткізілуде:  банкаралық  және  инвестициялық;  көліктік; 
өңіраралық  және  шекара  маңы;  әскери-техникалық;  ОЭК  саласында;  ғылым 
және  жаңа  технологиялар  саласында,  өнеркәсіп  саласында.  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  мен  Ресей  Федерациясының  Үкіметі  арасындағы 
2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы 
қабылданған  және  оны  орындау  бойынша  2012-2014  жылдарға  арналған 
Жоспар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшыларымен қол қойылған 2013-2015 
жылдарға  арналған  Қазақстан  мен  Ресейдің  бірлескен  іс-қимыл  жоспары  іске 
асырылып елеулі нәтижелерге ие болған.  
Екіжақты  қарым-қатынастың  тиімді  дамуына  өңіраралық  және  шекара 
маңы ынтымақтастығы мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшылары қатысуымен 
жыл  сайын  өңіраралық  ынтымақтастық  Форумы  өткізіледі.  Өзара  сауда  - 
ынтымақтастықтың  маңызды  аспектісі  Ресей  Қазақстанның  дәстүрлі  түрде  ірі 
сауда серіктесі болып табылады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен 
РФ  арасындағы  сауда  айналымы  23,49  млрд.  АҚШ  долл.  (ҚР-дың  сыртқы 
саудасының жалпы көлемінің 17,9%) құрды және 2012 жылмен салыстарғанда 
1,7% өсті. ҚР экспорты 5,8 млрд. АҚШ долл. (ҚР-ның жалпы экспорт көлемінің 
7%),  ҚР-ның  импорты  17,69  млрд.  АҚШ  долл.  (ҚР-ның  жалпы  импорт 
көлемінің 36,2%) құрды.  
Отын-энергетикалық  кешен  саласындағы  ынтымақтастық  қарқынды 
түрде  дамып  келе  жатыр,  соның  ішінде  әлем  нарығына  қазақстандық 
көмірсутегін барлау, өндіру және тасымалдау салалары.  Ресейлік компаниялар 
қазақстандық ірі көмірсутек шикізаты кен орындарын өңдеуіне қатысады.  
Ғылым  және  жаңа  технологиялар  саласындағы  ынтымақтастық 
бағдарламасы  іске  қосылған.  «Казына  Капитал  Менеджмент»  және  «Роснано» 


кампаниялар  әріптестігі  аясында  100  млн.  АҚШ  долл.  көлемін  құрайтын 
бірлескен  нанотехнологиялар  құрылған.  Ғарышты  игеру  мен  «Байқоңыр» 
кешенін  бірлесіп  пайдалану  саласындағы  ынтымақтастық  жемісті  жұмыс 
атқарып  келеді.  Транзиттік-көліктік  әлеуетін  дамыту  бойынша  бірлескен 
қызмет  іске  асырылуда,  соның  ішінде  көліктік  дәліздері  бөлігіндегі:  «Батыс 
Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік - Оңтүстік», «Батыс - Шығыс» және басқа 
жобалар. 
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстан мен Ресей арасындағы 
мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық  саласындағы  екіжақты  қарым-қатынас 
серпінді  дамуды  жалғастырып  келеді.  Екі  мемлекет  халықтары  арасындағы 
достастықты тереңдету, РФ тұрғындарын тарих туралы ақпараттандыру, қазақ 
халқының  мәдени  мұрағаты  мен  құндылықтары,  Қазақстан  имиджін  нығайту, 
әртүрлі  салалардағы  мемлекеттің  жетістіктерін  жария  ету  және  Қазақстанды 
Ресей  қоғамында  қазіргі  заманға  сай  қарқынды  дамып  келе  жатқан  мемлекет 
ретінде ұсыну бойынша жоспарлы жұмыс қанат жайған.  
Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тату көршілікті 
және стратегиялық әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тығыз негізді, өзара 
тиімді  қазақстандық-ресейлік  ынтымақтастықтың  әлеуетін  көтеруді  бірлескен 
күш салысумен жалғастырып жатыр. 
Қазақстан  Республикасы  және  Тәжікстан  Республикасы  арасында 
дипломатиялық  қатынастар  1993  жылғы  7  қаңтарда  орнатылды.  Қазақстан 
Республикасының  Тәжікстан  Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті 
Елшілік ашылып жемісті қызмет атқарып келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет