Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

кәсіби-техникалық  білім»  бағдарламасы  жан  жақты  пысықталып  іске 
асырылатын болды.  
Сөйтіп,  әлемді    шарпуға  ұмтылған  ғаламдық  дағдарысты  Республикада 
дер  кезінде  ауыздықтау  үшін  білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болған 
мемлекет  және  оған  әрдайым  дағдыланған  мемлекет  алғашқы  қадамдарын 
жасады.  Жұмыс  пен  сұраныс  тығыз  өзара  тәуелді  мемлекеттк  құрылымға 
Қазақстан  батыл  бел  байлады.  Техникалық  мамандықтардың,  ғылым  мен 
инновацияның  күні  туған  замандағы  ғаламдық  дағдарыстан  бекім  сенімдегі  
шеберліктің  шыңына  жете  алатын    техникалық  маман  өкілдеріне  бетбұрыс 
жасалды. Қазақтың ежелгі заманынан баршаға аян «ерінбей еңбек еткен, талмай 
ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» деген даналы ойының 
кезі келгенде болды.  Тек осы шартты ұстанған жәйтте азаматтардың тұрмысы 
жақсы,  абыройы  асқақ  болуы  мүмкін.  Жүзеге  асырып  жатқан  түбегейлі 
реформалар  мен  қолға  алынған  қыруар  істердің  бәрі  қазақстандықтар  үшін, 
болашақ үшін жасалып жатқанын әр қайсымыз ой үшінде ұстағанымыз жөн. 
Бұл  орайда  жастарымыздың  жұмысшы  мамандығын  белсенді  меңгеруде 
үлкен болашақтың сыры жатыр, сондықтан  жұмысшы мамандықтарын меңгеру 
керек.  Жылдар  өтеді,  бірақ,  осы  өмірлік  тәжірибелерің,  қандай  өмір  жолын 
таңдаса  да,  міндетті  түрде  кәделеріңе  жарайды.  Тұтастай  алғанда,  ғаламдық 
дағдарыстан  абыроймен  шығуға  арналған  шаралар  нақты  сипатқа  ие  және, 
әдеттегісінше,  материалдық  тұрғыдан  сенімді  қаржыландырумен  қамтамасыз 
етілген.  Мысалы,  2014-2015  жылдары  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  1 
триллион теңге бөлініп игерілген болатын.  
Бұл  істерді  материалдық  тұрғыдан  қолдауға  бірнеше  шетелдік  ұйымдар 
қол үшін берген.  Басқа түскен қындықтарды еңсеруде Қазақстан жалғыз емес. 
Мысалы,  «Нұрлы  Жол»  бағдарламалары  жобаларына  –2,7  триллион  теңге 
Қазақстанға  халықаралық  қаржы  ұйымдары  тарапынан  бөлінді.  Қытай  Халық 
Республикасы  2,7  миллиард  доллар  көлемінде  несие  берді.  Тұтастай  алғанда, 
осы дағдарыстан шығу жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылуы 
тиіс  еді.  Осы  қаржыларды  тиімді  пайдалану  –  еліміздің  басты  міндеті  және 
жауапкершілігі болды. 
Қазақстан  салмақты  сыртқы  саяси  қызметімен  бүкіл  әлем  бойынша 
көптеген  қолдаушылар  тапты.  Елбасы  сапарлары  әлемнің  жетекші  елдерінің 
көшбасшыларымен  байыпты  келіссөздер  жүргізді.  ҚХР-мен  23  миллиард 
долларға  шикізаттық  емес  сектордағы  ынтымақтастық  туралы  уағдаластыққа 
қол жеткізілді. Бұл – 40-тан астам жаңа кәсіпорын тұрғызу қадесіне жарамды. 
Елбасының  Лондон  мен  Парижге  сапарлары  бойынша  да,  экономикалық 
ынтымақтастық  тұрғысынан  алғанда,  табысты  болды.  Жасалған  еларалық 
келісімшарттардың  жалпы  көлемі  11,5  миллиард  долларды  құрады.  Елімізге 
Ресей  Президентінің  сапары  Қазақстанның  дәстүрлі  ізгі  көршілестік  қарым-


қатынастардың  тұрақтылығы  мен  беріктігін    және  экономикалық 
интеграцияның  одан  әрі  өрістеп  жатқанын  көрсетті.  Жапония  мемлекетімен 
инвестициялық 
және 
технологиялық 
ынтымақтастықтың 
көкжиегін 
жандандырып кеңейтіп келеді. Осы екі ел арасындағы шарт бойынша бұйырса 
Республикаға тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер 
шығаратын болады. 
Ширек ғасырлы тәуелсіз тарихтағы қол жеткен биіктің бірі республикаға 
халықаралық  қаржы  институттарының  жоғары  сенімі  болып  табылады. 
Тарихымыздың  осындай  тағдырлы  кезеңінде  еліміздегі  реформаларды  қолдай 
отырып  осындай  алып  мемлекеттер  9  миллиард  доллар  көлеміндегі  қаржыға 
жеткізуімізге  жол  ашты.  Еуропалық  Одақпен  тереңдетілген  әріптестік  пен 
ынтымақтастық  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Әлемдік  қоғамдастықпен 
ядролық  қарусыз  әлем  үшін,  содырлық  пен  экстремизмге  қарсы  күресте  бір 
жағадан  бас  шығарып  келеміз  деп  бағалауға  тұрарлық.  Қазақстан  кез  келген 
жанжалдардың  бейбіт  жолмен  шешілуін  қалады  және  осы  үшін  қолынан 
келгеннің  бәрін  іске  асырды.  Дүниежүзінде  республика  бастаған  көпсалалы 
реформалар,  Жүз  қадам  туралы  анық  хабардар  және  оларды  қолдайды.  Бұл 
реформалар,  өзара  байланысты  міндеттерді  орындау  оңай  болмады,  мүмкін, 
тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, оларға балама болған жоқ. Егер істердің бәрін 
батыл  қолға  алмайтын болсақ,  онда  әлемдік  даму  сәулешігінен  әбден  алыстап 
қалуымыз  аян.  Бірақ  тәуелсіз  тұстағы  Қазақстан,  әдеттегідей,  алдына  қойған 
міндеттерінің  бәрін  абыроймен  атқарып  келеді  және  әлемдік  сыннан 
шығатынына сенім мол, ол туралы Президент Қазақ хандығының 550 жылдығы 
мен төл тарихымыздың беттерінде жан жақты дәлелдеген еді. 
Адамзаттың  тарихы  дәлелдегендей,  дағдарыстардың  бәрі  өткінші,  өтеді 
де  кетеді.  Ел  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы  сияқты  ұлы 
құндылықтар  ғана  мәңгі.  Жоғарыда  баяндалған  қиындықтардың  барлығын 
жеңуге болатын, қарғып өтетін бөгеттер тәріздес. Олай болса көлденең шыққан 
кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына ілгерілей 
түсеміз.  Президент  Н.А.Назарбаев  2015  жылғы  30  қарашадағы  Жолдауында 
«Рухы  биік,  еңбегі  ерен,  бірлігі  мығым  Мәңгілік  Ел  болу  үшін  бізде  бәрі  бар. 
Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп,  тұғырын  нығайтқан  біздің  тарих  алдында 
жүзіміз ашық. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз 
–  бірлік»,-  деп  нық  айтқан.  Барды  бағалап,  жоқты  жасай  білген  жасампаз 
жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірейтініне сенім мол. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет