ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет304/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   382
шығармашылық әлеует.
Ғалымның 
қызметіне, оның ғылыми қауымдастықтағы рөлі мен орнына бағаны 
«билік иеленушілер», бюрократтық құрылымның немесе әлдебір басқа 
ұйымның басқарушылары емес, – әріптестері, ал кең ауқымда осы 
мамандықтың өкілдері
береді. Бұдан ғалымдар алуан түрлі ғылыми 
мамандықтардың дербес сипатын көреді.


342
Үшіншіден, ғалым еңбегінің 
ақысын төлеу
, шығармашылық 
еңбектің 
материалдық
және 
моральдық
ынталандырылуы формала-
рын айтқан жөн. 
XII ғасырдың өзінде-ақ Ахмед Иугнеки ең жоғарғы әділет-
сіздіктердің бірі өнер адамдарының (ол кезде өнер адамдары дегеннің 
ішінде ғылыми қызмет те түсінілетін) еңбегін төлеудің төмен екенін 
өкінішпен айтқан-ды. Сол алыс заманнан бері қарай істің жай-күйі 
тіпті де өзгерген жоқ. Адамды ғылым жолына итермелейтін бас-
ты фактор – еңбекақы төлеудің деңгейі емес, 
ғылымға бейімділік, 
шығармашылық дарынын көрсетуге ұмтылу.
Өкінішке қарай, 
лайықты өмірді қамтамасыз ету үшін, адамдар кейде күш-қуаттарын 
әлдебір кертартпа қызметке сарп етіп, «қосымша жұмыспен ақша 
табуға» мәжбүр болады. Ал бұл кейде жоғары оқу орнының кейбір 
қызметкерлерін моральдық ахуалды бұзып, қоғам алдында ғылым 
адамдарының әлеуметтік мәртебесін төмендете отырып, пара алудың 
қитұрқы түрлеріне баруға итермелейді.
Соңғы онжылдықта, жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай, 
қайдағы бір «академиялар» пайда болып, белгілі бір ақы үшін солар-
дың құрамына кіргісі келетін «мүше-корреспонденттердің» немесе 
«академиктердің» атағы беріліп жатыр. Соның нәтижесінде ғылымға 
танылып үлгірмеген «қайраткерлер» кенет «академиктер» болып шыға 
келеді, ал шынайы ғалымдар көлеңкеде қалып қояды, бұл да ғалым 
беделіне нұқсан келтіреді. Соған байланысты қоғамда шығармашылық 
зияткерлік еңбектің лайықты орны жайында мәселе көтеріледі.
Ал, ақыр соңында, төртіншіден, ғалымның жемісті шығармашылық 
қызметі ғылыми мекемелер дамыған 
ақпараттық қор
иелен-
ген жағдайда ғана мүмкін болады, өйткені ғылыми мамандық 
жүзжылдықтар бойы жинақталған білімдерсіз мүмкін емес.
Әлбетте, ғылымдағы жаңалықтарды тарих сахнасында туынды жа-
сап жатқан нақты 
тірі тұлғалар
ашады. Алайда ол жаңалықтардың 
маңыздылық дәрежесі, бір немесе басқа ғалым қосқан үлестің маңызын 
анықтау – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет