ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымның өркендеуі  мәселелерін жете ойластыруда  ғылыми революциялар



Pdf көрінісі
бет302/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   382
Ч.Дарвиннің
эволюциялық теориясы ғылымның өркендеуі 
мәселелерін жете ойластыруда 
ғылыми революциялар 
тұжырым-
дамасының негізін салушы бола отырып, үлкен рөл атқарды, өйткені 
өрлеу
идеясы 
өркендеу
идеясымен алмасты. Ал XX ғасырдың басын-
да жаратылыстануда орын алған тоқырау, жалпы, танымның ғылыми 
сипатына қатысты күмән келтіре отырып, бірқатар сұрақтар туғызды. 
Шындығында, әлемнің жүзжылдықтар бойы қалыптасқан ғылыми 
бейнесінің барлық негіздері өзгерсе, қандай ғылыми таным туралы 
сөз болуы мүмкін? Әлемнің Қайта өрлеу және Жаңа дәуір алыпта-
ры (Г.Галилей, Н.Коперник) құрған механикалық бейнесі көз алды-
мызда күл-талқан болды. Жоғарыда аталған факторлардың барлығы 
ғылымда ғылыми революциялар тұжырымдамаларының пайда болуы-
на келтірді. Оның жете ойластырылуына американдық ғалым 
томас 
кун
үлкен үлес қосты.
Т.Кунның пікірі бойынша, ғылымның дамуы біркелкі емес: 
белгілі бір уақыт өткенде, дамудың біртіндеп, қалыпты келе жатқан 
кезеңдері оның парадигмалық негіздерінің өзгеруіне байланыс-
ты күрт революциялық секірістерге ауысады. Неге олай болады? 
Мәселе кез келген қалыпты ғылымның белгілі бір үлгілер негізінде 
дамитындығында. Сол деп ғалым: барлық жерде бірдей қабылданған, аз 
уақытқа болса да, мәселелер мен олардың шешімдерінің парадигмасы 
солардан қалыптасатын, осы салада зерттеумен айналысатындардың 
барлығының көңілінен шығатын ғылыми жетістіктерді түсінді. Оның 
үстіне, ғылыми парадигма (кейіннен бұл терминді ол 
«тәртіп үлгілері»
деген ұғыммен ауыстырды) бәсекелестік күрес жағдайында, сондай-ақ 
қоғамның бүкіл әлеуметтік-мәдени өмірінің ықпалымен қабылданды. 
Парадигма ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын, пайда болған 
мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын айқындайды.
Алайда уақыттың әлдебір кезеңінде бар фактілердің аясын-
да бұрын алынған жаңа фактілердің түсіндірілуінде белгісіздік, 
қиындық жағдайы туады. Ол ғылыми қауымдастықтың бір бөлігінің 
іс жағдайына қанағаттанбауына әкеліп соқтырады, нәтижесінде, 
зерттеудің жаңа балама үлгілерін іздеу арқылы жеңуге болатын ғылым 
тоқырауы орын алады. Бәсекелес күресте ғылыми қауымдастықтың 
көпшілігі үшін қабылдауға тұрарлық болған тұжырымдама (ғылыми 
болжам, идея) жеңіске жетеді; содан кейін ол зерттеудің жаңа пара-


340
дигмасына айналады. Нәтижесінде, тоқырау еңсеріліп, ғылымның 
қалыпты дамуының жаңа кезеңі басталады.
Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылыми таным ғылыми 
қауымдастық санасының аясында өзгереді деп тұжыруға болады. 
Сонымен бірге ғылыми танымның мазмұны сыртқы объективтік 
шындықтың әсерімен қалыптасады.
Ғылыми таным диалектикалық тұрғыда дамиды, демек, 
өз 
дамуының бағыттылығы
және кері дамымайтын, бұрылмайтын си-
паты бар. Лобачевскийдің немесе Риманның геометриясының Ев-
клидов геометриясынан бұрын пайда болғанын көзге елестету қиын. 
Сонымен қатар қазіргі заман білімі тұрғысынан алғанда, біз Евкли-
дов геометриясының заттардың кеңістіктік сипатын «қарапайым 
өлшеуде» қарабайыр екенін түсінеміз. Евклидов геометриясы бойын-
ша, бір нүктеден екіншісіне қарай бір ғана параллель сызық жүргізе 
аламыз, ал үшбұрыштың үш бұрышының қосындысы 180 градусқа 
тең. Лобачевскийдің геометриясы бойынша, бір нүктеден екіншісіне 
қарай бірнеше параллель сызық жүргізуге болады, ал үшбұрыштың үш 
бұрышының қосындысы 180 градустан кем. Ал Риманның геометрия-
сында – бәрі керісінше.
Бұл айтылғандар ғылымдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет