ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет327/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   382
салыстырмалылық теория
-
сын
құрды. Ол М.Планк идеяларын Күн сәулелерін зерттеуде пайда-
ланды және электр-магниттік сәулелердің де кванттық табиғаты бар 
екені туралы қорытынды жасап, оларды 
фотондар
деп атады. Сөйтіп, 
Күн сәулелері жаңбыр құсап, жерге топ-топ болып түседі екен. Ал 
сәулелердің әртүрлі түстердегі реңктеріне келсек, олар энергия заряд-
тары бойынша ажыратылатын кванттар болып шықты.
Бірақ, екінші жағынан, кезінде Х.Гюйгенс интерференция және диф-
ракция бойынша тәжірибелер жүргізу арқылы жарықтың толқындық 
табиғатын дәлелдеген. Сөйтіп, Күн сәулелерінің ішқі қайшылығы 
анықталған: бір жағынан, олар 
кванттар, бөлшектер
болса, екінші 
жағынан, 
толқындар
екен. Бұны сол заманғы физиканың ұлы жетіс-
тіктерінің бірі деп санауға болады.
Француз физигі Луи де Броль жоғарыда аталған идеяларды қолдап, 
сәулелер мен жай бөлшектер ғана емес, сонымен қатар, тұтастай 
алғанда, Ғаламның барлық денелерінің корпускулярлық табиғаты бо-
латыны туралы қорытынды жасады. Әдебиетте ол 
корпускулярлық-
толқындық дуализм
деп аталады. 
Бір нәрсе айқын болды: әлемнің 
механистік
бейнесі арқылы 
микроәлемде
болып жататын үдерістерді сипаттау 
мүмкін емес
.
Корпускулярлық-толқындық дуализм тұжырымдамасын ары қарай 
тереңдете түскен В.Гейзенберг 
(белгісіздік арақатынасы)
және Н.Бор 
(қосымшалық қағидасы)
болды.
В.Гейзенберг мынадай қорытындыға келеді: егер біз кез келген жай 
бөлшектердің қозғалысын зерттемек болсақ, онда біз оны механиканың 
айқын (классикалық) заңдары негізінде жүзеге асыра алмаймыз. Меха-
ника заңдарына сәйкес, егер біз дененің координаттары мен импульсін 
білсек, онда біз келесі мезетте болатын болжалды орны мен уақытын 
шамамен айта аламыз. Бірақ жай бөлшектің координаты мен импульсін 
бір мезгілде анықтай қойғымыз келсе, онда шешімі жоқ мәселеге тап 
боламыз. 
Егер біз жай бөлшектің координатын анықтасақ, онда оның 
импульсі белгісіз болып қалады, ал егер импульсті анықтасақ, онда ко-
ординатты жоғалтамыз.
В.Гейзербергтің ойынша, бір мезгілде жай 
бөлшектің координаттарын да, импульсін де анықтау мүмкін емес. 


369
Тәжірибе жасау барысында жай бөлшектің орны анықталса, сол бойда 
оның қозғалысы бұзылады да, ол ғайып болады.
Механика заңдары тұрғысынан алғанда, бұл жағдай ақылға 
қонымсыз болып көрінеді. Бірақ бұл жерде мына жағдай ескерілмеген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет