ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


қойнауларында  адасып  қалып,  сонымен  бірге  біз  өзімізді  де



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47

қойнауларында  адасып  қалып,  сонымен  бірге  біз  өзімізді  де 

жоғалтып алмаймыз ба? Климаттың қазіргі заман адамының көз ал-

дында  болып  жатқан  өзгерістері,  әлі  де  күн  тәртібінен  түспей  тұрған 

термоядролық  ақырзаманның  болуы  мүмкіндігі  және  басқа  да  теріс 

факторлар осыны көрсетіп тұрған жоқ па?

Алайда  қайтадан  ғылыми  таным  деңгейіне  оралайық.  Жоғарыда 

аталғандармен  бірге,  әдебиетте  шындықты  танып  білудің  үшінші  – 



метатеориялық  (бір  немесе  басқа  теориялық  құрылыстардың 

шектерінен  асып  кететін)  деңгей  танылады.  Бір  жағынан,  жалпы-

ғылыми  білім  туралы,  екінші  жағынан,  қазіргі  заман  ғылымының 

философиялық, мейлінше жалпы негіздері жайында сөз болып отыр.

Жалпығылыми білімдер туралы сөз болғанда, біз әлемнің жеке 

ғылыми да, жалпығылыми да көрінісі болатынын айтамыз. Екіншіден, 

білімнің  гносеологиялық  (танымдық),  логикалық,  әдістемелік, 

құндылықтық  негіздері  ескеріледі.  Танымның  үшінші  деңгейінің 

маңызы  логика  мен  математикада  айқын  көрінеді.  Қазіргі  заманғы 

ғылымда  метаматематика  және  металогика  деп  аталатын  мүлде 

жаңа  пәндер  пайда  болды.  Олар  әртүрлі  математикалық  және 

логикалық  теориялардың  толықтығын  және  бір-біріне  сәйкестігін, 

алға  шығарылған  тұжырымдардың  және  басқаларының  тәуелсіздігін 

зерттейді.  Әлеуметтік-гуманитарлық  пәндерде  метатеориялық 

білімдер  алға  тартылып  отырған  бір  немесе  басқа  жалпығылыми 

тұжырымдамалар түрінде болады. Дегенмен бүгінгі таңдағы ғылымда 

бәрін қамтитын ауқымды метатеориялық білімге әлі қол жеткен жоқ.

Жеке  ғылымдар  құруға  ұмтылатын  ғылыми  көрініс  туралы  ай-

тар  болсақ,  олар,  әлбетте,  олардың  іргелі,  маңызды  жетістіктерін 

қорытындылау негізінде қалыптасады. Ғылым дамуының классикалық 

кезеңінде, мысалы, әлемнің физика мен механиканың іргелі жетістіктері 

негізінде  жүзеге  асырылған  табиғи  көрінісі  басымдық  алған.  Оның 

негізінде  төмендегі  постулаттар,  яғни  дәлелдеусіз  қабылданатын 

негізгі пікірлер жатқан-ды:



308

а) әлемде бір-бірінен бөлінген есепсіз көп заттар өмір сүреді; олар 



әртүрлі  күштерге  (тартылыс,  тебу  және  т.с.с.)  бола,  бір-бірімен 

өзара байланысқан;

ә)  әлемде  болып  жататын  барлық  үдерістер  дара  кеңістік  пен 



уақыт шектерінде жүзеге асырылады;

б) әлемдегі барлық өзгерістер бірбағытты заңдылықтар негізінде 



орын алады;

в) бір дененің басқа денеге әсері шапшаң болады;

г) әлемде барлығы да қажеттілікке бағынады, кездейсоқтық – әлі 

де терең танылып болмаған құбылыс.

Бұл постулаттардың барлығының да И.Ньютонның механикасынан 

шыққанын түсіну қиын емес.

Әлемнің  жалпығылыми  көрінісіне  келсек,  әдетте,  оның  негізінде 

әлемнің  басымдық  алған  бір  немесе  басқа  жеке  ғылыми  көрінісі 

жатқанын  көреміз.  Ньютон  физикасы  мен  механикасының  жоғарыда 

аталған постулаттарын сол заманның ғылымы әлемнің жалпығылыми 

көрінісі  ретінде  таныған.  А.Эйнштейннің  салыстырмалылық 

теориясының  классикалық  емес  жаратылыстануында  да  физи-

ка  аясында  жасалып  шығарылған  кванттық  механика  постулат-

тары  әлемнің  жалпығылыми  көрінісінің  негізіне  алынған.  Шын 

мәнінде,  әлемнің  ғылыми  көрінісінде  ғылыми  жаратылыстану  және 

әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық көрнекті жетістіктері 

қорытындыланған, бұл енді философияның ерекше құқы, басымдығы 

болып табылады.

Метатеориялық  білімнің  гносеологиялық  көзқарастары  әртүрлі 

ғылымдар  аясында  жасалып  шығарылған  таным  ұстанымдарын 

біртұтас  жүйеге  келтіруге  байланысты.  Мысалы,  сәйкестік  пен 

қосымшалықтың,  физикада  жасалған  бақылау  нәтижелерінің  таным 

ахуалына тәуелділігінің, ғылыми теорияларды математикада толықтай 

түрге  келтірудің  мүмкін  еместігінің  ұстанымдары  қазіргі  заманғы 

метатеориялық құрылымдарда кеңінен пайдаланылады.

Метатеориялық  білімде  оның  аксиологиялық  (құндылықтық) 

көзқарастарына  ерекше  маңызды  рөл  бөлінеді.  Егер  ғылымның  ішкі 

құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі, 

жүйелілігі  және  т.с.с.  жатқызылса,  ал  сыртқы  құндылықтарына 

алынған  білімнің  пайдалылығы,  тиімділігі,  қоғамның  зияткерлік 

әлеуетінің артуы және т.б. жатады.

Метатеориялық  білімнің  философиялық  негіздемелері  тура-

лы  айтқанда,  ғылым  ғылыми  қауымдастықтың  тұтқынына  түсіп 



309

қалатын  кезекті  метафизикалық  жүйе  құрудан  сақтандыра  отырып, 

философияның  білімнің  жалпығылыми  жиынтығына  араласуына 

позитивизмнің қарсы шығатынын атап өткен жөн.

Екінші  бір  көзқарас,  керісінше,  философияның  маңыздылығын, 

әсіресе  ғылым  тоқырауы  және  жаңа  әдістемелік  негіздемелер  іздеу 

кезеңдеріндегі  маңыздылығын  баса  көрсетеді.  Бірақ  тоқыраудан 

шыққаннан  және  зерттеудің  жаңа  жүйелерін  құрғаннан  кейін, 

ғылымның  философиялық  негіздемелері  өзінің  айқындаушы  рөлінен 

айырылады.

Философия болмыстың мейлінше жалпы заңдылықтарын зерттейтін 

болғандықтан,  жеке  ғылымдардың  жетістіктерін  қорытындылау 

арқылы ғана ол өз мақсаттарына жете алмайды. Екінші жағынан, фило-

софия постулаттарына сүйене отырып, қисынды жолмен жеке ғылымдар 

қағидаларын  туғызу  мүмкін  емес.  Алайда  ғылымның  философиялық 

негіздемелерінсіз  біз  білімдер  мен  мәдениет  арасындағы  жалғаушы 

жіпті  үзіп  алуымыз  мүмкін.  Зерттеудің  жаңа  ғылыми  теорияларын, 

үлгілері  мен  амалдарын  құру  барысында  мәдениеттің  тұтастығын 

естен шығармаған абзал.

Енді  қиын  мәселелерден,  ғылыми  жорамалдардан,  теория  мен 



заңдардан тұратын теориялық білім құрылымын қарау қажет.

Таным  үдерісінде  зерттеуді  әлдебір  тежеу,  абыржу,  түсініксіздік 

сезімі  билейтін  жағдайлар  туады.  Сол  уақытта  қиындық  пайда  бола-

ды. Оны шешкенше, адамның мазасы кетеді. Сондықтан қиындықты 

кейбіреулер  білмейтінді  білу  деп  айқындайды.  Бұл  жағдайдың 

негізінде  әртүрлі  себептер  жатады.  Бұл  зерттеліп  жатқан  әлдебір 

құбылыс бойынша әртүрлі екі пікір немесе ғылымдағы ескі теория мен 

жаңа  ашылған  фактілер  арасында  қарама-қайшылықтар  туған  кезде 

орын алуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда шешім көбінесе мәселенің 

өзінің  дұрыс  қойылуына  байланысты  болады.  Ол  үшін  жиналған 

барлық  ғылыми  фактілерді,  ұсынылып  отырған  ғылыми  болжамдар 

мен  тұжырымдарды  қайтадан  мұқият  қарап  шығып,  мәселенің  өзінің 

мәнін айқын ұғыну керек. Бірақ шешілген мәселенің зерттелуші нысан 

туралы көзқарастарға терең бойлауға ғана келтіретінін емес, сондай-ақ 

жаңа көзқарастарды да тудыратынын әрқашан есте ұстау қажет.

ғылыми  болжам  зерттеліп  жатқан  зат  немесе  құбылыстың 

себебіне  қатысты  белгілі  бір  ғылыми  фактілерді  зерттеу  негізінде 

жасалған  жорамал  болып  табылады.  Ол  өзінің  дәлелді  негізін  талап 

етеді. Алайда кейбір ғылыми болжамдар зерттеліп жатқан нысанның 

себебін  анықтаудың  нақ  осы  мүмкін  еместігіне  байланысты  пайда 


310

болады. Мысалы, ғылымда бірнеше ғана таңданарлық нәрселер бола-

ды.  Бұл,  бәрінен  бұрын,  –  біздің  алдымызда  жайылып  жатқан  шексіз 

Әлемнің,  өмірдің,  «ақыл  берілген  адамның»  өзінің  бар  байлығы  мен 

ұлылығының шығу тегіне байланысты мәселелер.

Егер  біз  аталған  мәселелердің  діни  шешімін  жақшаның  сырты-

на  шығарсақ,  онда  материалистік  философияның  өмір  сүріп  жатқан 

әлемнің  мәңгілігін  мыңжылдықтар  бойы  дәлелдеп  келгенін  көреміз. 

Алайда  мәселенің  қиындығы  бұл  әлемде  мәңгі  болуы  мүмкін  бірде-

бір заттың немесе құбылыстың жоқтығында жатыр. XX ғасырдың 70 

жылдарында  астрофизиктер  «Үлкен  жарылыс»  (Grand  Explosion)  ту-

ралы ғылыми болжамды ұсынды. Ол бұл әлемнің вакуумның «үлкен 

жарылысы»  нәтижесінде  пайда  болғаны  жайындағы  жорамалды  алға 

тартып, оның мәңгілігін теріске шығарады. Осы ғылыми болжамның 

көмегімен  «инфрақызыл  сәуленің  орын  ауыстыруы»  деп  аталатын 

«ұлғаюшы Ғалам» себебін пайыммен түсіну мүмкін болды. Көп мил-

лиард жылдардан кейін ішкі тартылыс күші нәтижесінде бұл әлемнің 

кері  тартылу  үдерісі  басталады  да,  ол  жоғалады,  бірақ  кейін  жаңа 

«Үлкен жарылыс» Ғаламның жаңа үлгісін тудырады. Ең таңғаларлығы, 

осы  көзқарастар  пайда  болғанның  алдында  120  жыл  бұрын  соларға 

ұқсас  идеяларды  орыс  теософы  Е.Блаватская  өзінің  «Құпия  доктри-

на» атты кітабында баяндаған.

Ал өмірге қатысты айтсақ, оның пайда болуы жайындағы көптеген 

жорамалдардың  ішінен  біздің  көңілімізге  қонымдысы  –  академик 

В.Опариннің «коацерваттық» ғылыми болжамы. Оның мәні: мұхиттың 

көптеген тұздар еріген бастапқы «жылы сорпасында» күн сәулелерінің 

көмегімен  есепсіз  химиялық  реакциялар  орын  алып,  олар  ақыр 

соңында белок қосылыстарының пайда болуына келтірді.

Адамның пайда болуы жайындағы ғылыми болжамдарды кейінірек 

қарайтын боламыз.

Жоғарыда  келтірілген  ғылыми  болжамдарды  теорияға  айналдыру 

өте қиын, өйткені олардың тамырлары миллиардтаған жылдарға кетеді. 

Бірақ  егер  біздің  алдымызда  жатқан  табиғат  пен  қоғамның  әлдебір 

үдерістері  туралы  ғылыми  болжамдарды  алатын  болсақ,  олардың 

шынайылығы  ерте  ме,  кеш  пе,  тексеруге  түседі,  өйткені  өмірдің  өзі 

олардың  бірқатарының  жалған  екенін  көрсетеді.  Мысалы,  флогистон 

немесе  эфир  идеясы  ғылымның  дамуына  орай  өзінің  жетілмегендігін 

байқатты және санаттық (ұғымдық) мәртебесін жоғалтты.

теория  деп  шынайы  екендігі  тәжірибемен  дәлелденген,  бір-біріне 

қайшы келмейтін, өзара байланысты ұғымдарда зерттелетін заттың не-



311

месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал 

ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің 

«эволюциялық  теориясын»,  К.Маркстің  «қоғамдық-экономикалық 

құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.

Теорияның  негізгі  қызметтері  –  түсіндіру,  болжау,  тәжірибеде 



көрсету.

Кез  келген  теория  –  нысанның  ойша  берілген  үлгісі,  сол  себепті 

адам оның маңызын терең түсіне де, түсіндіре де алады.

Жақсы  әзірленген  теория  нысанның  болашақ  ахуалын  болжауға, 

осы  уақытқа  дейін  жасырын  болып  келген  сапалары  мен  қасиеттерін 

ашуға көмектеседі.

Мысалы,  Д.И.Менделеевтің  «Химиялық  элементтер  жүйесі» 

құрылған  соң,  ғалымдар  соған  сүйене  отырып,  бірқатар  жаңа 

элементтерді ашуға қол жеткізді.

Теория 


біздің 

танымдық 

қызығушылығымызды 

ғана 


қанағаттандырып  қоймайды.  Оның  басты  мақсаты  –  іс  жүзіндегі 

әрқилы  міндеттерді  шешу.  Мысалы,  ғалымдар  құрған  ішкі  ядролық 

үдерістер теориясы АЭС құрылысын салуға жеткізді.

заң  зерттелуші  нысанның  ішкі,  қажетті,  маңызды,  қайталанба-

лы және тұрақты байланыстарын білдіреді. Ғылымның әр саласы өз 

заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне 

көтеруге тырысады.

Сөйтіп,  ғылымның  негізгі  мақсаты  –  ол,  біріншіден,  жаңа 



білімдерді  тудыру  және  адамзат  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

мақсатында  оларды  іс  жүзінде  пайдалану,  екіншіден,  ғылымдардың 

жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде әлемнің ғылыми 

бейнесін  (әғб)  құру.  Осы  негізде  адамдардың  дүниетанымы  қалып-

тасады.  Әлбетте,  ғылымның  дамуына  орай  ӘҒБ  да  өзгерістерге 

ұшырайды.

Ғылымға  жақын  техника  ұғымы  (грекше  –  «techne»)  алдымен 

өнерлілік,  шеберлік  мағынасында  қолданылды.  Қазіргі  заманға  сай 

мағынасында  техника  деп  қоғамда  қолданылатын  әртүрлі  құралдар 

түсініледі.  Ф.Энгельсті  еске  түсірейік:  адам  өзінің  шығу  тегі  үшін 

еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала-

нылуына қарыздар.

Кейінгі  жылдары  біз  «техника»  сөзіне  қарағанда,  «техноло-

гия»  сөзін  көбірек  қолданатын  болдық.  Үйреншікті  сана  деңгейінде 

олар  теңмағыналы  ретінде  қолданылады.  Алайда  олардың  арасында 

айырмашылықтар  да  бар.  Егер  біз  техникаға  әртүрлі  материалдар-


312

дан  жасалған  барлық  құралдарды  жатқызсақ,  онда  технологияға  бір 

немесе  басқа  жасанды  заттарды  әзірлеудің  тәсілдері  мен  тәртібін 

жатқызамыз.  Ал  бұл  бізді  гректің  «технесіне»  кері  бұрады.  Жоғарғы 

технология негізінде әзірленген зат сапалырақ болады.

Технология  түсінігі  алдымен  өндірісте  пайда  болып,  содан  кейін 

кеңірек  тарала  бастады  да,  біз  бұл  түсінікті  қоғамның  тіршілік 

қарекетінің  басқа  салаларында  қолдана  бастадық.  Мысалы,  қазіргі 

заманғы  саясатта  «пиар-технологиялар»  деп  аталатындар  кеңінен 

пайдаланылады,  өйткені  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  бір  не-

месе  басқа  мәселеге  қатысты  қоғамдық  пікірдің  қалыптасуы  тиісті 

«ақпараттық  технологияны»  қажет  етеді,  педагогикада  біз  оқытудың 

«кредиттік  технологиясы»  туралы,  денсаулық  сақтау  саласында 

«медициналық технологиялар» жайында және т.б. айтамыз.

Ал  енді  адамның  негізгі  еңбек  қызметтерін  қисынды  түрде  қайта 

құрып көрейік. Кез келген затты жасау үшін, шикізат тауып, оны өндіріс 

орнына  жеткізу  (көлік)  қажет,  содан  кейін  ол  шикізатты  өңдеп,  оған 

ойластырылған  пішін  беру  (технология)  керек,  осының  бәрі  белгілі 

бір күш (энергия) шығындауды қажет етеді, осы аталғандарды шешім 

қабылдаусыз  және  оған  қадағалау  жүргізусіз  (бақылау)  іске  асыру 

мүмкін  емес.  Алыс  тарихымыздың  басында  адам  осы  іс-әрекеттердің 

барлығын  өзі  орындады.  Бірақ  уақыт  өте  келе,  жан-жануарларды 

үйрету  арқылы  оларды  көлік  құралы  ретінде  пайдалана  бастады. 

Тұрғын  үй  құрылысында  ауыр  тастарды  жоғарыға  көтеріп  шығару 

қажет болды, ол үшін адам барлық мүмкін болатын құралдарды ойлап 

тапты,  содан  кейін  олардың  ішкі  мәнін  ашты,  сөйтіп,  механика  бас-

таулары  пайда  болды.  Техниканың  қалыптасуындағы  маңызды  кезең 

болып алғашында жел диірменінің, соңынан су диірменінің шыққаны 

саналды.  Адам  су  доңғалағын  ойлап  тауып,  енді  су  ағынының  энер-

гиясын  пайдалана  бастады.  Бұның  маңызын  асыра  бағалау  мүмкін 

емес,  өйткені  алғашқы  технологиялық  машина  пайда  болды.  Онда 

қозғаушы  күш,  күш  беру  құрылғысы,  жұмыс  механизмдері  бірге 

берілді. Ғасырлар бойы осылардың барлығы бірте-бірте бір-бірлерінен 

алшақтады:  қозғаушы  механизмдер,  күш  беру  құрылғысы  және 

технологиялық машиналар енді бөлек-бөлек өмір сүре бастады. XVIII 

ғасырда  технологиялық  машиналар  жасауда  нағыз  төңкеріс  орын 

алды: жіп иіру және тоқыма машиналары дүниеге келді. Су буының 

энергиясын  пайдалануға  негізделген  қозғаушы  механизмдер,  ақыр 

соңында, үлкен өндірістердің – фабрикалар мен зауыттардың пайда бо-

луына жеткізді.



313

XX  ғасырда  электр  қозғалтқыштары  пайда  болып,  көлемінің 

шағындығына  бола,  олар  бір  немесе  басқа  машинаның,  механизмнің 

бір бөлшегіне айналып, техниканың ары қарай жетілуіне келтірді.

Алайда қандай машина жасалса да, оны басқаруды және бақылауды 

адамның  өзі  жүзеге  асырып  отырды.  Бірақ  көп  кешікпей,  мұнда  да 

алға ілгерілеу орын алды: автоматтандырылған кәсіпорындар шығып, 

оларда өндіріс үдерісін бақылауды компьютер жүзеге асыратын бол-

ды.  Мысалы,  қазіргі  заманғы  автозауыттарда  кузов  құрастыру,  бояу 

жұмыстары роботтар мен автоматтарға берілді.

Бүгінгі  күні  компьютер  техникасының  дамуы  қажетті  ақпаратты 

шапшаң таңдауға, оны жүйелеуге, түрлерге бөлуге және т.б. мүмкіндік 

береді,  сол  арқылы  өндірісте  өзгерістерге  байланысты  жедел  әрекет 

ету,  тиісті  шешімдерді  жылдам  қабылдау  және  оларды  іске  асыру 

мүмкін болады.

Сөйтіп,  әлемдік  тарихта  ғасырлар  бойы  адамның  негізгі  еңбек 

қызметтері  қоғамда  өзінің  ерекше  орнын  алған  машиналарға  беріліп 

келді.  Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамуы  кейінгі  уақытта  «Үлкен 

жарылыс» дегеннің теориясын еске түсіреді. Автоматтандырылған за-

уыттар, аса ұшқыр ұшақтар, әлемдік телевидение, интернет, ұялы бай-

ланыс  және  басқалары  енді  адамды  таңғалдыра  алмайды.  Ғылымда 

адамзаттың  болашағы  әлдеқайда  сенімді,  келешекте  оның  барлық 

мәселелері ғылыми-техникалық даму жолдарында оңай шешіледі деп 

санайтын сциентизм (лат. scientia – ғылым) пайда болды.

Алайда шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтар соншалықты 

терең  емес  пе.  XX  ғасырдың  70  жылдарында  ғылыми-техникалық 

өрлеудің  оң  салдарларымен  қатар,  теріс  зардаптары  да  (климаттың 

өзгеруі,  қоршаған  ортаның  бұзылуы,  адамның  техника  құлына  айна-

луы және т.с.с.) сезіле бастады. Өзінің технопессимизмімен бірге ан-

тисциентизм пайда болды. Оны жақтаушылар ғылымның адамзат иге-

ре алмайтын, бөтелкеден шығарылған жын екеніне сендірмек болады.

Олай  болса,  ары  қарай  не  істеу  керек?  Мүмкін,  табиғаттың  бала-

сы болған, табиғатпен жарасымды өмір сүруді білген баяғы замандағы 

көшпенді  ата-бабаларымыздікі  дұрыс  шығар?  Бірақ  олай  ойлау  – 

жастық шақтың романтизмі бұғауынан шықпау деген сөз. ғылым мен 



техниканың  өркендеу  үдерісін  тоқтату  мүмкін  емес.  Тығырықтан 

шығудың жалғыз жолы – ол озық жетістіктерді өмір саласына енгізу 

барысында стратегиялық тұрғыда мүмкін болатын теріс зардаптарды 

егжей-тегжейлі сараптаудан өткізу болмақ. Ал ол бүкіл жұртшылық 

білімінің,  әсіресе  гуманитарлық  дайындығының  жоғары  деңгейін 

қажет етеді.


314

Осыған  байланысты  атап  өтуге  тиістінің  ең  біріншісі  –  білімдер 

көлемінің шапшаң артуы. Егер біздің дәуіріміздегі білімдер санының 

еселенуі I ғасырдан бастап 1750 жылға дейін орын алса, ал кезекті ар-

туы 1750-1900 жылдары, ал XX ғасырдағы өркендеуі бар-жоғы 50 жыл 

ішінде болды. Бүгінгі күні Жердің метрлік ауқымдағы радио сәулелері 

Сатурн  және  Юпитер  секілді  планеталарды  басып  озып,  ғарыштан 

бақылау жасауға мүмкіндік берген жетістіктерге жетті. Жазу-сызудың 

пайда болуы арқылы адамзат ақпараттар мен білімдерді берудің және 

сақтаудың  тиімді  құралына  ие  болды.  Кейіннен  адамның  «сүйікті 

досы» – кітап пайда болды. Ал XX ғасырда радио, телефон, телевиде-

ние, интернет және т.с.с. электрондық құралдар ақпараттардың орасан 

үлкен  көлемінің  және  олардың  таралуының  шапшаң  өсуіне  жеткізді. 

Дамыған елдерде бүгінгі таңда материалдық өндірісте халықтың бар-

жоғы  24-26%-ы  қамтылса,  ал  рухани  салада  36-38%-ы  қамтылған. 

Ақпараттық  қызмет  көрсету  экономиканың  жалпы  көлемінің  жарты-

сынан көбін құрайды. Сөйтіп, ақпарат тауардың ең құнды түрлерінің 

біріне  айналды.  Оның  бір  ғажап  ерекшелігі  мынада:  егер  сіздің  100 

пар туфлиіңіз болып, нарықта соның жартысын сатсаңыз, сізде әлі 500 

пары  қалады.  Бірақ  егер  сіз  1000  бит  (көлем  өлшемі.  –  Аудармашы) 

ақпарат сатсаңыз, оған ақша аласыз, оның үстіне, сіздің қолыңызда осы 

1000  бит  ақпаратыңыз  тағы  қалады.  Олай  болса,  бүгінгі  таңда  алтын 

да, ақша да, табиғат байлықтары да негізгі капитал емес, ол – адамның 

қабілеттері,  табиғи  дарындары,  оларды  тұлғаның  шығармашылық 

әлеуетін дамыту мақсатында жетілдіру. Ал ол үшін елдегі білім беруді 

сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.

Кез келген елде білім беру жүйесі екі нәрсені қамтуға ұмтылады: 

біріншіден,  өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  уақыт  талабына  сай  келетін 

кәсіби білімдер беру, яғни әртүрлі салалар бойынша әлемде бар жаңа 

технологияларға үйрету, екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді 

оқыту арқылы тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыру. 

Кеңес заманы тұсында басты назар әр тұлғаның азаматтық ұстанымына 

аударылып, арнаулы кәсіби білімдерге көп көңіл бөліне қоймады.

Бүгінгі  күні  білім  берудің  гуманитарлық  құрамдас  бөліктері 

жылдан-жылға азайып, керісінше, кәсіби пәндердің саны артып келеді. 

Бұл  біржақты  дайындықта  жетілген,  өзінің  тар  кәсіби  саласын  ғана 

білетін маман болып шығуға әкеліп соқтырады. Егер қазіргі заманғы 

батыстық стандарттарға мұқият қарасақ, дамыған елдерді тұралатқан 

рухани-адамгершілік  тоқыраудың  білім  берудегі  гуманитарлық  са-

ланы  жете  бағаламаудың  салдары  болғанын  байқау  қиын  емес.  Осы 



315

саладағы  жалаңаш-жалпы  технократизм  үміт  күткен  нәтижелерге 

жеткізбейді.

Әлбетте,  білім  беру  жүйесі  бір  орында  тұрмайды,  ол  тұрақты 

өзгерісте  болады,  әсіресе  оқу  орындарын  компьютерлермен,  элек-

трондық  оқулықтармен,  тестілермен,  басқа  да  мультимедиалық  оқу 

құралдарымен  жабдықтау  орын  алады.  Бірақ  кез  келген  елде 

мыңжылдықтар  бойы  өзгермеген  бір  нәрсе  бар:  ол  –  мұғалімнің, 



Ұстаздың,  Оқытушының  білім  беру  үдерісіндегі  шешуші  рөлі. 

бірде-бір  техникалық  құрал  Оқытушы  тұлғасын  ауыстыра  ал-

майды. Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті оқытушылық 

қызметтің мәртебесін көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін 

ары қарай дамытып, жақсартуға болады.



1.4. ғылыми таным әдістері

Әлемдік  тарихтың  бастамасында,  сана-сезімі  оянған  кезден-ақ, 

адам  өзін  қалған  әлемнен  бөлектей  бастады  және  сонымен  бірге 

табиғаттағы әрбір заттың ерекше дара тіршілік ететінін байқады. Бұл 

бастапқы  тәжірибе  заттардың,  табиғат  құбылыстарының  атауында 

бекіп,  ерекше,  дара  ретінде  қаралатын  болды.  Өзінің  бөлек  тіршілік 

етуін  түйсінумен  қатар,  тамақ,  баспана,  қорғаныс  іздеу  және  ол 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  барысында  адам  қоршаған  әлемдегі 

заттармен өзінің байланыстылығын көрді, қоршаған ортадағы жеке-

леген заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты байқай бастады.

Алғашында ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланған 

заттар  оған  ғажап,  қайталанбас,  бұрын  ешқашан  кездеспеген  заттар 

болып  көрінді.  Ол  заттар  оның  қажеттіліктерін  өтейтін  болған  соң, 

олар  оның  санасында  сақталатын  болды.  Алайда  ары  қарай  ол  сол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет